Тапсырма №1.
Бөлім: Кескіндеме(9 сағат).
Түстану. Түстік шеңбер. Түстік қатынас.қарама-қарсы түстер(контраст). Калорит. Ашық түсті бояу реңктері. Қоңырқай түсті бояу реңктері. Жарық пен көлеңке. Жылт (блик). Шағылыс (рефлекс). Түспелі көлеңке. Натюрморт жанрындағы практикалық сабақтардың жаңа ұғымдарын талдау. әр түрлі түстегі «Алма мен құлпынай» және « алма және т.б. жеміс түрімен» бейне кескіндеу.
Көркемдеуші материал акварель. Лессировка жасау техникасы. Жарық көзі. өзіндік көлеңке. Түспелі көленке. Жартылай көлеңке. «Жарық пен көлеңке» тақырыбын қайталау. «Ыдыс пен алма» және т.б. тақырыптарда натюрморт жанрында сурет салу. Композициялық орталық. Типизациялау заңдылықтары. Жарық көзі күшті түскен сюжет мазмұнын жасау. «Күншуақ», «Ақ қайыңдар» және т.б..
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар үлгісі
Рет саны
|
Тараулары мен тақырыптары
|
Тақырыптың мазмұны
|
Сағат саны
|
Уақыты
|
Сабақтың
Түрі
|
Сабақтың әдістері
|
Пәнаралық байланыс
|
Көрнекілік
|
Машықтық жұмыс
|
Құралдар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
І тоқсан
|
13
|
|
|
|
|
|
|
|
Тексеру сұрақтары.
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар дегеніміз не?
Күнтізбелік – тақырыптық жоспардың құрылымы мен оның мазмұны, қандай белгілерімен ерекшелінеді?
Күнтізбелік жоспарды құру, қандай құжаттар негізінде орындалады?
Күнтізбелік жоспардың қызметі қандай?
Күнтізбелік жоспардағы оқу материалының көлемі қандай?
Дидактикалық тапсырмалар мен қолданылатын құралдардың мазмұны, қандай мөлшерде көрсетіледі?
Күнтізбелік жоспардың ішіндегі бөлім мен сабақ тақырыптарының жазылу себебі неде?
Күнтізбелік – тақырыптық жоспардан кейін, кезектегі оқу - әдістемелік құжат не болып табылады?
Ұсынылатын әдебиеттер.
Оқулықтар, оқу - әдістемелік кешеннің құрамы мен оқу бағдарламаларын әзірлеуге және сараптауға қойылатын дидактикалық талаптар. -Алматы, 2000ж.
Бастауыш білім беру мемлекеттік жалпы білім беру стандарты. -Алматы, 2003 ж.
Болатбаев К.К. Бейнелеу өнер пәнінің оқу бағдарламасы(3 сынып). -Алматы, 2003 ж.
Алмухамбетов Б. Бейнелеу өнер (3 - класс). Оқулық. -Алматы, 2003 ж..
Ростовцев Н. Н. Рисунок, Живопись, Композиция (Хрестоматия). -М., 1988 ж.
Аубакирова Р. Ж. және т. б. Бейнелеу өнері (дидактикалық материал). -Алматы, 2005 ж.
Лабораториялық жұмыс №3
Тақырыбы: бейнелеу өнер сабағында оқушылардың бейнелеу – техникалық құралдарды қолдануға үйретудің оқыту мазмұны мен оның технологиясы.
Объектісі: бастауыш мектептің оқу процесіндегі 2 – сынып бейнелеу өнер сабағының оқыту мазмұны.
Предметі: бейнелеу өнердің сурет салу бөліміндегі бейнелеу – техникалық құралдар туралы оқушылардың білімін игертудің оқыту мазмұнын құрастыру.
Мақсаты: бейнелеу өнер сабағында сурет салу өнерінің бейнелеу – техникалық құралдармен бейне кескінін орындаудың оқыту мазмұнын жобасын жасау.
Міндеттері:
жұмыстың құрылымы және мазмұнымен ұқыпты танысу;
белгіленген сыныптағы тақырыптың оқу материалы мазмұнымен танысу;
көмекші оқу - әдістемелік құжаттармен оқытудың мазмұнына тиімді оқыту құралдарын негіздей іріктеу;
сабақ жоспарының мазмұнын құрастыру;
оқытудың дидактикалық материалдарын (құралдарын) жасау;
орындалған сабақ жоспар жобасын тәжірибеде тексеру;
орындалған жұмыс мазмұны туралы есеп беру.
Достарыңызбен бөлісу: |