Лекция2. Тақырыбы : Қатты материалдарды өңдеудің технологиясы.
Мақсаты: қатты материалдардың қасиеттері мен технологиясы туралы білімін қалыптастыру.
Лекция мазмұны.
Ағаш материалының адам өмірінде қолданатын орны өте мәнді ағаш материалы өнірісте, құрылыста, тұрмыста өте жиі қолданады. Сонымен бірге ағаштан жасалған бұйымдардың қолданбайтын жері жоқ.
өсір тұрған ағаш тамырдан, діңнен және ағаш басынан тұрады. Ағаш массасының 12 пайызы ағаштың массасын құраса, 15 пайызы тамыры және 75 пайыз діңі болып табылады. Ағаштың басы бұтақтар, жапырақтар бөлігінен тұрады.
Ағашты көленеңнен кескенде мынандай бөліктерден тұрады: өзек,жүрекше сәуле, ядро, төз қабығы, қабықша, шел қабық, камбий, жылдық сақина қабық.
Ағаштың физикалық қасиетіне сыртқы беті, иісі, тығыздығы, ылғалдығы, жылу өткізгіштігі жатады. Сыртқы беті оның түсі, жылтырлығы және текстурасымен анықталады. Ағаштың түсі, оны көлденең және бойымен тілген кезде байқауға болады. Ақ түсту ағашқа жөке, шырша, терек жатса, емен, шетен ағаштары күңгірт, жаңғақ ағашы қоңыр түсті болып келеді. Яғни ағаштардың тұқымын түсі, жылтырлығы және текстурасы арқылы ажыратуға болады. Ағаштың ең құнды қасиеті, оның текстурасында. Тексурасымен сәндік бұйымдар, жиһаздарға өте құнды қасиет. Бұл тектсураны алу үшін ағашты үш түрлі бағытта кеседі: ағаш бойымен, радиальды және тангенциальды. Тағы бір ағаштың бөлігі – тамыр бөлігі. Ол бөліктерден құнды сувенир бұйымдар жасайды.
Жарық сәулесін шағылыстыра алатын қабілетін ағаштың жылтырлығы дейді. Жылтырлығы жоғары ағашқа емен, ақ акация, шамшит үйеңкі жатса, жылтырлығы төмен ағаштарға жөке, теректер жатады. әрбір ағаштың өзіне тән иістері болады. әсіресе қылқан жапырақты ағаштардың иісі мәнді шығады. өйткені олардың құрамында шайыр, эфир майы кездеседі.
Бұйым жасау және құрылыста қолдану үшін ағаштың ылғалдылығын төмендету қажет. Бұйым жасауда ағаштың ылғалдылығы 10 пайыздар артпау қажет. өйткені, қолданылу орнында деформацияға ұшырап бұйымның сапасын төмендетеді немесе бұзылуы мүмкін. Ағаштың мынандай ылғалдылық дәрежесіне байланысты мыналар тобына бөледі: 100 паыз ағаш суда жатуы; 50-100 пайыз ылғалыдылық ағаш жаңадан кесілуі; 15-20 ағаш ауада кептірілуі; 8-12 пайыз бөлмеде кепкен ағаш; 0 пайыз ылғалдылықтың мүлдем жоқтығы. Ағаштың өсіп тұрған кезінде жыл мерзімінде ылғалдылық әр түрлі болады. Қыс және күздің кешінде ылғалдылық жоғары, ал жаз мезгілінде төмен болады. Ағаш тығыздығының дәрежесі үш топпен құралады. Төмен дәрежелі тығыздық шырша, қарағай, терек, ива ағаштары жатса, орташа тығыздықта жөке, қайың, груша,емен,рябина, ал тығыздығы жоғары – ақ акация, самшит қызыл ағаш(макагон) жатады.ағаштың жылу өткізгіштігі оның тұқымына, тығыздығына және ылғалдылығына байланысты жылу тығыздығы төмен ағаштарда төмен болса, жоғарыда артады. Көлденең тұрған ағаш жылуды жақсы өткізбейді. Ұзын талшықтарымен жылуды екі есе жоғары өткізеді. Дыбыс өткізуі де солай. Ұзын талшықтарымен арттыратын болса, көлденең нашар өткізеді. Ылғалдылық төмен болса дыбысты жақсы шығармайды. Сондықтан саз аспаптарын жасауға шырша ағашы өте қолайлы.
Металлды екі топқа бөледі. Қара металл және түсті. Қара металлға жоғары көміртекті элементтен тұратын темір материалын атайды(2 пайыздан жоғары тұратын көміртекті металл). Қара металл – шойын. Ол 1250 градуста балқиды, аморфты дене, соғуға келмейді, өңдеуге қолайсыз. Шойыннан алынатын бұйым құйма әдісімен алынады. Келесі металл – болат. Оның құрамында көміртек 0,45 тен 1,7 пайызға дейін құрайды. Ол серпімді материал, шыңдалына отырып өзінің қасиеттерін өзгерте алады. Ол металлдан өндіріске қажетті конструкциялы материалдар және бұйымдар жасайды. Темір жақсы өңдеуге келетін материал болып табылады. Ол ауада тотығады. Оның жұмсаруын қыздыру арқылы алады. Темірден қаңылтыр бетті материалдар алынады. Қаңылтыр темір қайшымен кесуге, оны июге, бүгуге болады. Пісіре отырып біріктіруге болады.
Түсту металлды таза немесе қоспа түрінде қолданады. Мырыш сұр металл, жұмсақ, жеңіл пісіріледі, балқу температурасы 419 градус. Алюминий – ақ түсті, өте жеңіл, жұмсақ, қол аспаптарымен жеңіл өңделеді. Балқу температурасы 658 градус. Мыс жұмсақ, қызғылт-сары, қол аспаптарымен жеңіл өңделеді, пісірілуі ауыр. Балқу температурасы 1083 градус. Латунь – мыс пен мырыштың қоспасынан тұрады. Жеңіл өңделеді және пісіріледі. Қалайы – жұмсақ, сұр түсті, 232 градуста балқиды, ол пісіруге ең қажетті материал. Қорғасын жұмсақ металл, бірақ ауыр болып келеді. Балқу температурасы 327 градус.
МЕКТЕП ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫЛАРҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕХНИКАЛАР – ЧЕКАНКА, МЕТАЛЛОПЛАСТИКА, ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМ ЖАСАУДЫҢ КЕЙБІР техникалары, мысалы, сым темірден ширата бейне кескіндерін жасау техникасы.
Қазіргі химия өндірісі металл мен ағаш материалдарын алмастыра алатын конструкциялы материал – пластмассм материалын өңдеу мен одан бұйымдар жасау кеңінен таралуда. Пластмасса – ол молекулярлық тәсілде жинақтала жасанды түрде алынатын материал. Оның негізгі шикізаты мұнай өнімі болып табылады. Қазіргі кезде осы тәсілмен алынған материалдар түрі көбеюде. Мысалы, оргстекло, ПВХ, поролон, полиэтилен, капрон және т.б.. пластмассаның қасиетін өзгерту үшін, оның құрамына ағаштың ұнтағын, мақта материалын, шыны, қағаз сияқты материалдарды қосады. Пластикалық қасиеттерін арттыруға пластификаторлар, яғни май тәріздес материал қосады. Түсін өзгертуге және атмосферадан түсін жоғалтпауға әр түрлі бояулар қолданады. Бастауыш сынып оқушыларына қолайлы пластикалық материалдар оргстекло, поролон, пенпласт, линолеум, эбонит, капрон, тестолит,ПВХ сияқты материалдар.
Бақылау сұрақтары.
қатты материалдар түрі және олардың қасиеттері;
қатты материалдардың әсемділік қасиеттері;
қатты материалдарды өңдеу;
қатты материалдардан әсем бұйым жасау техникалары.
Әдебиет:
1. Цейтлин Е.Н.Справочник по тру-довому обучению. - Москва «Просвещение», 1983г.
2. Кузнецов Н.П. Методика трудового обучения с практикумом в учебных мастерских» Москва 1981г.
3. Давлетова К.Ш.Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулудың әдістемесі мен практикумы» РИО ЗКГУ, 2005ж.
Достарыңызбен бөлісу: |