«Бастауыш мектепте дүниетану мен жаратылыстануды оқыту әдістемесі» Бастауыш сыныптардағы «Жаратылыстану»


С.А.Павлович және П.А.Завитаев бастауыш сыныптарда «Дүниетану» пәнін оқытудың әдістемесін ұсынушылар



бет18/38
Дата25.05.2023
өлшемі169,33 Kb.
#177652
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38
Байланысты:
1-43 Бастауыш мектепте дүниетану мен жаратылыстануды оқыту әдістемесі

22.С.А.Павлович және П.А.Завитаев бастауыш сыныптарда «Дүниетану» пәнін оқытудың әдістемесін ұсынушылар.
Петр Алексеевич Завитаев (1890-1970) – Дүниетану пәнін бастауыш мектепте оқытуды жетілдіруде айтарлықтай үлес қосты. Ол өзінің жұмыстарында жаратылыс ғылымдарына тән әдістерге сүйене отырып табиғаттану түсініктері мен ұғымдарын қалай қалыптастыру керек екенін көрсетуге тырысты. Ол жасаған бақылаулар, тәжірбиелер мен экскурсиялар жүргізу әдістемесі табиғаттану ұғымдарын қалыптастыруға қажетті нақтылы сезім негізін құруға көмектесті. П.А.Завитаев заттық сабақтардың жүйесін жасады, оларды оқыту мазмұны мен әдістемесін анықтады. Бұдан басқа, ол Дүниетану пәнінің материалдық базасын жетілдіруде, құрал–жабдықты сабақтарда пайдалану әдістемесін жасауда көп еңбек етті. Ол «1-4 сыныптардағы экскурсиялар мен заттық сабақтар», «1-4 сыныптардың оқу-тәжірибе учаскесі», «1-4 сынып оқушыларының оқу-тәжірибе учаскесіндегі еңбегі» әдістемелік еңбектерін шығарады. Сонымен бірге ол Дүниетану пәнін оқушыларға политехникалық білім берудің баспалдағы деп есептеді.
П.А.Завитаев табиғаттану сабақтарында жабдықтар мен көрнекі құралдарды қолдану әдістемесін жетілдіру жөнінде көп жұмыс жасады. «1-4 сыныптарда табиғат зерттеуге байланысты сабақтардың жабдықтары», «Бастауыш сыныптарда Дүниетану пәнін сабақтарында тәжірибе жүргізуге арналған жабдықтар» сияқты әдістемелік құралдар жазды. П.А.Завитаев заттық сабақтар жүйесін белгіледі олардың мазмұнын және де өткізу методикасын анықтаған болатын .
С.А.Павлович белгілі әдіскер биолог болған. Бастауыш сыныптардағы жаратылыстану пәнін оқытуда көрнекілікті пайдаланудың жолдарын талдаған Павловичтің негізгі еңбектерінің қатарына" Бастауыш сыныптарда жаратылыстануды оқыту тәжірибесі", "Өлі табиғат туралы алғашқы білімді қалай беру керек" ," Мектеп жаратылыстануындағы көрнекіліктер жүйесі", "Табиғаттану оқулығы. Негізі және оқыту әдістемесі" т.б. С.А.Павловичтің негізгі көңіл аударған мәселесі сабақты көрнекілікпен қамтамасыз ету жолдары және көрнекілікті дайындау әдістері болып табылды. Оқушылардың өздеріне жасатуға болатын көрнекілік түрлерін және жаратылыстану сабақтарының кабинеттерін жабдықтау, түрлі приборлар мен модельдерді жасау туралы айтылған нұсқаулары мен еңбектерінің әлі күнге дейін құндылығы жоғары болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет