8Лабораториялық жұмыстарды орындаудың ұсыныстары мен нұсқаулары. Лабораториялық жұмыс №1
Тақырыбы: бейнелеу өнер пәнінің оқу бағдарламасының құрылымы мен мазмұны.
Объектісі: бейнелеу өнер пәнінің оқу процесіндегі білім беру мазмұны.
Предметі: 3 сынып бейнелеу өнер пәнінің сурет бөліміне модулді оқу бағдарламасын құрастыру.
Мақсаты: бейнелеу өнер пәніндегі сурет бөлімінің оқу материалымен оқу бағдарламасының жобасын жасау.
Міндеттері:
жұмыстың құрылымы және орындалу мазмұнымен ұқыпты танысу;
бейнелеу өнер пәнінің міндетті білім беру стандартымен және оқу бағдарламасын жасауға қажетті талаптармен оқу - әдістемелік құжаттардан қарастыру;
оқу бағдарламаның құрылымын, мазмұнын және техникалық безендірілуін танысу;
айқындалған оқу мазмұнына негіздеме жасап модулді оқу бағдарламаның жобасын құрастыру;
орындалған оқу бағдарлама жобасын тәжірибеде тексеру;
оқу бағдарламасының орындалу мазмұны туралы есеп беру.
Жұмыстың құралдары:бейнелеу өнер пәнінің мемлекеттік міндетті білім беру стандарты, 3 сынып бейнелеу өнер пәнінің оқу бағдарламасы, 3 сынып оқу - әдістемелік құралдары, бағдарлама жасауға қажетті нормативті оқу - әдістемелік құжаттар (дидактикалық талаптар).