25
адамдарға деген зор сұраныс туды. Ресейдің дамуындағы
әлеуметтін экономикалық жағдайына , патшалық
үкіметтер жаратылыстануды гимназияның 3 төменгі
сыныптарының оқу жоспарына қайта енгізуді талап етті.
Бұл бағдарламаның негізінде А.Я. Гердтің жуйесі жатыр.
Енді жеке оқу орындары құрылып жатты, мұнда өз дәуріне
қажетті жаңа әдістемелік идеялар оқытылды. Халық
ағарту министрлігі бұл мектептердің ісіне онша араласа
бермеді, өйткені бұлардың өз бағдарламалары, өз
оқулықтары болды.
Осы кезеңнің әдістемесіңде сабақтан тыс білім
берудің екі түрлі формалары оңделінген, олар:
топсаяхаттық және практикалық, яғни оқушылар үшін
қажетті оқу материалының мазмұнын іріктеу мәселелері
шешілуде.
1902 жылы гимназияда орман институтының
профессоры Д.Н.Кайгородовтың құрған табиғаттану
бағдарламасы енгізілді. Мұнда табиғатты бақ, орман, өзен
сияқты бөліктерге бөлу бойынша оқыту усынылған.
Оқушылар өсімдік әлемі мен органикалық емес ортаны бір
бірімен өзара байланыста, яғни мезгілдер бойынша және
табиғатта топсаяхат жұргізу арқылы оқыту керек.
Ұлы октябрь социалистік революциясына дейінгі
шыққан табиғаттану оқулықтарының көптеген авторлары
көбінесе «биологиялық әдісті» ұстанды, мұны барынша
насихаттаған В.В.Половцов болды.
Достарыңызбен бөлісу: