Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 24. «Дене шынықтыру»


«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық»



бет10/12
Дата27.08.2022
өлшемі143,92 Kb.
#148269
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Стандарт
6 с қазақ т 22.09.2022ж, Ата аналар жиналысы, 6 с қазақ т 20.09.2022ж, 9 с әдебиет 09.09.2022ж, Оқу және тіл дамыту, Ата аналар жиналысы баяндама, 135 ЖОББМ Эссе. Бауыржан М.Б.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық»:
1) әскери іс, белгілеу, ұйымдастыру құрылымы, штаттық қаруландыру және техника негіздерін, төменгі тактикалық буын бөлімшесінің мүмкіндіктерін, бағдарлау құралдарын қолдануды, робототехника және IT-технология негіздерін, Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысын ұйымдастыруды; қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолданғанда, лаңкестік қауіп-қатерді және табиғи апатты хабарлау барысында әрекет ету тәртібін; табиғи апаттардың сипаттарын, зақымдау ошақтарында құтқару және апаттан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарын шұғыл ұйымдастыруды; штаттық қаруды, қорғанудың дербес және ұжымдық құралдарының, радиобелсенді және химиялық бақылау құрылғыларының атқаратын қызметін, құрылысы мен қолдану тәртібін, сондай- ақ, тұрғындарды эвакуациялау және жергілікті жерде орналастыруды ұйымдастыру және өткізу тәртібін; алғашқы медициналық көмектің міндеттері мен түрлерін, жолда жүру ережесін біледі;
2) әскери іс, робототехника және IT-технология негіздерін, ядролық, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) қарулардың және басқа да адамдарды зақымдаудың қазіргі заманғы құралдардың әсер ету ерекшеліктерін, оларды қолданудағы шаруашылық нысандарына, қоршаған ортаға және экологияға тигізетін әсерін; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың салдары мен залал келтіруі мүмкін экономикалық және экологиялық шығынын түсінеді;
3) орын алған әртүрлі жағдаятта соғыс алаңында солдаттың рөлінде, радиациялық және химиялық бақылау жүргізу бекетінің құрамында барлаушы ретінде әрекет етуді; штаттық қаруды, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын, жараланғанда, қан кеткенде, күйік шалғанда және үсік шалғанда, күн өткенде, электрлі жарақат алғанда, суға батқанда алғашқы медициналық көмек көрсетуді; дененің түрлі бөліктері жараланғанда байлап, таңуды; дененің түрлі бөліктерінде сынықтың ашық және жабық түрі бойынша алғашқы медициналық көмек көрсетуді; интернет байланысты, аудио-визуалды технологияларды пайдаланады, автомобиль көлігін жүргізудің теориялық негіздерін, робототехника дағдыларын меңгереді, сандық фото және бейне жабдықтарды қолданады;
4) зақымдаудың қазіргі заманғы құралдарын қолданғанда туындауы мүмкін тосын жағдайды; табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайдың салдарын талдайды;
5) зақымдаудың қазіргі заманғы қаруын қолданғанда туындауы мүмкін тосын жағдайда әрекет ету алгоритмін; табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай туындағанда әрекет ету алгоритімін жинақтайды;
6) қабылданған шешімнің салдарын бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет