Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін оқыту теориясы мен технологиясы педагогикалық ғылым ретінде.
Дәріс мақсаты: Бастауыш мектепте бейнелеу өнерін оқытудың объектісі, пәні және әдістері жөнінде мағлұмат беру.
Дәрістің жоспары:
Бейнелеу өнерінің мақсаты мен міндеттері.
Бастауыш мектепте бейнелеу өнерін зерттеудің обьеътісі, пәні және әдістері.
Бүгінгі күнде бастауыш мектепте білім беруді дамытудың негізгі бағыты бала дамуына қажетті кеңістікті және баланың дара дамуына кешенді жетекшілік жағдайын туғызумен байланысты болып отыр. Соған сәйкес баланың әлеуметтік ортада өзін-өзі танытып, дамытуына, сол ортадағы мәдени коммуникациясын қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстың алғашқы көшін мектепке дейінгі кезеңде бастау керектігі белгілі. Қай жағынан болмасын өте тәрбиелі де, мәдениетті азаматтарды ертеңгі қоғам талабына сай етіп тәрбиелеу - мемлекет, білім беру -мекемелері және отбасы үшін жауапты міндет. Бейнелеу сабақтарында жеке тұлғаның мақсат қою, табандылық, ұқыптылық және еңбек сүйгіштік секілді қабілеттері қалыптасады. Сурет салу кезінде заттардың түрін пішінін перспективалық қысқартуларын, түсін көзбен көріп, қабылдай отырып, оқушылар заттардың алғашқы қасиеттерін талдап, салыстырып, қорытындылайды. Осы арқылы суретшілік қызмет ойлаудың дамуына стимул береді. Адамның ойлау процесі қандайда бір сұраққа жауап беру, белгілі бір тапсырманы орындау іс–әрекеттің қандайда бір түрін табу секілді қажеттіліктер тұрғысында белсенді қызмет жасауға көшеді. Оқушылардың көру және есту қабілетін қалыптастыруда, әр түрлі құбылыстар мен фактілерді байқау, шынайлық объектілерінің мағынасын аз байқалатын жақтары мен белгілерін есепке алу қажет.
Бейнелеу өнерін оқыту үрдісінде оқушыларға эстетикалық тәрбие мен көркемдік білім беру және ұлттық өнерді оқытып, үйрету ерекшеліктерінің ескерілуі аса маңызды мәселе болып отыр. Осыған орай жаңа оқу бағдарламасы, оған сәйкес келетін оқу құралдары, әдістемеліктер жасау қажеттілігі пайда болды. Бейнелеу өнері пәнін бастауыш мектепте оқыту оқушылардың эстетикалық талғамын арттырып, бейнелі ойлау, қабылдау қасиеттерін қалыптастыру мақсаттарын көздейді. Бұл мақсатты жүзеге асыру мынандай міндеттерді жүктейді:
- оқушыларды жалпы өнер түрлерімен таныстырып, ұлттық өнер ерекшеліктерін танып білу арқылы эстетикалық тұрғыда тәбиелеу;
- қоршаған орта мен табиғаттағы түрлі түстер мен реңдерді, форма мен жарық сәулелерді бақылау, көру, қабылдау арқылы оқушылардың ой – қиялын дамытып, көркем шығармашылық қабілетін жетілдіру;
- оқушылардың өнер иелеріне, шығармаларына деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін тәрбиелеу;
Сонымен қатар, бұл бағдарламаның қазіргі таңда оқылып жатқан бағдарламадан ерекшелігі бар:
- оқушылардың көркемдік жағынан жетілуіне халықтық сәндік-қолданбалы өнерін кеңінен жанастыру арқылы дамыту көзделеді;
- бейнелеу өнеріндегі дәстүрлі емес тәсілдер түрімен таныстыру;
- қоршаған орта шындығын әсерлі қабылдау, әсемдікке сүйсіну, ұсқынсыздықтан жирену қасиеттерін қалыптастыру.
Бояумен жұмыс жасауда қағазды ұмаждап бояу, дақ арқылы бояу т.б. дәстүрлі емес тәсілдер де қарастырылған. Бояумен жұмыс бірден қышқаламмен басталады, негізгі суреті де қыш қаламмен салынады.
Осылайша жұмыс жасау оқушының қағаз бетінде еркін жағу арқылы түстердің үйлесімділігін сезініп, реңктерді ажырата алу қабілеттерін жетілдіруге жол ашады.сынып жоғарлаған сайын түстерді шын мәнінде бақылау процесі артып, бояумен жұмыс жасау күрделене түседі.
Бейнелеу өнерін оқытудағы жаңа педагогикалық технологияларға тоқталатын болсақ, ол-соңғы техникалық құралдармен жабдықталған, шығармашылық ізденістен туындаған дәстүрлі және дәстүрден тыс әдіс-тәсілдердің жүйелі бірлігі.
Бейнелеу өнерін оқыту тәжрибесінде қолданып жүрген бірқатар дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді атап айтсақ олар- ойын, сайыс, көрме, соның ішінде:
- мазмұн мен көңіл – күйді көшіру, музыканы жазықтықта бейнелеу;
- ұстап тану- жұмулы көзбен көріністі, белгілі бір бұйымды ұстап тану және оны мүсіндеу;
- ауада сурет салу- белгілі бір бейне ізін ауада сызып көрсету;
- ауызша сурет салу- музыканы, өлеңді ауызша суреттеу.
Сабақ жүйесіне енгізілген дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер оқушылардың бойында шығармашылық ізденіске деген құштарлықты арттырып өзіндік образ, өзіндік іс-әрекет жобасын құрауға мүмкіндік жасайды. Қоршаған ортадан, үлкен өнер туындыларынан сұлулықты көріп қана қоймай, оны өз бетімен іздеуге ұмтылуға баулиды. Бейнелеу өнерінің сезімдік әсерін түсініп, оған қызығушылығы артады. өзінің және өзгенің жұмысына құрметпен қарап, саналы түрде талдап баға беруге, өнерді өз өмірінің құрамдас бір бөлігі ретінде көруге тәрбиеленеді.
Бейнелеу өнері сабақтары балаларды еңбекке тәрбиелеуге, политехникалық дайындығын арттыруға, эстетикалық биік талғамдарын арттыруға, өнер мен шындықтың әдемілігін сүйсіне қабылдауға, тарихи мәдени ескерткіштерді, табиғатты қорғай білуге, халқының мәдениетін одан әрі дамытуға үйретуге мүмкіндік береді.
Бейнелеу өнері сабағында балалар бейнелеу мен мәнерлеудің әр түрлі жолдарымен танысады, жазықтық бетінде практикалық жұмыстар (затқа қарап, еске сақтап, еске түсіру арқылы) атқарады, мүсіндеу өнерімен танысады, оны жасау құралдарын, жолдарын үйренеді, қоршаған ортаның көркемдігін, өнердің түрлерін қабылдайды, сәндік қолданбалы өнердің сырымен таныса отырып, әшекейлеудің түрлеріне машықтанады; дербес және коллективте жұмыс істеуге дағдыланады; бейнелеу өнерінің құралдарымен танысып, олармен жұмыс істеу техникаларын игереді. Жас ұрпақты бейнелеу өнеріне баулу, икемділік қабілетін дамыту барысында олардың физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін ескерген жөн, сондай-ақ бейнелеудің физиологиялық, негіздерін білу әр мұғалімнің басты борышы.
Балалардың көркемдікке шығармашылық талғамын дамыту үшін оларды тек көрген затының бейнесін бұлжытпай бере білуге ғана үйрету жеткіліксіз. Сондықтан бейнелеу қабілетінің жетекшілік (көркем, творчествалық ойлану, қиял, көз қаперін, эмоциялық қатынас, ерік қасиеттері т.б.), Тіректік (жоғары табиғи сезімталдық), көру анализаторы, қолдық сезімталдық(сенсомоторный) және басқадай қасиеттерін дамыту негізгі мәселелердің бірі. Бұл қасиеттер тек бейнелеу өнері пәні үстінде ғана дамып қоймайды, сонымен қатар басқа пәндерді оқыту барысында (әдебиет, ән –күй, математика) кеңінен дамиды. Міне, сондықтан пән аралық байланысты дамытудың мәні ерекше зор. Бастауыш сыныптарда жүргізілетін бейнелеу өнері сабақтарын қазақтың ұлттық көркем өнерімен, ән –күйімен, әдеби шығармаларымен толықтыра түскен абзал. Сонымен бірге Қазақстанда тұратын басқа туысқан халықтардың, Азия, Шығыс елдерінің өнерін қолдану бейнелеу өнері сабағының кең, терең өтуіне жәрдемдеседі. Балалардың бейнелеу творчестволарын дамыту мұғалімнің әр балаға деген дербес ықыласына байланысты.
Бейнелеу өнері сабақтарындғы оқу –тәрбие жұмысы балаларға бейнелеу мен мәнерлеу іскерліктерін үйретуге, творчестволық қиялдары мен фантазияларын дамытуға арналады.
Балаларды түстердің мәнерлік ерекшеліктерімен, түстер гаммасымен, жылы және салқын түстермен, пішін, ырғақ түсініктермен кеңінен таныстыру алғы мақсат болып табылады. Балалардың бейнелеуінде шығармашылық шешімін дұрыс ұйымдастыру олардың істеу әдістеріне жақсы әсер ететінін, оларға негізгі объектінің құрылымын дұрыс көрсету, бояу қағаз көлемінде жұмыс істету, заттың бір–бірінен айырмашылығының көлемін ашуға көмектеседі. Олар ақырындап бір шамадан екінші шамаға жетуде, сурет салу әдісі, барлық нәрсені бейнелеуден жеке нәрсені бейнелеуге машықтандырады.
Бастауыш сыныпта балалардың кеңістікте шешуді үйренуі, объектіні көрсетудегі ойын байланыстыру, біршама әдістерді қолдану, тепе–теңдікті, қимылды көрсету шығармашылық шешімде жұмыс істеуіне көмектеседі. Ақырындап жасының өсуіне байланысты балалар өз бейнелеулерінде соның ішінде сюжеттік жұмысында өзінің негізгі ойын толық көрсетуге тырысады. Бұл бейненің шешімі балалардың әр түрлі объектінің бейнесін ойлап, көптеген нәрсені дұрыстап сала білуінде. Кейбір балалар бейнелеулерінде бейнелеу шындығы белгілі бір шамада ғана болады. Балалар жұмысын бағалауда жас мөлшеріне байланысты көркемдеп бейнелеу тапсырмасын ескере шешкен дұрыс. Жас балалардың творчествасындағы сызықтар, объектілердің құрлысын (формасын) қағаз бетіне сызықтармен беру, жай көңіл аударып, бейнені шешуімен бойына қалыптаспайды.
Бейнелеу өнері - эстетикалық тәрбие берудің басты құралы. Себебі, бейнелеу өнері баланың рухани дамуы мен дүниетанымының қалыптасуына әсер етеді.
Бейнелеу өнерінің танымдық, идеялық, және эстетикалың қызметтері оқу-тәрбие үрдісінде бейнелеу өнері сабақтары оқушылардың көркемдік және шығармашылық қабілеті мен іскерлік дағдыларын қалыптастыруға, жеке бас ерекшеліктерін дамытуға көмектеседі.
Бейнелеу өнері де басқа да оқытылатын пәндер сияқты жалпы білім беретін мектептегі тәрбие беруде үлкен рөл атқарады. Бастауыш мектепте бейнелеу өнерін оқытудың әдістемелік нұсқауларының ең басты мақсаттарының бірі: бейнелеу өнері оқулығы арқылы балалардың көркемдік шығармашылығын дамыту.
Бейнелеу өнері - эстетикалық тәрбие берудің басты құралы. Себебі, бейнелеу өнері баланың рухани дамуы мен дүниетанымының қалыптасуына әсер етеді.
Бейнелеу өнерінің танымдық, идеялық, және эстетикалың қызметтері оқу-тәрбие үрдісінде бейнелеу өнері сабақтары оқушылардың көркемдік және шығармашылық қабілеті мен іскерлік дағдыларын қалыптастыруға, жеке бас ерекшеліктерін дамытуға көмектеседі.
Бейнелеу өнері де басқа да оқытылатын пәндер сияқты жалпы білім беретін мектептегі тәрбие беруде үлкен рөл атқарады. Бастауыш мектепте бейнелеу өнерін оқытудың әдістемелік нұсқауларының ең басты мақсаттарының бірі: бейнелеу өнері оқулығы арқылы балалардың көркемдік шығармашылығын дамыту. Бейнелеу өнеріне деген біліктілігін арттыру, оқушыларға дұрыс әдістемелік бағыт беру болып табылады. Мұнда балалардың дербес, жеке дара шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыруға айрықша назар аударылады. Мұғалімнің оқушыға бейнелеу өнеріне білім беруіне бағытталып жазылған бұл әдістемелік құрал да бейнелеу өнеріне баулый отырып, баланың белсенділігін арттыру, бейнелеуге деген дағды мен шеберлігін қалыптастыру. Оларды сурет салу, жабыстыру, мүсіндеу, бояумен жұмыс істеуге үйрету тәсілі айтылады. Сонымен қатар бейнелеу өнерінің алуан түрін меңгеру жайында мағлұмат алу мәселесі қарастырылады. Бейнелеу өнерінің әдістемесі оқушыларды бейнелеу өнерлерімен таныстырудың кейбір әдіс-тәсілдерін ашып беруде пән мұғалімнің білікті маман болуын талап етеді. Оқу бағдарламасында бейнелеу өнерінің өзінің нақты тапсырмалары қойылады. Оқушыларма элементарлық жүйеде реалистік сурет салуға білім береді. Сурет салу дағдысына елестету арқылы натурада есте сақтау арқылы декарративті өнерлердің өздігімен таныстырады. Суреттік талғам шығармашылық көз-қарас, эстетикалық сезім және жақсы түсінушілік балаларды дамыту. Дамыту үшін өнерге деген қызығушылық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Бастауыш сыныпта көрнекіліктер бейнелеу өнерінің дамуы мен сәйкестендіріледі. Балалар алда қойған мақсатына жету үшін қоршаған ортаға нақты көз-қарастарын материалистік түрде қарау керек. Олардың ойлау қабілетін, және шығармашылықтарын, нақтылыққа баулыйды. Сабақтарда қатынастарды жеке тұлға ретінде өзін-өзі ұстай алатын адам ретінде ұқыпты еңбекті сүйе білуге қалыптастыру. Бейнелеу өнерлерінің үрдістерінде оқушылар графикалық және кескіндеме (живописьтік) дағдыларды үйренеді. Заттарды аңғаруға, анализ жасауға және әлемдегі көріністерді болжауға үйретеді. Бұдан бейнелеу өнері жеке тұлғалардың қалыптасуына көмектеседі. Айта кетсек, оның бірі адамдардың көз бен есте сақтау үрдісі. Яғни біз бейнелеу өнерінің басқа да пәндермен байланысын байқаймыз, және де бейнелеу өнерінде қалыптасқан екі үрдістердің көптеген маман иелеріне қажет екенін білеміз.
Мектепке бейнелеу өнерінің әдістемелік білім беруіндегі философияға және әдетте педагогика мен психологияға теория мен практикаға және суреттердің шығармаларымен байланыстырылады.
Бейнелеу өнері өзіндік білім беруде және тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Біліммен қамтылу шеберлігі мен эмоциялық қабылдаудың дамуына ықпал етеді.
Әдістеме - белгілі бір мақсатқа, нәтижеге жету үшін істелетін іс-әрекет барысындағы әдіс-тәсілінің жүйелі бірлігі деген ұғымды білдіреді. Іс- әрекетті жүйелі әдістемелік бірлікте дұрыс жүргізу, яғни сол іс-әрекеттің мақсатына жетудің қысқа да нәтижелі жолын табу болып табылады. Белгілі бір күрделі жұмысты орындау барысында тәжірибелі адам ол күрделі жұмысты бөліктерге бөліп, жұмыстың әдіс-тәсілдерін бірізділікпен пайдаланып біртіндеп орындап, суретші белгілі бір бейнені, көріністі бейнелеу барысында жүйелейді. Ол үшін алдымен оны қарап, зерттеп, күрделілігін анықтап, содан соң бейнені жазықтық бетіне композициялық шешімін тауып орналастырады. Содан соң бейнедегі яғни жекелеген заттардың көлемін, пропорциялық сәйкестігін анықтап, көрсетіп бейнелейді. Соңында бейнеленген көріністі жалпы қарап, ондағы бейнелердің көркемдік үйлесімділігін, бірлігін тексереді. Ал педагогика ғылымындағы әдістеме - оқытушы мен оқушы арасындағы мақсатты оқу-тәрбие іс-әрекетіндегі әдіс-тәсілдердің жүйелі жиынтығы болып табылады.
Әдістеме негізінде, жалпы және жеке болып екі түрде қарастырылады. Біріншісінде - жалпы пәндер бойынша оқу-тәрбие мәселелеріне байланысты әдіс-тәсілдер жүйесі қарастырылса, соңғысында - жекелеген пәндер бойынша оқу-тәрбие жүйесі қарастырылады. Біз жалпы білім беретін мектептерде оқытылатын бейнелеу өнері пәнін қарастырамыз.
Педагогика ғылымында оқытудың әдістері, мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, олардың тұрмысқа көмегімен білім, іскерлік дағды игеріліп, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамиды. Яғни, оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылардың арасындағы оқу-тәрбие жұмыстарын нәтижелі етіп ұйымдастыру іс-әрекетінің тәсілдері. Дәлірек айтқанда, әдіс белгілі бір мақсатқа жету іс-әрекетін нақты жүйеге келтіретін тәсілдердің жиынтығы. Сонымен бейнелеу өнерін мектепте оқыту жұмысында жеке пән әдістемесі -педагогикалық дидактика негіздерін бетке ұстай отырып, оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына, көркемдік идеяларын түсінуге мүмкіндік тууы тиіс, яғни оқушылардың ойын, қиялын дамытуға, өз бетімен шығармашылық тұрғыда ізденіп жаңа білімді меңгеруіне ықпал жасауы керек.
Бейнелеу өнерін мектепте оқыту әдістемесіне байланысты әр түрлі таласты пікірлер бар екендігі рас. Кейбір әдіскерлер бейнелеу өнерін оқытуда оқушының қиялын, қоршаған ортадан алған алғашқы әсерлік сезімін алға қойып, екінші кезеңде бейнелеу ереже заңдылықтарын баланың сол сезімдік әсерін пайдалана отырып оқытуды ұсынады. Ал кейбір әдіскерлер баланың алғашқы сезімдік әсерін жүйелеп, бейнелеу іс-әрекетін белгілі бейнелеу ереже заңдылықтарына бағындыру арқылы оқытуды ұсынады. Енді бір әдіскерлер бейнелеу өнерін мектепте оқытуды - тек оқушыларға эстетикалық тәрбие беріп, шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытындағы жұмыс деп түсіндіреді. Бейнелеу өнері жалпы білім беретін мектепте оқушыға тек эстетикалық тәрбие беріп қана қоймай, сонымен қатар, дүниетанымын, кеңістік қиялы, ой-өрісін тағы басқа көптеген жақсы қабілеттерін дамытуды көздейді. Сондықтан да педагогика ғылымдарының негізін салушылар И.Г. Песталоцци, Ж.Ж. Руссо, Дж.Локк, Я.А. Коменскийлердің өз еңбектерінде, баспаларда бейнелеу өнерінің баланы жан-жақты дамытуда, тәрбиелеуде, білім беруде үлкен рөлі бар екендігін ғылыми дәлелдеп жазып, жалпы білім беретін мектептерге пән ретінде енуіне себепші болды.
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымның бір саласы, ол практикалық жұмыс тәжірибесін теориялық ғылыми жүйелендіріп таратады. Яғни бейнелеу әдістемесі педагогика ғылымы, психология, эстетика және өнертану негіздерін басшылыққа алып дамиды. Ол бейнелеу өнеріне оқытудың жаңa epeже заңдылықтарын жасайды, жинақтайды, ұсынады. Бұл әдістемені бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесі деп алуымызға болады. Сонымен қатар, сол бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесін жинақтап, зерттеп ұсынған әдіс-тәсілдерді оқыту процесінде жүзеге асыруды практикалық әдістер деп атайды. Педагогикалық жұмыстағы әдістемелік педагогикалық іскерлік дағдыларын меңгеру мұғалімнен белгілі бір қабілеттілікті және бейімділікті талап еткені ол қиын да, күрделі және аса жауапты педагогикалық өнер.
Өз бетімен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар
Бейнелеу өнерінің қоғамдағы ролі, пайда болуы мен дамуы.
Пән обьектісі, міндеттері, басқа пәндермен байланысы.
Бастауыш сыныпта бейнелеу өнерін оқытудың мақсаты.
Достарыңызбен бөлісу: |