Тапсырма №1.
Тақырып: Өнер және бейнелеу өнері(1 сағат).
Бейнелеу өнері – жалпы өнердің бір бөлігі. Негізінде жалпы өнер атаулыға ауыз әдебиеті мен көркем әдебиетті, ән – күйді, театр мен киноны, бейнелеу өнері мен сәулет өнерін, тағы басқа өнер түрлерін жатқызамыз.
Өнердің өзіне тән ерекшелігі - өмір шындығына байланысты адамның эстетикалық қарым – қатынасын анықтау. Өнер үшін ең басты мақсат – дүниені көркемдік тұрғыдан бейнелеу болып табылады. Өмір шындығын бейнелеген әр алуан өнеріміз адамдардың әсемдік сезімдерін оятып, көркемдік заңдылықтар арқылы өнер туындыларын жасайды.
Біздің қабылдауымызға байланысты өнердің осы аталған түрлерін үш негізгі топқа бөлуге болады. Олар:
белгілі бір уақыт мерзімі ішінде кеңістікте көзбен көріп, құлақпен тыңдап қабылдайтын өнер түрлері. Оларға театр, кино, цирк, би, т. б. өнер жатады;
белгілі бір уақыт мерзімі ішінде кеңістікте көрінбейтін, тек қана құлақпен тыңдап, елестетіп қабылдайтын өнер түрлері. Оларға ән – күй, симфония, т. б. әуендер мен көркем әдебиет, поэзия жатады;
уақыт мерзіміне байланысты емес, кеңістікте тұрақты болып, көзбен қабылданатын өнер түрлері. Оларға бейнелеу өнері, сәулет өнері, қолөнері, т. б. өнерлер жатады.
Ал енді осы аталған өнер түрлерінің бәрімен де бейнелеу өнерінің байланысы бар. Себебі бейнелеу өнерінен жоғарыда аталған өнердің түрлерін, ондағы кейіпкерлерді көруге болады.
Мысалы, төменде көрсетілген суреттерде өнердің әр саласындағы көріністер бейнеленген.
Осы көріністерден – ақ өнердің әрбір саласы бейнелеу өнерінде өзінше бір көркем шығармаға айналып отырғанын көреміз. Әр түрлі өнердің бейнелейік көрінісін бейнелеу өнері құралы жақсы жағынан ашып көрсете алады. Сондықтан бұл жағынан да бейнелеу өнерінің берері мол. Өнердің әрбір түрі бейнелеу өнерімен біте қайнасып жатады.
Тексеру сұрақтары.
Тақырыптық оқу материалының қолдану дәрежесі?
Қандай сабақтың түрі мен типі қолданылды?
Сабақтың мазмұнында пәнаралық байланыстың қолданылу дәрежесі қандай болды?
Оқушының өзбетімен жұмыс орындауға тиімді оқытудың құралдары қандай?
Оқушының оқу материалын өз бетімен игеруін тексеру мазмұны қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер.
Алмухамбетов Б. Бейнелеу өнер (4 - сынып). Оқулық. -Алматы, 2004 ж.
Аубакирова Р. Ж. и др. Изобразительная деятельность (методическое пособие). -Алматы, 2003 ж.
Бастауыш білім беру мемлекеттік жалпы білім беру стандарты. -Алматы, 2003 ж.
Болатбаек В.К. Бейнелеу өнер пәнінің оқу бағдарламасы. -Алматы, 2003 ж.
Галимжанов А. С. История искусств Казахстана. -Алматы, 2006 ж.
Жеделов К. О. и др. Бейнелеу өнері (Әдістемелік құрал – 12 жылдық). -Алматы, 2003 ж.
Кузин В. С. Изобразительная искусства и методика его преподавания в школе. -М., 1998 ж.
Кузин В. С. Методика преподавания изобразительного искусства в 1 – 3 классах. -М., 1983ж.
Ростовцев Н. Н. История методов обучения рисованию. -М., 1982 ж.
Шорохов Е. В. Методика преподавания композиции на уроках изобразительного искусства в школе. -М., 1972 ж.
Шедевры мировой живописи в вашем доме. -М., 2004ж.
Мастера натюрморта. -М., 2002ж.
Энциклопедия «Символизм». -М., 2003 ж.
Энциклопедия искусства в ХХ. -М., 2003 ж.
Лабораториялық жұмыс №9
Достарыңызбен бөлісу: |