Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы



Дата04.08.2017
өлшемі100,09 Kb.
#22893
Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

         Аудан бойынша 27 балабақша, оның ішінде 19 мемлекеттік, 8 жеке және 32  шағын орталық, толық күн болатын шағын орталық саны-16 барлығы  59 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды.

         27 балабақшада 2328 бала, 32 шағын орталықта 2075 бала, барлығы 4403 бала мектепке дейінгі  тәрбиемен қамтылған. Аудан бойынша 1-6 жастағы 10642 бала, 3-6 жастағы 4610 бала бар. 3-6 жастағы 4610 баланың   4403-і балабақша мен шағын орталықтарда  тәрбиеленуде.   Аудан бойынша  3-6 жастағы барлық баланың  96 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен, 5-6 жастағы 1972  баланың 100 пайызы мектепалды даярлықпен қамтылған.

         2015 жыл соңында «Мирас», «Дарын» жеке балабақшалары жекеменшік- мемлекеттік әріптестік негізінде ашылып жұмыс жасауда. Жалаңтөс батыр ауылынан  апаттық жағдайдағы №14 «Сәуле» балабақшасының орнына 90 орынға арналған жаңа балабақша құрылысы салынып, 30 орынға 2 топ қосымша қосылды. Сонымен қатар Аранды аулындағы №97 мектеп жанынан 20 орынға, Сарыбұлақ ауылындағы №78 мектеп жанынан 20 орынға арналған, барлығы 40 орынға арналған шағын орталықтар ашылып жұмыс жүргізуде.

Бүгінгі күнге мектепке дейінгі тәрбие берудің бүкілқазақстандық моделіне өту, оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық «Тәй-тәй», «Зайцев» «М.Монтессори», «Триз», «Ойын»  технологияларын  игеру үшін 345 мектепке дейінгі тәрбие беру педагогтері біліктілігін арттырды. 

       2. Орта білім беру саласы бойынша:

Қазіргі уақытта аудан мектептерінде 2290 мұғалім қызмет атқарады.Олардың жоғары білімдісі-2079, арнаулы орта білімдісі-211.  Жоғары санатты-134, (6%), І санатты–673 (30,7%), ІІ санатты - 925 (40,5%), Cанатсыз-605 (24%). Жоғары, І санатты мұғалімдердің үлесі-аудан бойынша 37 пайызды құрайды.

           Биылғы жылдың басты ерекшелігі  12 жылдық білім беруге, пәндерді ағылшын тілінде  оқытуға кезең-кезеңмен көшу жоспарлануда. Республика бойынша жаңартылған білім мазмұны кезең-кезеңімен енгізіледі. Яғни 2016 жылы 1 сыныптарға, 2017 жылы 1,2,5,7 сыныптарға,2018 жылы 1,2,3,5,6,7,8,10 сыныптар оқыса,2019 жылға қарай біз 12 жылдық білім беру жағдайына түгел көшіп боламыз.2019-2020 оқу жылынан бастап физика, химия, биология, информатика-пәндері 10-11 сынып оқушылары үшін ағылшын тілінде оқытылады.

          Оқу пәндері бойынша 35 ағылшын тілі пәнінің, 64 орыс тілі пәнінің,33 қазақ тілі пәнінің, 41 технология, бейнелеу пәні мұғалімдері, 52 ән-әуез пәні мұғалімдері біліктілігін арттырады. Сонымен қатар «Назарбаев зияткерлік мектептері» педагогикалық шеберлік орталығында 2016-2017 оқу жылында 76 оқытушы-тренер дайындалады. Олар мектептердің  мұғалімдерін жаңа оқу жүйесі бойынша жұмыс істеуге кәсіби тұрғыдан үйретіп, тәлім береді.

Сонымен қатар, облыс бойынша 22  инновациялық мектептер қатарына  біздің ауданымыздағы №266,249,16 мектеп- лицейлер мен №226 гимназия кіріп отыр. Бұл 4 мектепте пәндерді ағылшын тілінде оқыту жұмыстары бойынша тиісті қаржылар бөлініп, 2016 жылдың қаңтар айынан басталып та кетті. Аталған мектептерде апталық оқу жүктемесінің артықшылығы: бейінді пәндер үшін қосымша-4 сағат; үйірмелер үшін-4,5 сағат; келісім шарт негізінде жеке курстар мен лекциялар үшін-1500 сағат. Осы жеке курстар мен лекциялар үшін волонтерлермен келісім-шарт жүргізілуде. 2016-2017 оқу жылында 5-11 сынып оқушылары ағылшын тілін аптасына 5 сағаттан игерсе, 2018-2019  оқу жылы 10-11 сыныптар оқу пәндерін ағылшын тілінде жұптық оқытуды бастап, 2019-2022 оқу жылы 11 сыныптар оқу пәндерін ағылшын тілінде оқиды.

Білім мазмұнын  жаңарту  аясындағы біліктілік  артыру курстарынан инновациялық мектептердің 79  педагогикалық қызметкерлері  өткізілді.

3.Ұлттық бірыңғай тестілеу дайындық барысы туралы:

Ұлттық бірыңғай тесттілеу-соңғы кездердегі бітіруші шәкірттің білімін саралаудағы соны жолдардың бірі. Сыры мен сыны көп болсада қазір көпшіліктің көңілі сенген, шынайы зерденің дәнін терген  бұл білім сынағы оқушының  орамын, мұғалімнің мәртебесін, мектептің мерейін  сараптайтын таразы-тұғыр. 2015-2016 оқу жылын 721 оқушы 11 сыныпты бітіріп, 492 оқушы (Қатысу пайызы 68,2.) ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты.

         Аудан бойынша мектептердің орташа балы 82,09 балды құрады. №102, 25, 90, 96, 190, 94, 225, 238, 24, 91 мектептер орташа балдарымен жоғары 10 мектептің қатарында болса, №17, 100, 103, 93, 216, 134, 234, 78, 204, 98 мектептер орташа балдарымен төмен 10 мектептің қатарында болып отыр. Оның ішінде №204, 78, 234, 134, 100 мектептер 2015 жылғы ҰБТ да көрсеткен төменгі көрсеткішті қайталап, төменгі 10 мектептің қатарында болып отыр.

                2016 жылы «Алтын белгі» белгісіне ұсынылған 36 үміткерден №№16, 17, 24, 25, 70, 94, 165, 182, 225, 226, 249, 266 мектептен барлығы 19 оқушы (52,7%) «Алтын белгі» белгілерін ақтап шықса, 24 оқушы үздік аттестат иегері атанды.



Өткен оқу жылында аудандағы 33 орта мектептен барлығы 201 оқушы (22,5%) оның ішінде «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша 106 оқушы грант егері атанып, жоғары оқу орындарына түскен болса, 2015-2016 оқу жылында ҰБТ тапсырған 492 оқушының 250-і (51%) грант негізінде жоғары оқу орындарына оқуға түсіп, оқушыларымыздың грант негізіне жоғары оқу орындарына түсуден облыс бойынша ауданымыз алдыңғы қатардан көрінді.

 

4. Тәрбие беру жұмыстары саласы бойынша:

Қазіргі таңдағы балаларымыз бен жасөспірімдеріміздің тағдырына, болашағына алаңдаушылық білдіре отырып, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлының бастамасымен БҰҰ-ның Қазақстандағы ЮНИСЕФ Балалар қорының қолдауымен әзірленген суицидтің алдын алу ведомствоаралық кешенді бағдарламасы облыс көлемінде жүзеге асырылып келеді. Аудан бойынша №17, 226, 204, 92, 96, 102, 238 мектептер бағдарлама аясында эксперимент мектептер қатарына енгізілді.  

Бағдарламаның нұсқаулығына сәйкес сауалнама алу кестесі құрылып, 8-10 сыныптар арасында 3422 дана сауалнама таратылды. Сауалнамаға 3439 оқушы қатысты. Сауалнама қорытындысымен 113 оқушы «тәуекел  тобына» алынды. «Тәуекел тобына» алынған оқушылар емхана дәрігерлеріне жіберіліп, олармен жеке сұхбаттар жүргізілді.

         Дегенмен, бұл атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан ауданда жыл басынан бері Ақсуат ауылында 1 суицидтік жағдай тіркелгенін білесіздер. Болған оқиғаға байланысты мектеп директоры, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп психологтарына тиісті тәртіптік шаралар берілді. Бала тәрбиесіне жауапты қаншама тұлғаға  тәртіптік шара қолданғанмен ол  баланың қайтып келмейтіні белгілі.

Аудан бойынша кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу Жобасы аясында 2015 жылы Әйтеке би кентінің орталығында орналасқан 5 мектепке (№№204, 216, 234, 249, 266) және Әуез мектебінің ғимаратына 1 млн 872 мың теңгеге бейнебақылау орнатылып, осы бейнебақылау арқылы сабақ процесі, үзіліс уақыты, оқушылардың сабақтан қайту уақыты бақылауға алынды. 2016 жылы 31 мектепке бейнебақылау орнатуға 17 млн 114 мың теңгеге және мектеп оқушыларының мектепке келген уақытында ұялы телефондарын сақтайтын темір жәшіктер алуға 36 мектепке 158 млн 596 мың теңгеге бюджеттік өтінім тапсырылды.

2016 жылдың қаңтар айында аудандық прокуратурамен бірлесе отырып, ата-аналар үшін жадынама дайындалды.  Бұл жадынама арқылы ата-ана баласының интернет желісі арқылы қандай әлеуметтік желілерге кіргендігін, кімдермен байланыс орнататынын, қандай сайттарға кіріп, қандай мәліметтер алып жүргендігін біле алатын болады. Бөлімнің ұйымдастыруымен ақпан айының басында мектептерден тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, программистер үшін осы жадынама бойынша оқыту семинары өткізілді. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары аудан мектептерінде ата-аналарды осы жадынама бойынша оқыту семинарларын өткізді.

Аудан мектептерінде кәмелеттік жасқа толмаған балаларды интернеттегі жағымсыз және қауіпті ақпараттан, интернет желісіндегі зиян келтіретін бағдарламалық қамтамалардан қорғау үшін желілік трафик пен интернет-ресурстарды сүзгілеу мақсатында «Қазақтелеком» АҚ заңды тұлғаларға ұсынылған «Қауіпсіз интернет» қызметіне қосылу арқылы  тыйым салынған сайттарға кіру шектелді. Қазіргі таңда барлық мектепте оқушылар тыйым салынған сайттарға кіре алмайды. Аудандық бюджеттен ай сайын осы қызметтері үшін 94,0 мыңтеңге қаралды. Ата-аналарға ғаламтор балаларына қауіпсіз болуы үшін қауіпсіздік туралы ақпараттарды біліп отырулары қажет. Балаларының ғаламторға тәуелділігін тексеріп, үнемі бақылау жасау бүгінгі күннің басты талабы.

Ауданымыздың білім беру мекемелерінде білім алушылардың 2241-і көп балалы отбасынан шыққан балалар болса, 1863-і аз қамтылған отбасының балалары, 2 мыңға жуық толық емес отбасы балалары, 95 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік статусы бар балалардың білім алуына мемлекет тарапынан және демеушілер тарапынан барынша қолдау көрсетілуде.

         2016 жылы 99 млн 413 мың теңгеге 3170 балаға бірмезгілдік ыстық тамақ берілсе, 5 млн 460 мың теңге 420 бала қала сыртындағы лагерлерде жазғы демалыспен қамтылды, 19 млн 930 мың теңге 19930 балаға мектепке қажетті киім-кешектермен, оқу құралдарымен қамтамасыз етіледі. 2016 жылдың тамыз айында «Мектепке жол» акциясы аясында 220 балаға 2 млн теңгенің оқу формасы мен оқу құралдарынан көмек берілді.                            

Аудан бойынша білім беру мекемелерінде мектеп оқушылары арасында әлеуметтік теңсіздікті болдырмау мақсатында жаңа оқу жылынан бастап, ата-аналардың келісімі негізінде  бірыңғай мектеп формасы енгізілді.

2016 жылдың жазғы демалыс кезінде аудан бойынша 36 мектеп жанынан күндізгі тынығу лагерлері ұйымдастырылып, оларда 2382 бала демалды. Бұл балалардың лагерде болған уақытында ыстық тамақпен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 4 млн 202 мың теңге бөлінді.

         Мектеп жанындағы көркейту, көгалдандыру және құрылыс жасақтарына 3000 бала, облыстан тыс қалаларға саяхат жасауға 3185 бала, аула клубтарына, спорт алаңдарына 2930 жуық жасөспірім қамтылды.

         Жазғы уақытта республика, облыс көлеміндегі қала сыртындағы лагерлерде 2004 оқушы демалды. Оның ішінде «Шағала» балаларды сауықтыру демалыс орталығында 7 ауысымда 980 бала демалды.

 

«Шағала» балаларды сауықтыру демалыс орталығында демалған балалар туралы мәлімет



Ауысым саны

Ауысым түрі

Демалған бала саны

Қаржыландыру көзі

1

І ауысым

Аз қамтылған отбасы балалары

140

Жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан

2

ІІ ауысым

Аудан мектептеріндегі  балалар

140

Ақылы негізде

3

ІІІ ауысым

Білім беру саласы қызметкерлерінің балалары

140

Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы

4

ІУ ауысым

Аудан мектептеріндегі  балалар

140

Ақылы негізде

5

У ауысым

Аз қамтылған отбасы балалары

140

Жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан

6

УІ ауысым

Аз қамтылған отбасы балалары

140

Жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан

7

УІІ ауысым

Аудан мектептеріндегі  балалар

140

Ақылы негізде

 

 

Барлығы

980

 

 

      Қала сыртындағы демалыс орындарында демалған 2004 баланың 420-сы жалпыға міндетті оқу қоры есебінен, 551-і салалық кәсіподақтар тарапынан, 858-і ата-аналар есебінен, 112-і аудандық, облыстық мәслихат депутаттарының қолдауымен, 28-і білім басқармасының жолдамасымен, 34-і мекеме, кәсіпорын, серіктестіктер демеушілігімен демалып келді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 ақпандағы №81 қаулысының 2 тармағын жүзеге асыру шеңберінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға кіріктірілген (инклюзивті) білім беруді ұйымдастыруда Қазалы ауданы бойынша №234 мектеп базасында ЗПР диагнозындағы  арнайы түзету класы 2005 жылы  ашылып, содан бері жұмыс жасап келеді.2015-2016 оқу жылында 81 оқушы 9 класс комплектіде білім алып келді.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2009 жыл 16 наурыздағы «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға кіріктірілген (инклюзивті) білім беруді ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымның» 2-бөлімі 11-пунктіне сәйкес әрбір жалпы мектепте даму мүмкіндігі шектеулі бала саны 10-нан асқан жағдайда педагог-дефектолог, педагог-логопед 1,5 бірліктен ашылды. Осыған сәйкес, №70, 216, 204  мектептерде педагог-дефектолог, педагог-логопед бірліктерін ашу бағытында жұмыстар жүргізілуде. Аталған №70 мектепте-18, №216 мектепте-18, №204 мектепте-17 мүмкіндігі шектеулі бала білім алуда.Мектепке дейінгі мекемелер бойынша №2 «Айгөлек» б/бақшасында логопедиялық пунктте өткен оқу жылында-19 бала логопедиялық түзеу көмегін алды.

Оқушылар арасында спортқа баулу, бұқаралық спортты дамыту, балалардың дене даярлығын қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстану- бұл бүгінгі өміріміздің өзегі, мәңгілік мәні деп айтсақ кәтелеспейтін шығармыз.Тәннің ширақ, сымбатты, сұлу болуы-жанның жігері, сананың сергектігі. Сондықтан жас ұрпақты салауатты да арлы, нәрлі өнерге баулу үшін денешынықтыру пәні мұғалімдеріне артылар жүк үлкен. 

         Ауданда  29 мектепте  33  типтік жобадағы спортзалы, 4 мектепте


бейімделген бөлмелермен  жабдықталса, 117  спорт алаңы жұмыс жасады.  Спорттың  12 түрінен  303 үйірме жұмысы жүргізіліп, оған 5868 (41,5%) оқушы тұрақты қатысуда.

Жоспарға сәйкес мектеп оқушылары арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру және спорттың бұқаралығын арттыру мақсатында   спорт түрлерінен аудандық  жарыстар  мен спартакиадалар өткізіліп, аталған спорттық шараларға 7950 (56,5%) оқушы тартылды.



        Облыстық мектеп оқушыларының күзгі және көктемгі  спартакиадасына аудан құрама командасын жасақтау мақсатында  кші футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисі іріктеу жарыстары өткізілді. Қызылорда  қаласында  спорттың 6 түрінен  өткізілген  облыстық  күзгі және көктемгі   спартакиадасына ауданның құрама командасы қатысып, спартакиаданың  қорытындысымен жалпы командалық есепте Қазалы ауданының  оқушылар командасы   І орын жеңіп алды.

Сонымен қатар, білім қызметкерлерінің аудандық спартакиадасы спорттың  7 түрінен  жоғары деңгейде  өткізілді. Жеңімпаз және жүлдегер мектеп командалардың мұғалімдерінен   жасақталған  ауданның командасы Жаңақорған ауданында спорттың 6 түрінен өткізілген білім қызметкерлерінің облыстық спартакиадасы қатысып,  жекелеген спорт түрлерінен жеңімпаз және жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет