Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 24. «Дене шынықтыру»



бет9/12
Дата27.08.2022
өлшемі143,92 Kb.
#148269
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Стандарт

«Дене шынықтыру»:
1) дене шынықтыру жаттығуларын орындау барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін; әртүрлі бағыттылығы бар дене жаттығулары сабақтарының кешенін, қозғалыс қимылдарын орындаудағы ереже мен техниканы; дене жаттығуларының биодинамикалық ерекшеліктері мен мазмұнын, денені дамыту және денсаулықты нығайту міндеттерін шешуде оларды қолдану негіздерін; дене жүктемелері кезінде өз ағзасының қызмет етудегі физиологиялық негіздерін, дене шынықтыру арқылы оларды дамыту мен жетілдіру мүмкіндіктерін біледі;
2) өз ағзасының психикалық-функционалдық ерекшеліктерін; дене тәрбиесімен жүйелі шұғылдану арқылы жеке тұлғаның дербес қалыптасу мүмкіндігі мен қасиеттерін; салауатты өмір салтын ұстануға қажеттілікті; атқарылатын қозғалыс әрекеттерінің ауырлық деңгейін; физикалық дайындықтың әртүрлі кезеңдерінде түрлі физикалық жүктеменің талап етілген қарқындылығына жету қажеттілігін түсінеді;
3) салауатты өмір салтын және бос уақытын ұтымды ұйымдастыру, өз бетімен жетілу мақсатында түрлі дене жаттығуларын; ойын кезінде немесе арнайы құрылған жаттығулар кешенін орындау кезінде қажетті негізгі техникалық-тактикалық әрекеттерді; ағзаның бейімделу қасиеттерін дамытуды қадағалау және денсаулықты нығайту мен дене ширақтығының дайындығын 
жоғарылатудың дербес жолдарын; функционалдық қызмет ету бағыты әртүрлі дене жаттығуларын өз бетімен ұйымдастыру тәсілдерін, спорт жабдықтары мен құралдарын қолдану ережелерін; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, дене жаттығуларымен шұғылдану кезінде жарақаттанудың алдын алу және дәрігер алды көмек көрсету білімін қолданады;
4) сауықтыру және дене шымырлығы мен ширақтығын жетілдіру мақсатында дене жаттығуларын орындау кезінде өз ағзасының функционалды қызмет ету жағдайын талдайды;
5)қалыптасқан дағдыларды дене шынықтыру сабағымен қатар күнделікті өмірдегі әртүрлі жағдаяттарда қолдану жүйесін; салауатты және қауіпсіз өмір сүруді қалыптастырудағы дағдыларды; адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдайларда жеке және ұжымның қауіпсіз әрекеттерінің ережелерін меңгеруін жинақтайды;
6) жалпы, кәсіптік-қолданбалы және сауықтыру-түзету бағытындағы дене жаттығуларымен шұғылданудың маңыздылығын; өз бетінше жетілу және қимыл- қозғалыс дайындығының деңгейін; дене жаттығуларымен шұғылдану тиімділігін, ағзаның функционалды қызмет ету жағдайы мен жұмыс істеу қабілетін; дене жүктемелерін және дене жаттығуларының әсер ету бағытын мөлшерлеуді бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет