Тақырыбы: Туған жердің экологиясы



бет3/4
Дата22.02.2018
өлшемі0,73 Mb.
#38162
1   2   3   4
ІІ. Жүргізуші: құрметті топ мүшелері сіздерді бүгінгі сайыстың кезеңдерімен таныстырайық:

І. Кезең: әр топ өз мүшелерін таныстырады ( эмблема, ұран)

ІІ.Кезең: топ мүшелеріне әріптер беріледі сол әріптерден табиғатқа байланысты мақал – мәтелдер құрастырады

ІІІ. Кезең: ойлан тап! (интерактивті тақтаға суреттер шығады сол суретті мазмұндап беру)

ІV. Кезең: сөз жұмбақ толтырылады әр топ сұраққа жауап бере отырып.

V. Көшбасшылар сайысы (топ мүшелерінің капитаны шығып сұрақтарға жауап береді). Ал топ мүшелері айтар тілектеріңіз бар ма?

ІІ. Жүргізуші: Топ мүшелері енді қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1.

2.

3.



Бірақ бұл сабақ сайыс болғанымен біз сыныбымыздың ұйымшылдығына бйланысты барлық іс-шараларды бірлесе ұйымдастырғамбыз.


І.Жүргізуші: Табиғат алдында өздерін жауапты санаған, барлық жан-жануарларды киелі санап, өзен, көл жағалауларын таза ұстап, бұлақ көрсе көзін ашып, жастайынан өз әулеттеріне, балаларының санасына сіңіріп, бойларын үйреткен.
Табиғат арқылы адам бойына сұлулық пен әсемдік дамыту идеясы қазақ ағартушылары мен жазушыларының, ақындарының еңбектері мен өлеңдерінде толық көрсетілген. Мысалы Абай мен Шоқанның, Жамбыл мен Ыбырайдың, Мағжан мен Сәкеннің, Ілияс пен Қасымның, Кәкімбектің өлең-жырларынан көркем жазылған табиғат суреттерімен танысып жан рухына бөленуге болады.

ІІ. Жүргізуші: Қазақстан топырағы киелі, жер бетінің шөбін тартсаң, шырыны шығатын көк майса, жасыл кілем еді.Кеңбайтақ еліміздің барлық территориясында небары 30% ғана шөлді-шөлейт аймақ болған, ал қазір ХХІ ғасырдың басында шөлді аймақ 66%-ға жетіп отыр. Ол дегеніміз халқымыздың көпшілігі табиғатты күтуге, оның табиғи байлықтарын тиімді пайдалануға әлі де болса үйренбей жатқандығы. Кен орындары, жер асты байлықтарды алғаннан кейін қалпына келтіріліп, көгалдандырылмады, қопарылған жердің топырағы жел болса сол маңайдың барлығын шаңға айналдырып басып жатады. әрбір өскен ағаш бүгінгі таңда алтыннан да ардақты, оны қалада да, далада да кесіп жатырмыз, ағаш шабылған жер тазаланбайды. Табиғат аясына – Қарқаралы, Баянауыл, Бурабай тәрізді немесе өзен, көл маңына демалуға шыққан топ барлық қоқыс заттарды шашқан бойы қалдырып, тіпті жаққан отты сөндірмейді.
Біздегі кемшіліктерді жібермеу, барлығымыздың да қолымыздан келеді, бірақ көп нәрсені түсіне бермейміз. Адамзаттың жауапсыз кезеңі бітіп, жауапкершілігі артатын кезеңі жетті.

І. Жүргізуші: олай болса кезекті топ мүшелеріне берейік.

І топ «Табиғат сақшылары» топтарыңызды таныстырыңыздар.



ІІ. Жүргізуші: ІІ топ «Табиғат сыншылары» топтарыңызды таныстырыңыздар.

І. Жүргізуші: ІІ. Кезең бойынша мақал – мәтел құрастыру.



1.Акқу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.
2.Ата қоныс — алтын мекен. 
3. Атамекен — анаң екен, 
Қысылғаңда панаң екен.
4. Атамекен туған жер: 
кір-қоңыңды жуған жер, 
кіндігіңді кескен жер,
кісі болып өскен жер.
5. Жалықтырса ұзақ сапар, жат мекен 
Туған елдің түтіні де тәтті екен.
6.Туған елдің тезегі де дәрі. 
7.Туған елің болмаса, 
Тумай-ақ қойсын күн мен ай.
8.Туған жерге туың тік. 
9.Туған жердей жер болмас
Туған елдей ел болмас.
10.Туған жердің күні де ыстық, күлі де ыстық. 
11.Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің. 
12.Туған жердің тасы да болысады. 

І. Жүргізуші: Енді сыныбымыздың мақтанышы әдебиетке жаны құмар Қуанышова Інжу мен Серікбай Алтынайды ортаға шақырамыз. Табиғатқа ақындардың өлең шумақтарына кезек берейік.

ІІ.Жүргізуші: ІІІ. Кезең: ойлан тап! (интерактивті тақтаға суреттер шығады сол суретті мазмұндап беру) мазмұндарыңыз мәнді мағаналығына қазылар алқасы мән беріп отырыңыздар.

І. Жүргізуші: ІV. Кезең: сөз жұмбақ толтырылады әр топ сұраққа жауап бере отырып.

ІІ.Жүргізуші: «Табиғатты аялайқ» атты сахналық көрініске кезек береміз.



Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет