Тұлғаның әлеуметтенуінің, тәрбиеленуінің, дамуының жалпы жүйесіндегі оның ерекшеліктері мен міндеттері, қызметтері. Тәрбиеші міндеті - тәрбиелік ықпалдардың баршасын өз мойнына артып, үдеріс басшылығын жеке өз қолына топтастыру емес. Керісінше, педагог іс-әрекеті неғұрлым демократизм мен шығармашылық еркіндікке негізделсе, оның ұйымдастыру және бағыттау күш-қуаты да әсерлі келеді. Үдеріске байланыс-ты шарттар мен жағдайлар ескерілсе, өз әрекеттерінің сал-дарын мұқият талдап, одан дұрыс қорытынды шығара алса, тәрбиеші қызметі әрқашан табысқа кенеледі.
Оқу-тәрбие аймағындағы қайта құрулар, демократияластыру мен гуманизациялау идеялары мектеп өмірінен шынайы орын тауып, қарапайым адамилық сезімдердің - балаға қамқорлық, сүйіспеншілік пен мейірімділік - үстем болған күнінде ғана іске асуы мүмкін. Сондықтан бүгінгі таңдағы тәрбиеші алдында тұрған аса маңызды міндет-тәрбиеленушіні педагогикалық ықпалдарды шын көңілімен қабылдауға ойыстыру. Педагогикалық бағыттау өте әдіпті, жайбарақат, елеу-сіз, мүмкіндігінше баладан жәсырын жүргізілгені жөн. Бала тәрбиесіне төнген тоқпақ болмай, оған достық ниет, лебіз біл-діре тәрбиелеу қажет.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болуы-жас ұрпақтар тәрбие мәселелерін жаңаша ойлап жаңаша құруды талап етеді. Яки тәрбиенің мазмұнын, мақсаты мен міндеттерін қайта қарастырып, түбегейлі жаңашалау қажеттігі туып отыр.
Тәрбие мазмұны бойынша халықтың ғасырлар бойы жинақталған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтарға беру, оның жас ұрпақтарға, қоғамға қажеттігін ескеру болып отыр.
Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Тәрбие жұмысын ұйымдастырған уақытта отбасы тәрбиесінен бастап әрбір баланы жеке тұлға ретінде танып, оның өзіне тән қасиетіне, санасын, қабілетін ескере отырып, тәрбие жұмысында мына төмендегі міндеттерді жүзеге асыруға тиістіміз.
Қазақ халқының төл мәдениеті, салт-дәстүрлері мен әдетғұрпы арқылы жас жеткіншектің ұлттық сана-сезімін, имандылық қадір-қасиетін тәрбиелеу.
Ұлтымыздың ой-парасатын нығайту мақсатымен дарынды балаларды анықтау, олардың қабілетін дамытуға жан-жақты жағдай жасау.
Ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты эстетикалық тәрбие беру, сұлулыққа, тазалыққа үйрету. Адамзат қоғамында бұрын-сонды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге, жалпы әлемдік рухани құнды игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу.
Жас ұрпақтарға мемлекеттік белгілердің мәнін терең білуге, оны қүрметтеп сыйлай білуге, "бостандық", "теңдік", "демократия" деген сөздердің мағынасын жеке түсініп, оны өмір жүзіне асыруға ат салысуға тәрбиелеу.
Қоғамдық тәртіпті, заң ережелерді бұзушыларға төзбестік білдіру, еңбек дағдысын баланың бойына жастайынан сіңіру, қазақ жастарынан техника тетігін еркін меңгерген жұмысшы мамандарын тәрбиелеуге баса көңіл бөлу.
Ұлттық ойын, дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін жолға қою.
Елін қорғай алатын, елжанды, ұлттық намысы мол, жігерлі азаматтарды тәрбиелеу.
Жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп, өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.
Жастардың бойына ұлтаралық қатынастың жақсы негіздерін бойына сіңіру, озара сыйластық-достық негізде өмір сүруге тәрбиелеу.
Жоғарыда көрсетілгендей тәрбиенің мақсаты мен міндетгерін көрсетумен қатар, оның мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, ұйымдастыру ірге тасын қалайтын мынадай негізгі қағидалар ұсынылады.
Тәрбиенің мазмұны оны жүзеге асыратын әдіс-тәсілдердің негізі-адамгершілікке, имандылыққа арқа сүйеуі қажет. Үздіксіз тәрбиенің негізгі ұлттық тәлім-тәрбие. Жас ұрпақтың тәрбиесін іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы жүзеге асыру қажет.
Тәрбие жүйесінің барлық салалары, сатылар бір-бірімен сабақтас, үздіксіз жүзеге асырылуын талап ету, қамтамасыз ету.
Осы аталған тәрбие мазмұнын, мақсатын, міндеттерін терең түсіне отырып, негізгі қағидаларды басшылыққа ала отырып, тәрбие жұмысын ұйымдастыру тәрбиешілерді көздеген мақсатына жеткізеді.