Бастауыш сынып апталығының өткізілуі бойынша есеп
22 – 27 ақпан аралығында «Білім басы бастауышта қаланар, білімменен әлем-ге жол салынар» атты бастауыш сынып апталығы өтті. Апталық кезінде өткізіле-тін ашық сабақтар мен іс-шаралардың жоспары құрылып мектеп директоры Жа-ниева Г.Т. бекітілді. Апталық барысында 5 ашық сабақ және сыныптан тыс 3 іс-шара өткізуге тиісті еді. Апталыққа арналған *Білім еліне саяхат* атты қабыр-ға газеті шығарылды.
22 ақпан күні , яғни апталықтың бірінші күні «Өнерлі өрге жүзеді» атты қол-өнер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге жауапты мұғалім Баетова Р.Х. Бұл көр-меге барлық сыныптар қатысты. Көрменің мақсаты: оқушылардың шығармашы-лық қабілеттерін дамытып, одан әрі шыңдау. Көрменің шарты бойынша, қажет емес заттардан жасалған бұйымдар жасау болып табылды. Оқушылар пластмасс бөтелкелерінен, сүт, жәшік қораптарынан, дисктерден, босатылған дәрі ыдыста-рынан, майонез шелектерінен, т.б. заттардан түрлі бұйымдар жасады. Соңымен қатар «Үздік қүнделіктер» көрмесі де ұйымдастырылды.
«Білім басы бастауышта қаланар, білімменен әлемге жол салынар» атты апта-лығының ашылу салтанаты 22. 02 сағат 13.00-де өткізілді. Апталықтың ашылу салтанатына Шокаева А.Т. мен Баймагамбетова О.С. жауапты болды. Ашылу сал-танатына ертегі мен мультфильм кейіпкерлеріне сомдалған 6*А* сынып оқушы-лары ат салысып қатысты. Олар оқушыларға әртүрлі , қызықты тапсырмалар жа-сырып, тапсырмаларды оқушылар үлкен қызығушылықпен орындай білді. Ең со-ңында 1 *Б* сынып оқушылары *Барбарики* биін билеп өнерлерін көрсетті.
23.02 күні 3-4*Б* сыныптарында математика пәнінен Кирик И.Е. *Повторение.Устные приемы умножения и деления чисел.* *Решение задач* тақырыптары бойынша ашық сабақ өткізді.Мұғалім сабақ жоспарын оқушылардың жас ерекшелігі, қызығушылығы мен білім деңгейлеріне сай құрастырды. Оқушылар сабаққа үлкен қызығушылық танытып, белсене қатысты. Мұғалімнің сабаққа дайындаған көрнекі құралдары эстетикалық талғамға сай болды.
Осы күні соңымен қатар, 3 *А* сыныбында дүниетану пәнінен Баетова Р.Х. *Топырақ.Топырақты қорғау* тақырыбы бойынша сабақ көрсетті. Мұғалім сыни тұрғыдан ойлау технологиясының жаңа әдістерін пайдалана отырып,оқушылардың қабілетіне сай іс-әрекет жасауына жағдай жасады. Оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі түрлері: топтық, жұптық жұмыс тиімді пайдаланды. Практикалық жұмыста жүзеге асты.
Осы күні сағат 17:00-де Шокаева А.Т. «Сыни тұрғыдан ойлау әдісін сабақта қолданудың тиімділігі » атты /шебер сынып/ өткізді. Қатысушылар болып мұғалімдер болды. Мұғалімдер үш топқа бөлініп, білік-дағдыларын сынап, СТО технологиясының әдістері арқылы жұмыстанды. Іс-шараның өту барысында мұғалімдер үлкен қызығушылық танытып, белсене қатысты. Әділ-қазылар алқасы жұмыс барысында бағалау критерийлері арқылы бағалағаннан кейін топтардың жинаған ұпайлары бойынша жеңімпаз топ анықталды.
24.02 күні сағат 16.00 –де Баймагамбетова О.С. «Ертегілер елінде» байқауын ұйымдастырып өткізді. Іс-шараға әр сыныптан бір оқушы анасымен қатысты. Іс-шара қызықты суретті презентациялармен, музыкамен өтті. Мұғалім іс-шараны ер-тегі ретінде жүргізіп, өзі де ертегі кейіпкерінің бейнесіне енді. Балалар аналары-мен бірге үлкен қызығушылықпен іс-шараға қатысты, сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды белсенділікпен орындады.
25. 02 күні 4 *А* сыныбында Алмахан С. қазақ тілі пәнінен *Есімдік* тақыры-бы бойынша ашық сабақ өткізді. Алмахан С. сабағына мектеп мұғалімдерінің көбі қатысты. Сабақ әдістемелік талапқа сай құрылды. Сабақта түсіндіру, сұрақ-жауап әдістері қолданылды. Сабақтың тақырыбын ашар алдында, үй тапсырмасы тексе-рілді. Кейін өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылып жаңа тақырыпқа көшті. Сабақ бойынша жас маманға ескертулер жасалды.
Достарыңызбен бөлісу: |