Бастауыш мектептегі отбасылыќ-ќоєамдыќ тјрбие


ІҮ. Қорытынды мен әдістемелік нұсқаулар



бет2/27
Дата20.03.2022
өлшемі163 Kb.
#136467
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Отбасылық-қоғамдық тәрбие негіздері - ғылыми-әдістемелік әзірлеме

ІҮ. Қорытынды мен әдістемелік нұсқаулар........................................................12 бет
Ү. Қолданған әдебиеттер тізімі...............................................................................13 бет


Қосымшалар
Сыныптан тыс іс-шаралар

І. «Балалық шаққа саяхат»........................................................................................14 бет


ІІ. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер»................................................17 бет
Кіріспе

Білім беру жасындағы баланы тәрбиелеу- жалпы тәрбие үрдісінің ең негізгі кезеңі. Сондықтан мұғалім алдымен жалпы тәрбие үрдісінің теориясы мен жетекші идеясын және білім сатысындағы оқушылардың жас ерекшеліктерін, соған орай балаға педагогикалық қолдау көрсетуді қатар білуі тиіс.


Тәрбие – бұл өмірлік шығармашылық. Сондықтан мұнда бала бейнесі, адам бейнесі деген ұғымдар педагогикада соңғы жылдарға дейін өз мәнінде әр қырынан айтылмай келеді. Біз баланы тәрбие субъектісі емес, объектісі ретінде көріп келдік. Тек соңғы жылдары ғана оған субъекті ретінде мән берілуде және оның өзегі болып табылатын басты қасиеттер мен сапаларды айқындауға ұмтылыстар жасалып келеді.
Аса ірі ойшылдардың бірі Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі»- деген.
Бала тәрбиесі ең алдымен отбасындағы ата-анасының ықпалымен жүзеге асырылып, қоғамдық тәрбиемен ұштасып жатады. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген халық даналығына мән беретін болсақ, мектеп табалдырығын аттаған баланың бойында әке мен шешеден берілген «сүтпен біткен мінездің» берік негізі қалыптасқан. Өйткені, әр дәуірде, әр кезеңде ата-ана арман-мақсаттарын ертеңгі мұрагерлерінің тәлім-тәрбиесіне негізделген саналы тіршілігімен тығыз байланыста қараған. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген мақалдың түп-төркіні осында.
Өйткені «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген халықта тұжырым бар. Атаның батасы, әженің әңгімесі, әкенің тәлімі, шешенің өнегесі – бала тәрбиесіндегі ықпалы зор халықтық мұра. Мектепте берілетін білім және тәрбие негізі де осы мұра.
Алтын бесік – отбасы болса, алтын ұя – мектеп. Олардың алтынға бағалануы неде? Екеуі де қасиетті әрі қастерлі. Өйткені, отбасы Адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, жетілдіріп жатса, мектеп пен қоғамдықтың ақылы мен білімі, тәжірибесі азаматтық құндылықтармен толысқан, жан-жақты жетілген, өз бетімен өмір сүруге бейім азамат тәрбиелеп шығарады.
Бұл екі ортаның да мақсат-мүддесі ортақ, міндеті – біреу. Сондықтан білімді игерту мен тәлімі мол тәрбие беру ісі ата-ана мен оқытушыларды бірдей толғандыруы тиіс. Ортадағы жас ұрпақтың жарқын болашағы үшін жасалатын еңбектің маңыздылығы екі жақтың балаға сүйіспеншілігінде.
Мейірімін білдіріп, жүрек жылуын жеткізуге уақыт қажет секілді көңіл бөлмей жүрген ата-аналар қаншама. Мұндай бала аялы алақан қызуын басқадан іздейтінін, әсіресе мұғалімнен күтетінін тәжірибе көрсетіп жүр.
Сондықтан да отбасылық – қоғамдық бағытта тәрбиелеу, яғни жеке тұлғаның рухани – адамгершілігін дамыта отырып тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күн тәртібіне шығып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет