Тапсырма №1.
Бөлім: Сурет техникасы(10 сағат).
Сурет – оны көре білуге, яғни айналадағы дүниеге жіті көз тастап, көргендерін салыстыруға, талдауға, тереңірек қабылдап, сезіне білуге үйрететін ең жақсы танымның іс-әрекеті.
Сурет – бейнелеу өнерінің ең қарапайым, қолайлы жедел техникасы.
Суреттерді суретші көбінесе өзі үшін салады, содықтан оның ішкі жан дүниесін, оның қуаныш-күйзелісін, толғаныс-тебіренісін, армандары мен естеліктерін мейлінше ашық та әсерлі ашып береді.
Жұмыс орнын ұйымдастыру.
Оқу жұмысы жағдайында суретшіге екі жұмыс орны керек – стол және сынып тақтасы. Столдың биіктігі суретшінің жасына сәкес келуі тиіс. Ол жұмысты орындағанда күш түсірмей еркін отыратын, қойылған модель мен орындалып жатқан жұмысын толық қарап отыруға қолайлы болады. Столдың беті көлбеу, қарау көзіне перпендикуляр жағдайда орналасады. Кейде столдың беті ажырамалы болып, оны реттеп отыруға мүмкіндік етіп конструкциясын жасайды. Жұмысты ұтымды орындау үшін, столдың бетіндегі құралдар мен материалдарды қолайлы орналастырған жөн. Суретші столдың бетіне қағаз қойып, алдына екі карандаш, кетіргіш, тазалағыш пышақ; түсті карандашпен жұмыс істеуге түсті карандаштың жиынтығы және тексеру қағазы; бояумен жұмыс істеуге акварель бояуы, қыл қалам, қағаздың сол жағында шүберек, бояудың оң жағында суы бар ыдыс, ал тексеріп отыру қағазын сурет орындаған қағаздың оң жағында орналасады.
Сынып тақтасы алдыңғы қабырғада орташа бойлы суретшінің жасына сәйкес, ол жастағы суретші тақтаның жоғарғы бөлігіне жететін мүмкіндікте болуы тиіс.
Практикалық жұмыс алдымен суретшіні дұрыс отырғызудан басталады. Орындықта тіке отыруы, қарау көзі қағаз бетіне 30-40 см қашықтықта перпендикулярно жағдайда болады.
Материалды – техникалық құралдар.
Материалды-техникалық құралдарға қағаз, карандаш, кетіргіш, көмір, бор, пастель, акварель, гуашь, қылқалам, палитра және тағы басқа кескіндеу құралдары мен материалдары.
Жұмыс материалдары мен техникасы.
Сурет салу үшін суретшілер өте көп аспаптар мен материалдарды пайдаланады. Олардың ішіндегі кең тараған және бірінші болып тұрған – кәдімгі графит карандаш. Оны қолға ұстағанда жазу жазғандай емес, карандаштың бір жақ жанымен ұстап орындайды. Графиттің өзіне тән ерекшелігі – оның штрихтарының металл түстес болуында. Графит карандаштың қаттылығы түрліше дәрежеде үлкен мөлшерде шығарылады. Қаттылығы Т әріпі мен сан мәндері беріледі. Сан мәні артқан сайын, оның қаттылығыда жоғарлайды. М әрпімен белгіленген және сан мәнді қарандаштың цифры артса, оның жұмсақтығыда жоғарлай түседі. Шет елден шығатын карандаштарды ағылшынша Н (қатты) және В (жұмсақ) әріптермен белгілейді. Орташа қаттылықтағы карандаштар ТМ әріптермен белгілесе, ағылшынша НВ әріптерімен белгілейді. Сурет салуға біршама қолайлы карандаштар – жұмсақ түрлері болып табылады.
Карандашпен жұмыс орындағанда жұмсақ өшіргіш болуы керек. Карандашпен сурет салуға арналған қағаз тығыз, аздап бұдыр болуы тиіс. Ең жақсы қағаз ватман – сызу қағазы. Сурет қағазы біршама борпылдақ, жұа әрі осал келеді.
Сурет салуда көмір де кеңінен қолданады. Оны ерекше жолмен – талдың немесе қайыңның аршылған және жақсы кептірілген құмда, ауа кірмейтін етіп жабылған ыдыста жаға отырып дайындайды. Көмірмен кішкене нобай суреттерді, үлкен жұмыстар орындауға, жіңішке сызықтар жүргізіге қолайлы материал. Көмірмен жұмысты орындау үшін суретшінің тәжірибесі мол болуы қажет.
Сурет салған кезде мольберт деп аталатын арнайы станоктарды пайдалану өте тиімді. Оның конструкциялары түрлі болып келеді.
Оқу суретінде әр түрлі жиынтықтағы бояулар қолданады(10-16 түрлі түсті бояулар). Акварель бояуы өте кең тараған сулы бояу, бұл бояумен жұмыс орындау үшін судың ролі өте мәнді. Қылқаламның босап жеңілдегенге дейін суда ұстап, содан кейін бояуға малып қағазға түсіруді бастайды. Сұйық бояумен үлкен бөлікті және ашық жерлерге қолданса, қою бояуды көлеңке, жұмыстың аяқталу кезінде, түсті қанықтыру үшін қолданады.
Гуашь. Акварель бояуына қарағанда мөлдірлік қасиеті төмен, бояудың басқа түстерін жабуға, қателіктерді жеңіл түзетуге қолайлы. Қағаз бетіне гуашты жұқа етііп жағады. Кепкеннен кейін оның түсі ашылады.
Қылқалам. Қылқаламдар қылдың формасына байланысты жазық және дөңгелек, сортына байланысты қылды, тиын, борсық және т.б. аңдардың қылдарына бөлінеді. Акварелмен жұмыс істеп үйрену үшін тиыннан жасалған орташа көлемдегі қылқалам қолайлы. Қылқаламды жұмыс істеп болғаннан кейіп сулы ыдыста қалдыруға болмайды. өйткені, қылдары ағаштың бөлігінен ажырауға алып, түсіп қалады. Ол үшін қылқаламды жақсы жуып, суын сілкілей сығып, саусақтармен бастапқы пішінін бере ыдысқа қыл жағын жоғары беріп салып қояды.
Бейнелеу құралдары.
Бейнелеу құралдарына нүкте, штрих, сызық, өң және түс жатады.
Нүкте. Нүкте бейнесін қарандаш, қылқалам және бордың жіңішке ұшымен қағаз бетіне із түсіру арқылы нүкте ала алады. Суретте нүкте дене пішінінің жарық өңін, сызықты кескіндеуде тірек белгілерін анықтауға қатысады.
Нүктенің орналасу жағдайын координатамен анықталады. Ол биіктік және ұзындық, яғни қағаздың жиек жағындағы контур сызықтарынан белгіленетін нүктеге дейінгі ара қашықтықтарды көрсетуге арналады.
Штрих – қысқа сызық. Бұл белгі сызықпен сурет салғанда нүкетге қарағанда жиі қолданады. Онымен бұйымның өлшемін, контурын, дененің ауқымдылығы мен жарық өңдерін көосеткенде қолданады.
Жағу – қылқаламмен орындалатын бейне кескіннің техникасы. Қылқаламның пішіні қылдан құралған қылқаламның пішініне, қалыңдығына және жағу тәсіліне байланысты. Конус тәрізді қылқаламның ұшымен нүкте, штрих, сызықтар жүргізуге болады. Бұл белгілермен сыртқы пішін мен ұсақ бөліктерді кескіндегенде қолданса, жазық бетті қылқаламмен тікбұрышты пішінді етіп жағады.
Сызықтар – бұл кең тараған бейне кескіннің құралы. Сызықтарды пышақпен, пероның ұшымен, қарандашпен және қылқаламмен жүргізуге болады. Сызықтар сипаты жағынан түзі және қисық болып бөлінеді. Түзу сызық жүргізіп алу үшін, алдымен тіректі екі нүкте анықтап, оларды өзара штрих кейін түзу сызықпен қосады. Қисық сызықта үш нүкте анықталады. Екеуі түзудің ұзындығы мен бағытын анықтаса, үшіншісі биіктігін анықтайды. өлшемі жағынан сызықтар ұзын және қысқа, жуан және жіңішке, тең және тең емес, жарықтығымен қара, жартылай қара, ашық, қызметімен контурлы және көмекші болады. Бағытымен горизонтальды және вертикальды.
Өң. Дененің беті өзіне тән өңмен және жарықтығымен анықталады. Жарықтық беттің өңін штрихтау, туштау және бояу арқылы береді. Штрихтау – дененің бетіне қысқа сызықтармен жүргізу болса, туштауда – біріккен немесе қосарланған сызықтар жүргізу болып табылады. Туштауда көбінесе қарандаштың жанымен дененің өңін береді. Бояуда дененің өңін суйық бояулармен беру.
Картина жазықтығын ұйымдастыру.
Таза қағазды қабылдауда ешбір айқын мәнер байқалдмайды. Егер оның бетіне кез-келген бейне кескінделсе, онда қағаздың мазмұны бірден өзгеріп белгілі образды әсерге қалдырады. Ол әрине, дүниенің бейнесін, өмірін байқаттырады.
Қағаз сурет салу үшін тік төртбұрышты болып келеді. Бірақ, ол пішінде кез-келген бейне кескінін тұрғызу үйлесумді бола бермейді. Сондықтан, биік денелерді, аспан бөлігін көбірек қамтып қағазға түсіру үшін, ол қағазды вертиальды жағадайда, ал жер кеңістігімен жазық және көлемді бейнелерді салу үшін қағазды горизонатльды жағдайда орналастыру қажет. Композицияның қайшылықтарынан арылу үшін картина жазықтығымен бейнені өте үйлесімді, өлшемімен пішініне байланысты ескеру орынды.
Бейне мәнерінің композициялық құралдары.
Бейненің мәнерін келтіретін, эстетикалық сапасын арттыратын, ішкі мазмұнын анықтайтын, негізгі бөліктерді айқындауға мүмкіндік беретін композициялық құралдарға ырғақ, симметрия, асимметрия, тепе-теңдік, контраст, нюанс жатады.
Дене және оның сыртқы белгілері.
Дененің немесе бұйымның бейнесі болып дүниенің кез-келген материалды көрінісі жатады. Әрбір бұйым өзіне тән қасиеттеріне байланысты дербес пішіні, өңі болып келеді. Оның бір қасиетінің өзгеруі басқа бөліктерінің өзгеруіне алып келеді. Олардың негізгі сыртқы белгілеріне және қасиеттеріне пішіннің орналасуы, конструкциясы, құрылымы, шамасы, қозғалысы, түсі, жарықтығы, өңі, фактурасы, жарық көлеңкесі жатады.
Денені кескіндеуді орындау.
Натурадан денені кескіндеу «жалпыдан жекеге», «жекеден жалпыға» деген принциппен орындалады. Бұл принциптерді орындау төрт сатыдан тұрады: схематизациялау, типизациялау, даралау, жалпыламалау.
Жазық пішінді дененің кескіні.
Жазық пішінді дене тік бұрышты бет болып келеді. Оның биіктігі мен тек ұзындығы немесе ұзындығы мен ені болады. Квадратты және тікбұрышты денелерді екі тәсілмен тұрғызады. Яғни, фигураның негізгі пропорциясын анықтап, кейін горизонтальды және вертикальды сызықтармен контурын тұрғызады. Көпжақты денелерді вектор тәсілімен тұрғызады. Алдымен ұзындығы мен биіктігін белгілеп, кейін бір төбесін анықтап алады. Соған сәйкес басқа төбелерінде өлшем арқылы табуды жалғастырады.
Ауқымды денелердің пішінін кескіндеу.
Дененің ауқымдылығы деп оның үш өлшемдегі бетінің болуы, яғни, ұзындығы, биіктігі және ені. Табиғатта көптеген денелер мен бұйымдар ауқымды болып келеді. Мұндай денелерді кескіндеу үшін алғаш қарапайым денелерден бастаған дұрыс. Мысалы, куб, оның пропорциясын белгілеп, биіктігі мен енін анықтаймыз. Оны кескіндеу үшін дұрыс орналастырып алуымыз керек. Қабылдағанда сол және оң жақ бүйірі мен жоғары төбе бет толықтай көрінуі тиіс. Келесі олардың енін және биіктігін перспективада орындаймыз.
Тексеру сұрақтары.
Оқу бағдарламасы дегеніміз не?
Оқу бағдарламаның қызметі қандай?
Оқу бағдарламаның құрылымы мен мазмұнына сипаттама бер.
Бейнелеу өнер пәні оқу бағдарламасының басқа пәндердегі оқу бағдарламаларынан айырмашылығы қандай?
Оқу бағдарламадағы тақырыптық оқу материалдарының жазылу стилі қандай?
Бейнелеу өнер пәні оқу бағдарламасындағы оқу материалының бөлімдері қандай?
Тақырыптық оқу материалының көлемі бағдарламада мөлшері қандай?
Қандай құжаттарға оқу бағдарламасын жасау негізделеді?
Мұғалім оқу бағдарламасын жасағаннан кейін, ол келесі қандай оқу - әдістемелік құжатқа көшуі тиіс?
Ұсынылатын әдебиеттер.
Алмухамбетов Б. Бейнелеу өнер (1 - сынып). Оқулық. -Алматы, 2001 ж.
Виноградова Г. Г. Уроки рисования с натуры. М., 1980 ж.
Бастауыш білім беру мемлекеттік жалпы білім беру стандарты. -Алматы, 2003 ж.
Болатбаев К.К. Бейнелеу өнер пәнінің оқу бағдарламасы(3 сынып). -Алматы, 2003 ж.
Беда Т. Ф. Основы изобразительной грамоты. -М., 1989 ж.
Оқулықтар, оқу - әдістемелік кешеннің құрамы мен оқу бағдарламаларын әзірлеуге және сараптауға қойылатын дидактикалық талаптар. -Алматы, 2000ж.
Паранюшкин Р. Техника рисунка. -Ростов – на – Дону, 2002 ж.
Лабораториялық жұмыс №2
Достарыңызбен бөлісу: |