Жеті жұрттың қамын жер».
(Әр отбасы өзін-өзі таныстырып өтеді. Осы кезеңде өздерін өлеңмен немесе басқа бір түрде таныстыру керек).
Айдын мен Гүлбаршынның орындауында «Қазақтың дастарханы»- әні.
ІІ-жүргізуші:
2-кезең: «Ата мұраң – асыл қазынаң».
Ұлттық киім киген Айзат және Марлен сандық және конвертті алып шығады. Әр отбасынан балалар ортаға шақырылады. Сандық ішінен нөмірленген асықтарды алып шығады. Асықтың нөміріне сәйкес конверттегі тапсырманы алып отбасына оралады.бір-бірімен ақылдасып сұраққа жауап береді.
Конверттегі тапсырмалар:
№ 1. «Байғазы» және «Көрімдік» салт-дәстүрлерінің мазмұнын түсіндіріңіз, айырмашылығы неде?
№ 2. «Бастаңғы» және «Қыз ұзату» салтының мазмұнын түсіндіріңіз және атап беріңіздер...
№ 3. «Жасау» және «Енші» салттарының мағынасын түсіндіріңіз, айырмашылығын атаңыз...
№ 4. «Иткөйлек» және «Қырқынан шығару» ғұрып- салттарының мағынасын түсіндіріңіз...
№ 5. «Тәбәкір» және «Ерулік» ғұрып- салттарының мағынасын түсіндіріңіз...
Музыкалық көрініс. Балалардың орындауында «Қазақтық дәстүрлері-ай» әні
І-жүргізуші:
3-кезең: «Ата көрген оқ жонар,
Достарыңызбен бөлісу: |