«Қазақ тілі мен әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін)/ «Орыс тілі мен әдебиеті» (оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін)
«Қазақ тілі мен әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін)/ «Орыс тілі мен әдебиеті» (оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін): 1) тыңдалым:
білім алушы қарым-қатынастың әртүрлі аяларындағы мәтіндердің мазмұнын, коммуникативтік ниетін, сонымен қатар, сөйлеушінің әлеуметтік және эмоционалды-экспрессивті сөйлесім ерекшеліктерін толық түсінеді; ақпаратты сыни тұрғыдан түсіну деңгейінде қабылдайды; тыңдалған мәтінді айқындылығы мен бейнелілігі жағынан бағалайды;
2) айтылым:
дәлелді монологтік немесе диалогтік сөз дайындай отырып, коммуникативтік мақсатқа сәйкес түрлі тіл құралдарын тиімді қолданады; көркем шығармалардың тақырыбы бойынша пайымдайды, шығарма кейіпкерлеріне және олардың әрекеттеріне деген өзінің қатынасын білдіреді; әртүрлі айтылған сөздерді сыни тұрғыдан бағалайды; тіл нормаларын, сөйлеу тәртібі мен әдеп нормаларын сақтайды; проблеманың себептері мен салдарларын болжайды; мәселелерді шешу жолдарын ұсына отырып, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, адамгершілік- рухани, патриоттық, тарихи-мәдени дамуымен байланысты идеяларды жинақтайды;
3)оқылым: жасырын мағынасын таба отырып, тұтас және тұтас емес мәтіндердің мазмұнын толық түсінеді; мәнмәтіннен таныс емес сөздердің мәнін анықтайды; оқытылатын тақырыптар шеңберінде академиялық мәтіндердің ерекшеліктерін айқындайды; түрлі дереккөздерден алынған ақпараттарды іріктейді; көркем шығармаларда және фольклорда қазақтың және өзге де ұлттардың өнегелік идеалы туралы түсінігін талдай отырып, әдебиет туындыларын өнердің басқа түрлеріндегі бейнесімен салыстырады; қойылған міндеттерге байланысты оқылымның әртүрлі стратегияларын қолданады;
4) жазылым:
тақырып, мақсат, мәселелер және тілдесу жағдаятына сәйкес орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтай отырып, түрлі типтегі және стильдегі мәтіндерді құрастырады; алынған ақпаратты зерттеу және жинақтау негізінде түрлі тақырыпта тұтас немесе тұтас емес мәтіндер құрайды; мәтіндерге әртүрлі жоспарлар құрастырады; мәдениет пен тілдің көпқырлылығы, патриотизм және тұлғаның рухани-адамгершілік дамуы мәселелерін қарастыра отырып, көркем әдебиет шығармалары бойынша шығармашылық жұмыстар жазады; ойы мен сезімін анағұрлым дәлме-дәл жеткізу үшін көркемдеу құралдарын – троптар мен стилистикалық тәсілдерді қолданады.