Тк об 042-18-16 114/01-2016 Басылым №1 08. 09. 2016ж



Дата12.03.2018
өлшемі237,69 Kb.
#39228

ТК ОБ 042-18-16.1.114/01-2016


Басылым №1 08.09.2016ж.

беттің - шісі







ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



СМЖ 3 дәрежелі құжаты

ТК ОБ

ТК ОБ

042 – 18.1.114 / 01-2016



Таңдау компонентінің

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ




Басылым № 1 08.09.2016 ж.





ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(СИЛЛАБУС)



Пән атауы: «Танымдық процестер және тұлға психологиясы»

Кредит саны: 4

Шифр – мамандық атауы: 5В050300 - Психология

Факультет, кафедра: Тарих-педагогика



Семей 2016


Алғысөз

«Танымдық процестер және тұлға психологиясы» таңдау компонентінің бағдарламасы 5В050300 – Психология мамандығы студенттеріне арналған. Пәннің силлабусы оқу бағдарламасының негізінде даярланды. Силлабус мазмұнында сабақ түрлері бойынша сағат сандары көрсетілген, курс саясаты мен бағалау формалары, студенттердің өздік жұмыстарының тапсырмалары, орындалу уақыты, формасы, әдебиеттер берілген.


1 КЕЛІСІЛДІ

Құрастырушы

Едігенова А.Ж. – психология кафедрасының доценті м.а., п.ғ.к.

Хаттама №1 31.08.2016 2016жыл.

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 Кафедра отырысында «Психология»

Хаттама №1 31.08. 2016 жыл


Кафедра меңгерушісі __________ Г.К.Джумажанова
2.2 Факультеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында

Хаттама №1 31.08. 2016 жыл

Төрайымы ______ Абишева Ш.Ш.
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды және баспаға ұсынылды

Хаттама №1 08.09. 2016 жыл
ОӘК төрайымы, оқу-әдістемелік істері жөніндегі проректор
_____________ Г.К.Искакова
АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ Басылым №1 08.09.2016 ж.



Мазмұны
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ

3 КУРС САЯСАТЫ

4 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ

5 ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАР

1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мағлұматтар

Едігенова Алма Жүнісбекқызы - доцент м.а., п.ғ.к.

Тарих-педагогика факультеті, «Психология» кафедрасы

Байланыс ақпараты: №3 оқу корпусы, кабинет № 102


1.2 Пәннің қысқаша мазмұны


«Танымдық процестер және тұлға психологиясы» пәні 5В050300 – Психология мамандығы студенттеріне арналған. Пән 5В050300 – Психология мамандығы бойынша бакалаврлардың кәсіби даярлығының теориялық деңгейін анықтауда гуманитарлық пәндер арасында ерекше орын алады.

Қазақстан Республикасында жүріп жатқан реформалау процесі, оның тек экономикалық саласын ғана қамтып қоймай, сонымен қатар әлеуметтік-гуманитарлық салада да үлкен өзгерістер жасалуда. Бұл курста психологияның жалпы мәселелрі, әсіресе жеке адам проблемасы және тұлғаның сезімдік аймағы мен қасиеті, сапалары жөніндегі ғылыми-қолданбалы ақпарат осы заманғы психологиялық теориялар негізінде беріледі.

Курс таным процестерінің психологиясы: түйсік, қабылдау, елес, қиял, ойлау - өзінің даму тарихындағы экспериментальдық зерттеулерінде бай дәстүрге және үлкен қолданбалы мәнге ие жалпы психологияны тереңдетіп оқытуға бағытталған таңдау компоненті.

Таңдау компоненті (БП-ТК) пәнінің оқу бағдарламасы білім беру саласындағы өкілетті ұйымы бекіткен құжаттар негізінде дербес әзірленді:

- Жоғары білім ҚР МЖБС 23.08.2012 ж. №1080;

- Таңдау пәні оқу бағдарламасы, Бұйрық №343 16.08.2013 ж.;

- Құжатталған рәсім «Пәннің оқу бағдарламасы (силлабустың) және таңдау компоненті оқу бағдарламасының құрылымы және рәсімдеуге қойылатын талаптар» ДП 042-1.09-2016.

1.3 Пәннің мақсаты: жалпы психология курсында алған білімдері мен зерттеу дағдылары негізінде студенттердің психологиялық ойлауын дамыту, практикалық сабақтар процесінде психологиялық құбылыстарды жүйелі талдауда ептілік пен дағдыны қалыптастыру.

1.4 Пәнді оқып-зерттеудің негізгі міндеттері:

- танымдық процестер және тұлға психологиясы бойынша негізгі түсініктерді игеру;

- танымдық процестер байланысын түсіну;

-танымдық процестер және тұлға психологиясының психологиялық зерттеулерімен танысу.

1.5 Құзыреттіліктер (оқыту нәтижелері):

пәнді оқу нәтижесінде білім алушы білуі қажет:

- танымдық процестер және тұлға психологиясының негізгі мәселелерін, негізгі заңдылықтарын, түрлерін, қасиеттерін білуі керек;

- танымдық процестерді зерттеуде әдістемелермен жұмысты орындай алуы керек;

- танымдық процестерді және тұлға психологиясын зерттеу дағдысы болуы керек.

- құзыретті болу: - танымдық процестер және тұлға психологиясы бойынша теориялық материалдарды игеруі және зерттеу техникасын меңгеруі керек.

1.6 Курс пререквизиттері:

1.6.1 Әлеуметтану;

1.6.2 Философия;

1.6.3 Жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе;

1.6.4 Жалпы психология.

1.7 Курстың постреквизиті: пән туралы білім мамандық бойынша тиісті білім, іскерлік және дағдыны меңгеру үшін қажет.

1.8 Оқу жұмыс жоспарынан көшірме

Оқу жұмыс жоспарының көшірмесі 1-кестеде келтірілген 1-кесте





Курс

Семестр

Кредиттер

Дәріс,

сағ.


СТС,

сағ.


ЗЖ,

сағ.


БӨЖ,

сағ.


Барлығы,

сағ.


Қорытынды бақылау

формасы


2

3

4

30

30

-

120

180



2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ

2-кесте



Тақырып атауы

Сағат саны

Әдебиеттер

ДС

СТС

ЗЖ

БОӨЖ

БӨЖ




1

2

3

4

5

6

7

8

1

Модуль 1. Танымдық процестер психологиясы.

Дәріс 1.Түйсік және таным

Тақырып 1. Түйсіктің түрлері және қасиеттері мен заңдылықтары.


2

2




4

17

5.1.1, 5.1.2, 5.1.3, 5.1.4, 5.1.5, 5.1.5, 5.1.6, 5.1.7.....

2

Дәріс 2. Түйсіктің негізгі қасиеттері мен түрлерінің адам өміріндегі мәні.

Тақырып 2. Қабылдау және оның ерекшеліктері.



2

2










5.1.1, 5.1.2, 5.1.3, 5.1.4, 5.1.5, 5.1.5, 5.1.6, 5.1.7..

3

Дәріс 3. Қабылдау және түрлерінің қызметі.

Тақырып 3. Қабылдаудың түрлері мен қасиеттері.



2

2










5.1.1, 5.1.2, 5.1.3, 5.1.4, 5.1.5, 5.1.5, 5.1.6, 5.1.7..

4

Дәріс 4. Қабылдаудың қасиеттерінің ерекшеліктері.

Тақырып 4. Ес сипаты.



2

2




6

17

5.1.1,5.1.2, 5.1.3, 5.1.4, 5.1.5, 5.1.5, 5.1.6, 5.1.7..

5

Дәріс 5. Естің тұлға дамуындағы рөлі.

Тақырып 5. Елес туралы түсінік.




2

2










5.1.1, 5.1.2, 5.1.3, 5.1.4, 5.1.5, 5.1.5, 5.1.6, 5.1.7..

6

Дәріс 6. Қиял бейнелерді құру процесі.

Тақырып 6. Қиял түрлері.




2

2










5.1.1, 5.1.2, 5.1.3, 5.1.4, 5.1.5, 5.1.5, 5.1.6, 5.1.7..

7

Дәріс 7. Ойлау және танымның байланысы.

Тақырып 7. Ойлаудың танымдағы орны




2

2










5.1.1, 5.1.2, 5.1.3, 5.1.4, 5.1.5, 5.1.5, 5.1.6, 5.1.7.....

8

Дәріс 8. Ойлаудың түрлерінің іс-әрекеттегі рөлі.

Тақырып 8. Ойлау теориясы.




2

2










5.1.1, 5.1.2, 5.1.3, 5.1.4, 5.1.5, 5.1.5, 5.1.6, 5.1.7..

9

Модуль 2. Тұлға психологиясы.

Дәріс 9. Мотив және мотивация

Модуль 2. Тақырып 9. Мотивация психологиясы.


2

2




6

17

5.1.1, 5.1.2, 5.1.3, 5.1.4, 5.1.5, 5.1.5, 5.1.6, 5.1.7..

10

Дәріс 10. Жеке тұлға басты құндылық

Тақырып 10. Жеке тұлғаны зерттеу тарихы




2

2










5.1.1,5.1.2, 5.1.3, 5.1.4, 5.1.5, 5.1.5, 5.1.6, 5.1.7..

11

Дәріс 11. Темпераменттің тұлға дамуындағы орны.

Тақырып 11. Темперамент типтері.




2

2










5.1.1, 5.1.2, 5.1.3, 5.1.4, 5.1.5, 5.1.5, 5.1.6, 5.1.7.....

12

Дәріс 12. Мінез тұлғалық қасиеттің қыры ретінде.

Тақырып 12. Жеке тұлға және адам мінезі.




2

2




6,5

16,5

5.1.1, 5.1.2, 5.1.3, 5.1.4, 5.1.5, 5.1.5, 5.1.6, 5.1.7..

13

Дәріс 13. Адам қабілетінің табиғаты.

Тақырып 13. Қабілет, нышан және адамдардың даралық өзгешеліктері.




2

2










5.1.1, 5.1.2, 5.1.3, 5.1.4, 5.1.5, 5.1.5, 5.1.6, 5.1.7..

14

Дәріс 14. Еріктің табиғаты.

Тақырып 14. Әрекет-қылықты еріктік реттеу.




2

2










5.1.1,5.1.2, 5.1.3, 5.1.4, 5.1.5, 5.1.5, 5.1.6, 5.1.7..

15

Дәріс 15. Эмоция және сезімдердің арақатынасы.

Тақырып 15. Эмоциялар және жеке тұлға




2

2










5.1.1,5.1.2, 5.1.3, 5.1.4, 5.1.5, 5.1.5, 5.1.6, 5.1.7..

16

Барлығы

30

30

-




120




2.1 1-2 аралық білімді бақылау тапсырмалары электрондық түрде салынады. Өткізілу формасы: тестілеу.

3 КУРС САЯСАТЫ



Курсты меңгеруде студенттерге қойылатын талаптар

Әрбір студенттің міндетіне - сабақтан қалмау, берілген тапсырмаларды мерзімінде, дұрыс тиянақты орындау жатады. Сабақты босату сол тәрізді өтілген сабақты талдауға қатыспау студенттердің жауапкершілігі жоқ екенін көрсетеді, сол себепті студенттердің сабаққа қатысуы мен оқу үлгерімі оның оқуға деген қатынасын , ниетін білдіреді және осының барлығы курс бойынша қорытынды баға қоярда ескеріледі.

Берілген тапсырмалар уақытында орындалмаған жағдайда, әрбір тапсырма үшін бағаңыз кеміп отырады. Сабаққа келмей қалсаңызда баллыңыз кемиді. Сондықтан сабаққа кешікпей, уақытында қажетті дайындықпен келуге талпыныңыз .

Аса себепті жағдайлар (науқастанып қалу, отбасының жағдайлары) болғанда оқытушыны хабардар етуге және берілген тапсырмалардың бәрін де өткізуге міндетті екеніңізді ұмытпаңыздар. Әрбір студент өз жұмыс орнында болып қоймай, өзінің жұмыстағы міндеттерін орындауға тиіс. Оны орындамаған студентке білімін бағалауда кедергілер болатынын ескерген дұрыс. Осы пән бойынша берілген барлық тапсырмалар семестрдегі сабақ кестесінде бекітілген мерзімде орындалуы тиіс. Курсты оқып білу студент тарапынан белсенді болуды талап етеді.

Қажет уақытында оқытушыдан кеңес алу құқыңыз бар. Пән бойынша ұсынылған негізі және қосымша әдебиеттерді үнемі, әрі үзіліссіз оқып отыруыңыз қажет. Өйткені тапсырманы орындау негізінде немесе емтиханға даярлық кезінде оқулықты қолға алу сізге қажетті білімді толық бере алмайды.

Сол себепті толық әрі жан-жақты білім алғыңыз келсе, семестр бойында бірді-екілі ғана әдебиетпен шектелмей, пән бойынша бар барлық деректерді пайдалануыңыз қажет. Әрбір сабаққа пайдалануыңыз керек. Курсты меңгеру барысында жоғары жетістікке жетуіңіз сіздің оқу белсенділігіңізге байланысты екендігін еш ұмытпаңыз. Сабаққа қатысу белсенділігіңіз, оқу үлгеріміңіз және оқытушы берген тапсырмалаларды сапалы орындауыңыз сіз үшін межелік бақылау (аттестация) және емтихан кезінде көмектесетін дау тудырмайтын факті болып табылады.

Емтихан сіздің теориялық білім деңгейіңізді анықтау емес, керісінше өзіңіздің теориялық білімізді практикада қолдана алу мүмкіндігіңіздің көрсеткіші болады. Емтихандағы сұрақтар аудиторияларда қарастырылған және өзіңіз орындаған тапсырмаларға негізделеді. Қорытында емтихан барлық студент үшін міндетті болып табылады.

Берілген тапсырмаларды орындау барысында тиым салынады:


  • біреудің жұмысын көшіріп өткізуге ;

  • өзінің тапсырмасын басқа адамдарға орындатуға ;

  • жұмысты белгіленген мерзімнен кешіктіруге;

  • топ болып орындаған тапсырмаларды орындауға қатыспай балл талап етуге және т.б.

  • сабақ уақытында телефон өшірілуі керек.

4 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ

Басқа кредиттерден тәуелсіз әр пәнге бір академиялық кезең үшін 600 балл бөлінеді (1-7 апта – 270 балл және 30 балл сабаққа қатысқаны үшін, 8-15 апта – 270 балл және 30 балл сабаққа қатысқаны үшін).

Апта және білімді бақылау түрлері бойынша балл бөлу 3-кестеде көрсетілген.

3-кесте


Апта

Зертханалық, практикалық, семинар сабақтарының, БӨЖ тақырыптары

Білімді бақылау түрі

Барлық балл


1

2

4

3

1-7

1-7 апта аралығындағы барлық аудиториялық сабақтарға қатысу


Оқытушы тек білім алушының сабақта жоқ екендігі туралы фактіні ғана тіркейді

30













Зертханалық сабақтар, тәжірибелік сабақтар, семинар, БӨЖ

1-2

Тақырып 1. Түйсіктің түрлері және қасиеттері мен заңдылықтары.

Тақырып 2. Қабылдау және оның ерекшеліктері.



Тәжірибелік

20

3

Тақырып 3. Қабылдаудың түрлері мен қасиеттері.

Тәжірибелік

20

4 ТС

Тақырып 4. Ес сипаты.

Тәжірибелік

20

4 БӨЖ

1. Психофизиканың Фехнерден Дж. Гибсонға дейін дамуы.

2. Түйсінулерді өлшеу, шкалалау. Көру қабылдауындағы Фурье анализ.

3. Фехнер постулаты.

4. Стивенстің психофизикасы.

5. Ойлау іс-әрекетінің құрылым (О.К.Тихомиров).


Конспект

40

5

Тақырып 5. Елес туралы түсінік.

Тәжірибелік

20

6 ТС

Тақырып 6. Қиял түрлері.

Тақырып 7. Ойлаудың танымдағы орны



Тәжірибелік

20

6 БӨЖ

1. Объективті, субъективті бағдарлаушы ықпалдар (Э. Титченердің структуралистік теориясы, Г. Гельмголцтың санасыз ой қорытындысы теориясы, Дж. Брунердің перцептивті цикл теориясы).

2. Перцептивті теңесу теориясы. Қабылдау теориялары (Г. Гельмгольц, И.М. Сеченов, Н.Н. Ланге).

3. Қабылдауды психофизикалық теориялары (Дж. Гибсон, Э. Гибсон, К. Грэхем, Х. Хелсон).

4. Кеңістікті, формаларды, қозғалысты қабылдаудағы Дж. Гибсон зерттеулері.

5. Қабылдаудың дамуындағы қозғалыстың рөлі. А.Н. Леонтьев және А.В. Запорожецтің қабылдау психологиясы бойынша эксперименттік зерттеулері.

6. Зейіннің іс-әрекетті реттеу механизмдерімен байланысы (А.Н. Леонтьев). Зейіннің моторлық теориясы.

7. Зейінді эксперименттік зерттеулер (Л.С. Выготский, П.Я. Гальперин).

8. Гештальтпсихологияда зейінді зерттеу. Зейін күй және процесс ретінде.



Реферат

50

7

1 Аралық бақылау




80

1-7 апта аралығындағы оқу нәтижелері бойынша балл қорытындысы


30+270=

300


8-15

8-15 апта аралығындағы барлық аудиториялық сабақтарға қатысу

Оқытушы тек білім алушының сабақта жоқ екендігі туралы фактіні ғана тіркейді

30

Зертханалық сабақтар, практикалық сабақтар, семинар, БӨЖ

8-9

Тақырып 8. Ойлау теориясы.

Тақырып 9. Мотивация психологиясы.



Тәжірибелік

15

10

Тақырып 10. Жеке тұлғаны зерттеу тарихы

Тәжірибелік

15

11 ТС

Тақырып 11. Темперамент типтері.

Тәжірибелік

15

11 БӨЖ

1. Ес арқылы материалды үнемдеуiндегi 7+2 заңдылығы (ДЖ.Миллер).

2. Естiң оперативтi өлшемдерi және олардың әрекеттегi динамикасы (П.И.Зинченко). Есте өңделген материады түсiну деңгейлерi (А.А.Смирнов).

3. Естiң жоғарғы психикалық функциясы ретiнде дамуы (Л.С.Выготский, А.Р.Лурия, А.Н.Леонтьев).

4. Адам мнемикалық әрекетiнiң заңдылықтары (Г.Эббингауз).

5. Ойлаудын сырткы және iшкi детерминациясы (О. Кюльпе, Н.Ах, В. Келер, К. Дункер). Интеллект калыптасу және даму теориясы (Ж. Пиаже).

6. Ойлау қалыптасуына гендiк рекомбинация, мутация және сұрыптау механизмдердiң қосатын үлесi (Ф. Кликс).

7. Ойлаудың пайда болуы адам санасының қалыптасу факторы ретiнде (Б.Ф.Поршнев, А.Р.Лурия).

8. Ұгымдық ойлаудың қалыптасу мәселесін талқылаудағы түрлі бағыттар мен теориялар (Л. Леви-Брюль, Ж. Пиаже, Л.С. Выготский, Ч. Осгуд).

9. Ойлау "абсолютті мүмкін емес" пен "абсолютті мүмкіннің" арасында байланыс орнату процессі (Б.М.Величковский).

Ойлау мен сойлеудiн эволюциясынын мәдени-тарихи теориясы (Л.С. Выготский) және тарихи-этникалық теориясы (М.М.Мұқанов).

10. Ойлау әрекет жуйесi ретiнде және ой кимылдардын курылымдык сипаты (А.Н. Леонтьев). Ойлау жалпылау денгейлер жуйесi ретiнде (В.В. Давыдов).


Конспект

40

12

Тақырып 12. Жеке тұлға және адам мінезі.

Тәжірибелік

15

13

Тақырып 13. Қабілет, нышан және адамдардың даралық өзгешеліктері.

Тәжірибелік

20

14 ТС

Тақырып 14. Әрекет-қылықты еріктік реттеу.

Тақырып 15. Эмоциялар және жеке тұлға



Тәжірибелік

20

14 БӨЖ

1. К.Юнг бойынша индивидуалды мінездің типологиялық моделі.

2. Жалған индивидуалды практикалық іс-әрекет қабілеттіліктің даму шарты ретінде (С.М. Жақыпов).

3. Д.М.Кэттелдің психологиялық лабороториясындағы даралық ерекшіліктер, оқу дағдылары салаларындағы зерттеулер.

4. А.Ф.Лазурскийдің тұлға психологиясына үлесі.

5. Уотсонның теориясы. Әлеуметтік үйрену теориялары.

6. К.Хорнидің психологиядағы тұлға түсінігі.

7. К.Юнг, А.Адлер, Э.Фромм, Э.Эриксон, В.Райх теорияларының дамуы.

8. Г.Олпорт, А.Маслоу, К.Роджерс, В.Франкл теорияларының дамуы және қалыптасуы.

9. Ж.Пиаже, Д.С.Брунер теориялары.

10. Д.Миллер, У.Найссер, Г.Келли теориялары.



Презентация

50

15

2 Аралық бақылау





80

8-15 апта аралығындағы оқу нәтижелері бойынша балл қорытындысы


30+270=

300


Емтиханның қорытынды баллы




400

Академиялық кезең үшін қорытынды балл




1000

Пән бойынша білім алушылардың білім сапасын бағалау шкала бойынша анықталады (4-кесте).

4 – кесте

Білімді бағалаудың көпбаллды әріптік жүйесі


Әріптік жүйе бойынша бағалау


Баллдардың цифрлық эквиваленті



Пайыздық мазмұны


Дәстүрлі жүйе бойынша баға


А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3.00

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық


С

2,00

65-69

С-

1,67

60-64

Д+

1,33

55-59

Д

1,00

50-54

F

0,00

0-49

Қанағаттанарлықсыз

5 ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАР



5.1 Негізгі әдебиеттер:

5.1.1 Жарықбаев Қ. Психология:Оқулық..-Алматы.,2010.

5.1.2 Жарықбаев, Қ. Жантану негiздерi. - Алматы, 2002.

5.1.3 Жакупов С. Жалпы психология. – Алматы, 2011.

5.1.4 Жарықбаев Қ. Психология: энциклопедиялық сөздік /Қ.Жарықбаев, О.Саңғылбаев. - Алматы: Қазақ энциклопедия, 2011.

5.1.5 Намазбаева Ж.Ы. Орысша-қазақша психологиялық сөздік. - Алматы, 2005.

5.1.6 Намазбаева Ж.И. Психология (на каз.яз). - Алматы,2005.

5.1.7 Бап-Баба С. Жантану негіздері: Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған дәрісбаяндар жинағы .-Алматы, 2011.

5.1.8 Бап-Баба, С. Мың да бір тест жалпы психология бойынша. - Алматы,2003.

5.1.10 Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений.

Т1.(Общие основы психологий) – Москва,2003.

5.1.11 Рубинштейн С.П. Основы общей психологии. - СПб., 2005.

5.1.12 Петровский А.В., Ярошевский М. Психология.-Москва, 2002.

5.1.13 Гиппенрейтер Ю.Б, Введение в общую психологию.-Москва, 2000.



5.2 Қосымша әдебиеттер:

5.2.1 Аймауытұлы Ж. Психология.-А.:Рауан, 1995.

5.2.2 Гамезо М.В., Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.,1998.

5.2.3 Общая психология (Курс лекции)./Сост. Е.И.Рогов. – М., 1995.

5.2.4 Рубинштейн С.Л. Основы общей психологий. – СПБ., 1999.

5.2.5 Столяренко Л.Д. Основы психологии. - Ростов - на - Дону, 1996.

5.2.6 Тәжiбаев Т. Жалпы психология. - Алматы, 1993.

5.3 ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАР:

5.3.1 www.psi.webzone.ru

5.3.2 www.psynavigator.ru

5.3.3 http://testme.org.ua/

5.3.4 http://psyfactor.org/

5.3.5 www.Psy8.ru

5.3.6 www.psylist.net

5.3.7 www.psyresurs.ru

5.3.8 www.psychology.ru



5.3.9 www.psychology-online.net

5.3.10 www.psyvoren.narod.ru

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет