Тақырыбы: Туған жердің экологиясы



бет1/4
Дата22.02.2018
өлшемі0,73 Mb.
#38162
  1   2   3   4
Тақырыбы: Туған жердің экологиясы

Мақсаты: Балаларды табиғат әсемдігін көре білуге, оны аялауға, қорғауға тәрбиелеу, экологиялық білімділік, ойлау қабілетін, сауатты сөйлеу дағдысын дамыту.


Көрнекілігі: табиғат тақырыбына арналған нақыл сөздер, интербелсенді тақта, альбомдар,кітаптар.
Мұғалім: Қымбатты ұстаздар, оқушылар! Жалпы, табиғат — тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні. Халық ұғымында табиғат деген сөз жер, аң, туған жер, атамекен сөздерімен қатар тұрады. Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымызды табиғат туралы болмақ. Қазақстан табиғатының өлшеусіз байлығын игере отырып, бізді қоршаған ортаның бүтіндігін сақтау да республикамыздағы ең күрделі мәселелердің бірі. Көшпелі тұрмыс кешкен қазақтар өзінің барлық ақыл ойын табиғатпен байланыстырған. Ал қазір сол көшпелі қазақтардың ақыл ойын біз сақтап отырмыз ба? Міне бүгінгі талқыланатын мәселеміз осы.

8 «А» сынып оқушыларының ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!



І.Жүргізуші: Ну орман, жасыл орман, мынау орман,

Далаға қорған болып тұра қалған.

Барлығы баласындай бір-ақ үйдің,
Барлығы жаралғандай бір адамнан.
О, құдірет, неткен шалқар күй ең сен,
Бүгін менің жиі еңсем.
Осылай да ойланып қой, адамдар,
Жығылмайсың орманыңа жүгінсең
Табиғат әсемдіктің төркінісің,
Ән саламыз бір сенің көркің үшін.
Жан-жануар табынып бір өзіңе,
Сенен асып тұрғандай бар тынысын- дей отырып бүгінгі «Туған жердің экологиясы» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

ІІ. Жүргізуші: Экология қазіргі дәуірде адамзатты толғандырып отырған маңызды проблемаға айналды. Табиғатты, қоршаған ортаны жою арқылы бүкіл қоғамды, тіршілікті жойып жіберуге болатынын көптеген елдер түсіне бастады. Біздің өмір сүріп отырған дәуірімізде техникалық құралдармен қаруланған кейбір елдер мен адамзат баласының жер планетасын аз уақыттың ішінде құртып жіберуі онша қиындыққа түспейді. Сондықтан бүкіл әлем халқының ортақ үйі жер планетасын – адамзат баласы біріге отырып экологиялық апатқа қарсы тұрып, жер анамызды сақтап қалу бүгінгі таңдағы ең маңызды мәселе. Яғни біз келешек ұрпақтар табиғатымызды қорғау керектігін айтудан еш қашан жалықпаймыз.

Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды біз сайыс сабақ ретінде өткізейін деп отырмыз. Ендеше ортадағы топтармен таныстырайық.



І.Жүргізуші: І топ «Табиғат сақшылары»

ІІ топ «Табиғат сыншылары»



Топ мүшелері жайғасып алыңыздар. Сіздер жайғасқанша ортаға сыныбымыздың мың бұралған бишісі: Тәжібай Лаураны шақырамыз.


Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет