Тәрбие жүйелері және олардың дамуы. Тәрбие үдерісінің құрылымы Тәрбие үдерісі қапай жасалатыны, оның ішкі құрылымы қандай екенін білу оңай емес. Себебі бұл үдерістің ете күрделілігінен оның құрылымдық өлшем-шектеріде сан-алу-ан. Тәрбие құрылымын ажыратып тануда біз осы үдерістің мақсаттары мен міндеттерін, тәрбие үдерісінің мазмұнын, оның өту жағдайларын, тәрбиеші мен гәрбиеленуші ара-қатынастарын, тәрбиелік істе қолданылған әдістер мен фор-маларды, үдерістің уақыт шектеріндегі даму кезеңдерін арқау етіп жүрміз. Аталған құрылымдық негіздердің кейбірінің сипат-тамасын берейік.
Тәрбие үдерісінің құрылымы өз мақсаттары тұрғысынан шешілуі тиіс міндеттер бірізділігімен белгіленеді. Осы таңдағы бастауыш мектеп тәрбиесінің бағыттары төмендегідей:
- жан-жақты, үйлесімді дамыған адам қалыптастыру;
- жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаның адамилық сапаларын тәрбиелеу;
- оқушыларды ғылыми, мәдени, көркем өнерлік құнды-лықтарға араластыру;
- қоғамда болып жатқан демократиялық жаңалану мен тұлға құқықтары және міндеттеріне сәйкес өмірлік көзқарас, бағыт тәрбиелеу;
- оқушы мүмкіндіктері мен ниеттерін, қогам талаптарын бір-лікті ескерумен оның бейімділігін, қабілеттерін және қызығу-ұмтылыстарын дамыту;
- жеке тұлғалық және әлеуметтік мәнді, көп түрлі қызмет, іс-әрекеттерді ұйымдастыру;
- тұлғаның әлеуметтік аса маңызды қызметі - қарым-қатынасын дамыту.
Өз даму барысында тәрбие үдерісі белгілі сатылардан өтеді. Тәрбие үдерісінің бірінші сәтысы - оқушылардың өзінен талап етілген қалыптар мен әрекет-қылық ережелерін түсініп, угуы. Бұл талап орындалмай, көзделген тұлғалық әрекет-қылық қалыптасуы мүмкін емес.
Гуманистік педагогика тұжырымы: балапарға нені, не үшін және не себепті осылай істеу керектігін жалықпай, шыдам-мен түсіндіру қажет. Әрекет-қылық қалытарын игерудің негізгі жолы осы.