Конференция- ата-аналардың бала тәрбиесі туралы білімдерін кеңейтетін, тереңдететін және бекітетін педагогикалық ағарту түрі болып табылады. Конференциялар ғылыми-практикалық, теориялық, оқырмандық, тәжірибе алмасу, аналар конференциялары, әкелер конференциялары түрлерінде ұйымдастырып келемін. Конференцияларды жылына бір рет өткіземін, алдын ала дайындалып аламын, ата-аналардың белсенді қатысуын алдын ала есепке алып отырамын. Оған балалардың жұмыстарының, ата-аналар сөресі атты көрмелерін әзірлеп, көркемөнерпаздар бағдарламаларын ұйымдастырымын. Мұндай жұмыстар ата-аналардың ризашылықтарын айқын көруге мүмкіндік береді. Сондықтан да ата-аналар мектепке болсын, сыныпқа болсын өздерінің көмектерін ұсынып жатады. Мысалға: ата-аналардың күшімен сынып бөлмесіне жөндеу жұмыстары жасалады, балаларға мерекелер ұйымдастыруда ата-аналар шетте қалмай музыкалық бағдарламаларға, қойылымдарға белсенді қатысып жатады. Сонымен қатар табиғатқа серуенге баруда, мемлекеттік табиғи және жануарлар мұражайларына экскуриялар, ауылдық сенбіліктер де ата-аналардың көмегімен, бірлескен еңбектері арқылы жүзеге асырылып отырады. Бұл орайда балалардың ата-аналарына деген сүйіспеншіліктері айтарлықтай молаяды. Ал ата-аналар өздерінің балаларын үйден тыс жерлерде әр қырларынан танып біліп жатады.
Конференциялар тақырыптарын нақты белгілеп аламын, мысалы: «Бала өміріндегі ойынның рөлі», «Отбасындағы рухани-адамгершілік тәрбиесі», «Отбасындағы еңбек тәрбиесі», «Отбасындағы қоғамдық тәрбие» т.б. алдын ала дайындалып келген ата-аналарға «Менің отбасылық тәрбиедегі іс-тәжірибем» атты баяндамасын оқуға мүмкіндік туғызамын.
Осы орайда тағы айта кеткім келетіні, ата-аналар өздерінің балаларының тәрбиесіне, өсіп жетілулеріне, жан-жақты дамуларына көптеген жағдайлар жасайды. Олардың көпшіл, қоғамшыл азаматтар болуға әбден ниетті. Сондықтан сыныбымыздың балалары да, ата-аналары да ауылымыздағы мәдениет ошақтарына үнемі барып, іс-шараларға өздерінің мүмкіндіктерінше ат салысып жатады. Мысалға айта кететін болсам: спорт кешеніндегі түрлі секцияларға, соның ішінде хауызға, еркін күрес бойынша үйірмелерге, тренажер залдарына, үстел теннисіне біздің сыныптың балалары да, ата-аналары да жұмасына бір рет барып отырады. Бұл балаларға өте жақсы үлгі деп есептеймін. Өйткені балаларымыз көпшілікте болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтардың ортасында болуға мүмкіндік алады. Осы жерде «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген халқымыздың мақалын келтіріп кету өте орынды болар.
Мектепте ата-аналармен отбасылық-қоғамдық жұмыстар жүйелі әрі мазмұнды болса оның жемісін де зор қуанышпен көруге болады.
Келесі ата-аналармен жүргізетін жұмысымның түрі тәжірибелік сабақтар деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |