Бастауыш мектепте бейнелеу өнерді оқытудың теориясы мен технологиясы


Мамандықтың типті оқу жоспары бойынша семинар және практикалық сабақ формалары белгіленбеген



бет51/98
Дата12.09.2020
өлшемі1,01 Mb.
#63663
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   98
6.Мамандықтың типті оқу жоспары бойынша семинар және практикалық сабақ формалары белгіленбеген.

7. Пән бойынша материалдарды қарастырудың әдістемелік ұсыныстары.
Берілген курстың мазмұны оқытудың төрт сабақ формасымен қарастырылады: лекция; лабораториялық сабақ, оқытушының көмегімен студенттің өзбетіндік жұмысы және жеке өзбетіндік жұмыс. әрбір сабақтың оқыту формалары бойынша оқу материалдары және дидактикалық тапсырмалар белгіленген. Ол материалдардың көлемдері ОӘК мазмұнында болық белгіленген.

Лекцияның материалын студент өте ұқыпты оқып, түсініп және ұғына отырып конспектілесе, оның мазмұнын терең игеруге мүмкіндік береді. Лекцияның оқу материалы екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлім бейнелеу өнерінің теориясына арналса, екінші бөлім әдістемелік материалдарға арналған.

Лабораториялық жұмыстар мамандықтың оқу жоспары бойынша қарастырылған. Олай болса, лабораториялық жұмыс әдістемелік курстың мазмұнына жасалған. Жалпы саны 10 болып табылады. Лабораториялық жұмыстардың толық мазмұны мен көлемі, әдістемелік ұсыныстары мен нұсқаулары өзінің мазмұнында көрсетілген, яғни, толық көлемде.

Оқытушының көмегімен орындалатын өзбетіндік жұмыстар бейнелеу өнерінің түрлерін кескіндеу тәсілдеріне байланысты белгіленген. Ол жұмыстардың саны он болып табылады. Жұмыстың орындалу шарттары мен материал, құралдарыда нақты түрде ОӘК көрсетілген.

Студенттің өзбетіндік жұмыстарында біз лекция материалдарына қажетті толықтырғыш материалы ретінде тақыыптар белгіледік. Сол тақырыптарды көрсетілген әдебиеттерден тауып, оларды конспектілеп ұғынуды ұсынамыз. Ол тақырыптардың мазмұны емтихан сұрақтарына енеді.

Теориялық материалдарды игеріп және дидактикалық тапсырмаларды орындап оқытушыға есеп тапсыру әрбір оқытудың формасмымен жеке-жеке белгіленеді. Олардың мазмұны бойынша рейтинг және қорытынды бағаларға тікелей ықпалы тиеді. Сондықтан студент белгіленген тапсырмаларды толық көлемде орындаған орынды.

Оқу материалдары мен сарамандық жұмыстарды орындауға қажетті материалдар электорнды түрде көрсетілген ОӘК нен және университеттің әдебиеттер қорынан материалдар пайдалануға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет