Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің 2015-2016 оқу жылының I жарты жылдыққа арналған жұмыс жоспарының қорытынды есебі



бет1/3
Дата23.08.2017
өлшемі0,88 Mb.
#25708
  1   2   3
Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің

2015-2016 оқу жылының I жарты жылдыққа арналған жұмыс жоспарының қорытынды есебі
Біздің әдістемелік бірлестігінің мәселесі: «Білім беруде тиімді жаңашыл әдіс-тәсілдерді кең көлемде қолдану арқылы білім сапасын арттыру».

Бастауыш сыныптарының ӘБ-тің мақсаты:

*Бастауыш сыныпта білім беру жүйесіндегі жаңа технологияны қолдану.

*Ұлттық сана- сезімі мол, рухани деңгейі биік, іскер, иманды,еңбекқор,табиғи әдепті де, ізетті ұрпақ тәрбиелеу.

*Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабылеті мен ынтасын дамыту.

Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінде 5 мұғалім жұмыс істейді. Әр мұғалімнің өз мәселелері бар. Даярлық тобының мұғалімі:Балтабекова А.К Еңбек өтілі – 19 жыл, 2-санат. Мұғалімнің мәселесі:"Мәдени сөйлеу білуге үйретіп,патриоттық тәрбие беру".

1-сынып мұғалімі Мәденова Ш.С. Еңбек өтілі -15 жыл,санаты-2. Мұғалім мәселесі: « Оқушылардың тіл байлығы мен жүйелі сөйлеуін дамыту».

.2-сынып жетекшісі:Кирисхан Б. Еңбек өтілі – 18 жыл, 1-санат. Мұғалімнің мәселесі:"Сыни тұрғыдан ойлай алатын шығармашыл тұлға қалыптастыру". 3 - сынып жетекшісі Хавдолда Г. Еңбек өтілі -33 жыл,санаты -1. Мұғалімнің мәселесі: Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыра отырып, тіл байлығын дамыту". . 4 - сынып жетекшісі Дәлел А. Еңбек өтілі -22 жыл,санаты-2. Мұғалімнің мәселесі:"Оқушылардың сөздік қорын дамытып, патриодтық тәрбие беру".

Қыркүйек айында өткізілген тіл апталығында ”Тілім менің-жүрегім” атты мәнерлеп оқу сайысына оқушылар белсене қатысты.

Қыркүйек айында математика, қазақ тілі пәндерінен кесінді бақылау болды және әдебиеттік оқу пәнінен оқу жылдамдығы тексерілді.

23-қыркүйекте математикадан бақылау жұмысы болды. Барлығы 18 оқушы қатысты. ,, 5 “ – 2 оқушы, ,, 4 “ – 12 оқушы, ,, 3 “ – 4 оқушы.

Білім сапасы: 77%.Үлгерімі - 100%.

23-қыркүйекте қазақ тілінен диктант алынды. Барлығы 18 оқушы қатысты. ,, 5 “ – 2 оқушы, ,, 4 “ –7 оқушы, ,, 3 “ – 8 оқушы, ,, 2 “ – 1оқушы.

Білім сапасы: 50%, Үлгерімі - 100%.

25-қыркүйекте оқу жылдамдығы тексерілді. Ең төмен оқыған –Жақсыбеков Ж. (12сөз). Ең көп оқыған ‒ Бахитбек Н. (71 сөз). 11 оқушы міндетті деңгейін орындады.

Негізгі қателері: Әріп қалдыру, шылауларды қосып жазу, тыныс белгілерінің қойылмауы, дұрыс тасымалдамау сияқты қателер жіберді.

Қазан айында бастауыш сынып апталығының тақырыбы:« Ертеңгі болашақ-бүгінгі білімді ұрпақ».

Мақсаты:


1)Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттырып,шығармашы-

лық дағдыларын шыңдау,белсенділіктерін арттыру.

2)Сөйлеу мәдениетін үйретіп,өз беттерімен жұмыс істеуге машықтан-

дыру.


3)Айналадағылардың пікірін тыңдап,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Реті

Мұғалімдердің аты – жөні

Өткізілетін іс-шара

Сыныбы

Мерзімі

1

Балтабекова А.К

Апталықтың ашылуы.

0-4-сыныпта-рында

12-қазан

2

Маденова Ш.С

«Қызықты ойындар».



13-қазан

3

Кирисхан Б

«Білім еліне саяхат».



14-қазан

4

Хавдолда Г

Ашық сабақ. «Нан қайдан шығады?»



16-қазан

5

Дәлел А

Интеллектуалды ойын.Кім жылдам?



15-қазан

6

Балтабекова А.К

«Білгір оқушы».



16-қазан

7

Балтабекова А.К

Апталық қорытындысы.

0-4-сыныпта-рында

17-қазан

12 –қазанда апталықтың ашылуы болып,балаларға газеттегі тапсырмаларды орындау керек екенін хабарлап айтылды. Тапсырманы белсене орындағандар мапрапатталатынын хабарлады.

13-ші қазанда 1« А» сынып оқушыларымен



« Жұлдызды сәт» сайыс сабағын өткізді. Сыныпта 15 оқушы бар олардың 14-і осы сабаққа қатынасты.

Сабақтың мақсаты: Балалардың танымдық ойлау қабілетін дамыта отырып,ептілікке, шапшаңдыққа үйрету, уақытты үнемдей отырып, ұтымды жауап таба білуге тәрбиелеу.

Сабақ барысында оқушылар екі топқа бөлінді .Жұлдыздар және Зеректер командасы. Екі топтың да оқушылары сабаққа белсене араласты.Қалыс қалған оқушы болған жоқ. Әсіресе пішіндерден сурет құрау кезінде оқушылар шапшаңдық пен тапқырлықпен көзге түсе білді. Сабақ өз деңгейінде өтті.



14-қазанда Кирисхан Б «Білім еліне саяхат» білімділер сайысын 2-сыныппен өткізді.Сайыс бес кезеңнен тұрды Әр сайыстың тапсырмалары өтілген тапсырмалармен байланысты болды. Тапсырмаларды орындау арқылы білім шыңына жетті.Барлық балалар белсене қатысты . Сайыс қызықты өтті.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет