Байланысты: 1-43 Бастауыш мектепте дүниетану мен жаратылыстануды оқыту әдістемесі
24.Жаратылыстану және дүниетану әдістемесі бойынша болашақ мамандардың меңгеруге қажетті білім қорын ассоциация арқылы дәлелдеңіз Ассоциация (латынша: assotiatio - біріктіру) - Ассоциация латынның «біріктіру» деген сөзін білдіреді. Ол сезіну, түсіну, ойлау және елестету қабілеттері арқылы екі түрлі танымның өзара байланысы болып табылады. Сонымен, ассоциация әдісі – зат немесе бір нәрсе жайлы жалпы мәлімет жинау.
Дүниетану” пәні негізінен үш блокты: “Адам”, “Табиғат”, “Қоғам”ұғымдарын бірлестіретін пән болып табылады.Яғни “өмір әліппесі” болып саналған “Дүниетану” пәні бастауыш сыныпта жаратылыстану пәндерінің негізін қалайды.
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәнінің мақсаты болашақ мамандарға мектептегі “Дүниетану” пәнінің теориялық негіздерін және оқыту мен тәрбиелеу әдістемесімен таныстырады.
Бастауыш мектепте «Жаратылыстану» пәнін оқу және меңгеру қоршаған әлемнің күрделілігі мен көпқырлылығын, сондай-ақ табиғи құбылыстар мен процестердің өзара байланысын; жанды және жансыз табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен процестердің себептерін; жаратылыстану-ғылымдық білімнің адамның көптеген іс-әрекет түрлері үшін маңыздылығын; алуан түрлі практикалық және зерттеу әрекеттері арқылы алынған білімнің күнделікті өмірмен байланысын түсінуге бағытталған.
Бастауыш мектептегі «Жаратылыстану» пәнінің оқу бағдарламасы «Биология», «География», «Химия», «Физика» пәндерін негізгі мектепте оқытудың негізін қалауға, алған білімдерін күнделікті өмірде (үйде, мектепте, табиғат әлемінде) кездесетін табиғат құбылыстары мен процестерін түсіндіру, сипаттау, болжау үшін қолдану білігін дамытуға бағытталған.
«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасының негізгі бөлімі мынадай екі нәрсеге көңіл аударады.
Зерттеу жүргізу дағдылары
Біз өмір сүретін әлем туралы мағлұмат алу болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларына арналған жаратылыстану пәні биология, химия, физика саласына әрі қарай дамытады.
«Дүниетану» пәні бойынша білім берудегі бағдарлама оқушылардың қиялын дамытуға байланысты оқытылады. Тарихи, географиялық және әлеуметтік тұрғыдан түсінуге маңызды рөл атқарады. «Дүниетану» оқу пәнінің мазмұны адам, табиғат және қоғам, оның ішінде отбасы, мәдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық, мемлекет, қоршаған табиғи орта сияқты оқыту нысандарына тоғыстырылған.
Бұл оқу пәні негізгі және жоғары мектепте қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар цикл пәндерінің негізін қалай отырып, олардың өзара байланысы мен тәуелділігі жөніндегі білім жүйесін құрайтын кіріктірілген пән.
Ол Қазақстан тұрғындарының әлеуметтік, моральдық, шығармашылық және коммуникативтік өмірінің жалпы бейнесін көрсетеді, өзі, үйі, отбасы мәселелері негізінде оқушыларда қоршаған орта туралы түсініктерін дамытуға ықпал етеді.
«Жаратылыстану» оқу пәнін оқыту және мақсаттарын іске асыру кезінде экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне, денсаулық сақтайтын технологияларына, зілзалалардың қауіп-қатерін азайту мен қауіпсіз ортаны құру мәселелеріне ерекше назар аударылуы тиіс.«Жаратылыстану» оқу пәнін оқыту барысында әр тоқсанда жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты саны қарастырылған.
Жалпы Жаратылыстану және дүниетану әдістемесі білім алушылардың адамның табиғи және әлеуметтік ортасы туралы білім жүйесі, табиғат пен қоғамның өзара байланысы мен өзара тәуелділігі туралы жалпы адамзаттық құндылықтар тұрғысындағы түсініктерін қалыптастыруға бағытталған.