Тәрбие жұмысымдағы басты мақсатым - жастардың бойында азаматтық пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, отбасылық-қоғамдық тәлім-тәрбие беру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін дәріптеуге, әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін оқып үйренуге, Ата заңға және қоғамға қарама-қайшы келетін әрекеттерге төзбеушілікке тәрбиелеу.
Алдыма қойған мақсатқа жетудегі негізгі міндеттерім:
балалардың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптасыру;
әрбір тұлғаның қарым-қатынас, құқықтық, экономикалық, экологиялық, талғам мәдениетін жоғары деңгейге жеткізу;
ата-аналардың отбасылық мәдениетін және гендер мәселесіндегі сауаттылықтарын қалыптастыру;
тәрбиеленушілердің рухани-адамгершілік, этномәдениет, ұлтаралық қатынас пен толеранттылық мәдениетін қалыптастыру;
ата-аналардың және оқушылардың сыни ойлау дағдысы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру;
өзімнің кәсіби қабілеттілігімді үнемі жетілдіріп отыру.
Достарыңызбен бөлісу: |