Балаларды тәрбиелеудегі ұстанатын заңдылықтарым:
бала бойында басқаға қажетті екеніне сенімдерін қалыптастырып, оны жағымды әсер етумен және сүйіспеншілікпен тікелей байланыстыру;
тұлғаны қалыптастыру үрдісін әсерлі және нәтижелі жүзеге асыру үшін оқушылардың түрлі қызметтерін неғұрлым мазмұнды етіп құру және ұйымдастыру;
тұлғаны қалыптастыру әсерлі және нәтижелі болу үшін тәрбие үрдісінде тәрбиеленушінің парасаттылық және сезім белсенділігін үнемі дамытып отыру;
жас жеткіншектерді тәрбиелеуде нәтижеге жету үшін баланың қабілетін дамытуға әкелетін өзінің белсенділігі, күш-жігері арқылы мәдениетке және әлеуметке ендіру ;
тәрбие үрдісі нәтижелі әрі құнды болу үшін мектептің, отбасының және қоғамдық орындардың жұмысын үйлесімді етіп ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |