Бастауыш мектепте бейнелеу өнерді оқытудың теориясы мен технологиясы



бет91/98
Дата12.09.2020
өлшемі1,01 Mb.
#63663
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   98
Тапсырма №1.
Тақырып: Сәулет өнері(2 сағат).
Сәулет өнері дегеніміз – адамдардың өмірі мен қызметіне қажетті материалдық тұрғыдан ұйымдасқан орта құрайтын үйлер мен құрылыстар, кешендер т. б. Сәулет өнерінің белгілі бір түрі адамдарды рухани, яғни эстетикалық тұрғыдан қалыптастырады. Қазіргі қоғамдағы адамдар сәулетті де салтанатты өмір сүргісі келеді. Сондықтан сәулет өнері әрқашанда дамып отырады.

Біздің заманымыздан бірнеше ғасыр бұрын – ақ Греция мен Римде сәулет өнері биік шоқынның басына мәрмәр тастан Акрополь салынды.

Акрополь - грек қалаларының биік жерге салынған бөлігі.

Ғасырдан – ғасырға мұра болып келген сондай сәулет өнері туындылары архитектуралық ескерткіштер қатарына жатады. Ол белгілі бір үлгімен салынған.

Дүние жүзі халықаралық сәулет өнеріндегі өзіндік ерекшелігі ең алдымен қоғамдық даму сатысына, мәдени өркендеуіне және тұрмыс – салты мен ұлттық дәстүріне байланысты қалыптасқан.

Сәулет деген – ғимараттар мен құрылыстарды салу ғана емес, сонымен бірге адам баласының өмір тіршілігіне қажетті кеңістік пен ортаны ұтымды ұйымдастыра білу өнері. Ежелгі грек сәулетшілері салған көрікті сәулет өнерімен әлемге танылды.

Италия. Римдегі Әулие Петр соборы мен алаңын салу ұзақ жылдарға созылған. Собор ренессанс үлігісінде 17 ғасырда салынған. Бұл собордың ерекшелігі де алып тұлғасы мен әдемі салтанаттылығында.

Россия. Петербургте 18 ғасырда ірге көтерген Қысқы сарай ғимараты барокко үлгісімен салынған. Барокко үлгісінің ерекшелігі бай нақышында жатыр. Егер Петербург қаласының орталығын араласаң, мүсіндер мен безендірілген сұлу аркалы бағаналар мен сап түеген үйлерге кезігесің. Олар бір – бірімен салтанатты жарасым тапқан сәулеттік ансамбльдер болып табылады.

Шығыс халықтарының ішіндегі үнді, қытай, жапон елдерінде сәулет өнері өзіндік құрылымдық ерекшелігімен дараланды. Сәулет өнеріне қарап әр елдің тұрмыс – тіршілігін, мәдени дамуын көруге болады.

Үнді елінде дүние жүзіне әйгілі жеті кереметтің бірі Тәж – Махал ескерткіші бар. Ол – сәулет өнерінің тамаша туындысы.

Қазақстан. Алматы, Астана, т. б. қалаларда биік әрі әсемүйлердің бой көтеруі Қазақстандағы сәулет өнерінің елеулі жетістіктері болып табылады.

Алматы – жасыл желекке оранған әсем қала. Ол сәулет өнерінің салтанатты да сәнді, ғажайып ғимараттарымен де ерекше көз тартаы. Олар мысалы, Цирк, Республикалық оқушылар сарайы, Анкара қонақ үйі, «Арасан» сумен емдеу кешені, Орталық мемлекеттік мұражай, т. б. Сәулеттік құрылыстың жобасын сызып, қағазға түсіретін адамды сәулетші (архитектор) деп атаймыз. Сендер теледидар арқылы әр алуан қала көріністерін көресіңдер. Содан алған әсерлеріңді әрдайым есте сақтаңдар. Төбеі биік, керегесі кең, іші жарық жақсы үйде тұрғыларың келетін шығар. Сондай бір үйдің сыртқы көрінісін жобамен бейнелеп көрейік.

Экстерьер дегеніміз – ғимараттың сыртқы көрінісін бейнелеу.

Практикалық сабақта көне сәулетті ғимараттардың экстерьеріндегі бөліктерін даралап, моделін картоннан немесе қалың қағаздан жасатуға объектінің бір элементін ғана жасатуға бағытталады. Екінші бір ұсыныс топ оқушыларын қазіргі сәулетті ғимараттың экстерьерін картоннан жасатуға да болады. Даралап жасауға геометриялық формадағы, мысалы, «балясины», «ваза», әр түрлі цилиндр, конус формасындағы тіректі бағаналар және т.б. ауқымды денелер жатады. Бұл денелерді жасау және берік болу үшін алдымен олардың «скелетін» орындап, кейін бетіне картоннды желіммен бекіту керек. Сабақта, сонымен бірге сәулетті ғимараттардың моделін жасату үшін өте ұтымды материал және қолайлы пенапласт болып келеді. Бұл материал қазір кез-келген құрылыс немесе үйлердің интерьерін безендіруге арналған дүкендерде жиі кездестіріледі. Оны бекітетін немесе желімдейтін материалды табуда жеңіл. Материалмен жұмыс орындау үшін пенопласт, оның желімі, көлбеу пышақ «резак» жеткілікті.

Тексеру сұрақтары.


  1. Оқу материалының іріктеліну дәрежесі қандай?

  2. Қандай сабақтың түрі мен типі қолданылды?

  3. Оқу сабағында сәулет өнерінің мәні неде?

  4. Сәулет өнерінің басқа салалармен байланысы белгіленді ме?

  5. Қандай тиімді оқыту құралдары қолданылды?

  6. Сәулет өнерінің қазіргі жобалау саласымен байланысы белгіленді ма?

Ұсынылатын әдебиеттер.




  1. Алмухамбетов Б. Бейнелеу өнер (4 - сынып). Оқулық. -Алматы, 2004 ж.

  2. Аубакирова Р. Ж. и др. Изобразительная деятельность (методическое пособие). -Алматы, 2003 ж.

  3. Бастауыш білім беру мемлекеттік жалпы білім беру стандарты. -Алматы, 2003 ж.

  4. Болатбаев К.К. Бейнелеу өнер пәнінің оқу бағдарламасы(4 чынып). -Алматы, 2003 ж.

  5. Глаудинов Б. А. Архитектура Советского Казахстана. -М., 1987 ж.

  6. Галимжанов А. С. История искусств Казахстана. -Алматы, 2006 ж.

  7. Жеделов К. О. и др. Бейнелеу өнері (Әдістемелік құрал – 12 жылдық). -Алматы, 2003 ж.

  8. Жұмабекова Ф. Құрастыру. - Алматы, 2005 ж.

  9. Заворотов В. А. От идеи до модели. -М., 1988 ж.

  10. Калмыкова Н. В. и др. Макетирование из бумаги и картона. -М., 2000 ж.

  11. Кузин В. С. Изобразительная искусства и методика его преподавания в школе. -М., 1998 ж.

  12. Кузин В. С. Методика преподавания изобразительного искусства в 1 – 3 классах. -М., 1983 ж.

  13. Ростовцев Н. Н. История методов обучения рисованию. -М., 1982 ж.

  14. Шорохов Е. В. Методика преподавания композиции на уроках изобразительного искусства в школе. -М., 1972 ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет