«Бастауыш мектепте «Музыканы» оқыту әдістемесі»


Тақырыбы №4: Ресейдегі музыкалық тәрбие мен білім



Pdf көрінісі
бет16/85
Дата08.02.2022
өлшемі1,22 Mb.
#117960
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   85
Байланысты:
мухика лекциа
лекций, Тақырып 13
 
Тақырыбы №4: Ресейдегі музыкалық тәрбие мен білім 
беру жүйесінің ерекшелігі 
1. Ерте заманнан ХХ ғасыр аралығындағы Ресейдегі 
музыкалық тәрбие тәжірибе 
2. Кеңес дәуіріндегі музыкалық тәрбие жүйесі (1917-1980) 
3. Қазіргі кездегі Ресейдегі музыкалық тәрбие тәжірибесі 
(1990-2014) 
4. Музыкалық білім беру педагогикасының ғылым ретінде 
дамуы
 
1. Ерте заманнан ХХ ғасыр аралығындағы Ресейдегі 
музыкалық тәжірибе 


18 
Ресейдің музыка мәдениетінде ХУШ ғасырға дейінгі кезеңде 
хормен ән айту басты болды. Шіркеу және монастырь 
жанындағы мектептерде хормен ән айтуға үйрету ісі жүргізілді.
Шіркеулік ән айту мектептегі жалпы білім беру 
бағдарламасына 1864 жылы шыққан «Бастауыш халықтық 
училищелер ережесіне» сәйкес енді.
Л.Н.Толстой барлық бастауыш мектептерде сурет және 
музыка-ән айту сабақтарын ұйымдастыру қажеттігіне сенімді 
болды. К.Д.Ушинский адамгершілік тәрбиенің мақсаты – ізгілік 
пен патриоттық сезімді тәрбиелеу. Құралдары: оқыту, тарихи 
мағлұмат беру, үлгі, жеке тәжірибе, мақтау, жазалау, дәстүр, 
фольклор, салт деп санады. 
ХІХ ғасырдың аяғында
Д.Н.Заина мен А.Л.Маслова
сынды 
педагогтар барлық балаларға музыкалық тәрбие беру қажеттігін 
негіздеді. Осы кезеңде ашылған музыкалық тәрбие беру 
ұйымдарының жұмысы да айтарлықтай болды: Пермь қаласында 
А.Д.Городцов «
ән айту курстарын
» ашты, 1906 жылы Мәскеу 
халық консерваториясы ашылды. 1911 жылы С.Т. және 
В.Н.Щацкийлер ашқан колонияда балаларға музыкалық тәрбие 
беру тәжірибесі іске асты. 1906-1916 жылдар аралығында Мәскеу 
халық консерваториясына музыкалық даярлықты өтпеген 
тыңдармандардың көп болуына байланысты жаңа пән «Музыка 
тыңдау» курсы енгізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет