Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің 2015-2016 оқу жылына арналған жұмыс жоспарының қорытынды есебі



бет3/3
Дата01.04.2017
өлшемі0,9 Mb.
#13374
1   2   3


Апталықтың қорытындысы шығарылған газеттегі тапсырмаларға оқушылар қызыға әрі белсенді қатысқан үшін , уақытында тапсырмаларды орындағаны үшін марапатталды.Апталық іс-шараларды ұстаздар қызықты әрі тартымды өткізді.

30-қазанда мектебімізде „ Ашық есік“ күні өткізілді. Бұл күні мектепалды даярлық тобындағы сабақтарға ата-аналар қатысып, балаларының сабаққа деген ынтасына көңіл қойды.Ата-аналар қызыға қатысты. 1-сынып мұғалімі:Мәденова Ш.С ашық сабақ өткізді.Ата-аналар сабаққа қызыға қатысты. 2-сынып мұғалімі:Кирисхан Бахатгүл ашық сабақ өткізді. 7 ата-ана қатысты. Ата-аналарға да, оқушыларға да қызықты болды.Ал 3-сынып жетекшісі:Хавдолда Гүлбарша екі ашық сабақ өткізіп,балалармен қоса ата-аналарда қызыға қатысып кетті.

Қараша айында «Ақбота » интеллетуалды ойынына 3-сыныптан Жамағатхан Роза,Мұрат Әлішер,Жігерхан Айзада,ал 4- сыныптан Мұрат Назым,Мұхиден Мақсат,Аманкелді Бақдәулет қатысып сертификатпен марапатталды. Осы айда әдістемелік күннің тақырыбы: Баяндама:Ш.А.Амонашвилидің тұлғалық–ізгілендіру технологиясы бойынша баяндама оқыды. Кирисхан Б қазақ тілі пәнінен ,, Сұраулы сөйлем “ тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ жоспарға сай өтті. Оқушылар барлық сәттерде белсенділік танытып отырды. Жаңа сабақты өздері болжау жасап ережені шығарып, толық түсінді. Жаттығу жұмыстар, шығармашылық жұмыстар уақытында қатесіз орындалып отырды. Сабақ уақытында басталып, уақытымен аяқталды және мақсатына жетті.

Желтоқсан айында 1-сыныпта „Әліппемен қоштасу“мерекесі өткізілді. Бұл мерекеде оқушылар төрт айда алған білімдерін ортаға салды.

I,II тоқсанның аяғында төртінші сыныптан байқау сынағы алынды.Оқушылардың білімдері ортаға салынды. Бастауыш сыныптарының 1-жарты жылдық оқу қорытындысы:орташа балы 47 бал.

Қаңтар айында Хавдолда Гүлбарша «Сыныптық ұжымның қалыптасуына сынып жетекшінің рөлі және оныңәр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпалы » атты баяндамаоқып өз ойымен бөлісті.

Осы айда әр бастауыш сынып мұғалімі дарынды оқушылармен жұмыс, үлгерімі төмен оқушыларменг жұмыс ұйымдастырды.

Ақпан айындағы аттецтаттау тестісінен 100% білім сапасын 4 сынып оқушылары көрсетті .Ақпан айында күнделік тексерілді. Тексерілу барысында әр оқушының ата анасы мен мұғалімнің қатынасы байқалды. Күнделіктің ұқыпты толтырылуы қадағаланды.

Наурыз айында Маденова Ш.С «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары,тәжірибе болашағы» атты тақырыпты баяндама оқыды.Ал Балтабекова А.К осы тақырыпта өз тәжірибесімен бөлісті. Дәлел Ақжарқын наурыз айында мектепішілік педагогикалық оқуға қатысып 2-орын алды.Осы айда аудандық Мақатаев оқуына 4-сынып оқушысы Мұхиден Мақсат қатысып 2-орынға ие болды. 3-сыныпта 4 оқушк «Золотой руно» сайысына қатысып Салкимбаева Д, Мұрат Ә диплом және сертификат алды.

Сәуір айында «Ойын технологиялары » барысында Балтабекова А.К мектепалды даярлық тобында мүсіндеу сабағынан ашық сабақ өткізді.Сабақтың тақырыбы «Қой» . Сабақ бауырсақ ертегісінің желісімен өтті. Түрлі ойындар ойналды.Сабаққа оқушылар қызыға қатысты. Маденова Ш.С 1 «А» сыныбында ана тілі пәнінен ашық сабақ өткізді. Тақырыбы: «Тұңғыш қазақ ғарышкері».Осы тақырыпта Хавдолда Гүлбарша 3 «А» сыныпта математикапәнінен ащық сабақ өткізді Сабақ « Алтын қақпа » ойыны желісімен өтті.Сабақта өткенді қайталау тақырыбын қамтыды. Жалпы сабақтар қызықты өтті. Дәле А«Ойын технологиясын » сабақта пайдалану туралы баяндама оқыды. Дәлел А

осы айда кембриж бойынша математикадан ашық сабақ өткізді.

Сәуір айы бойы жалпы сыныптық бақылау 4-сыныпта болды, оған бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Сәуір айында өткен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қашықтық олимпиадасына Маденова Ш.С,Балтабекова А.К, Хавдолда Г, Дәлел А қатысып, сертификат алды.

Мамыр айында «Қош бол даярлығым » атты таңертеңгілікті Балтабекова А.К , «Қош бол бастауышым» атты таңертеңгілікті Дәлел А ұйымдастырды, мұнда балалар өз өнерлерін ортаға салды.

Бастауыш сынып мұғалімдері ай сайын өзара 2-3 сабаққа қатынасып, әріптестерімен тәжірибе алмасып отырады.

Әр сыныптан жыл аяғының бақылау жұмыстары алынып,мұғалімдер қорытындысын жасап, тапсырды.

4-сыныпта әр тоқсан сайын «Оқу жетістіктерін сырттай бағалау» сынағы өтіп, нәтижелері жақсы көрсеткіш көрсетті.

Жыл аяғының оқу техникасы тексерілді. Бастауыш сыныптардың білім сапасын тоқталсақ:





Оқушы саны

«5»

«4»

«3»

«2»

үлгерімі

Сапасы

0-сынып

20

-

-

-

-

-

-

1-сынып

16

9

6

3

0

100

68

2-сынып

17

5

6

5

0

100

67

3-сынып

16

5

6

6

0

100

69

4-сынып

18

5

6

7

0

100

55

Бастауыш сынып бірлестігінің 2016-2017 оқу жылына жоспарлаған жұмыстары:

*үздік мұғалімге қатысу

*педагогикалық оқуға қатысу

*кітапшалар құрастыру

*қашықтық олимпиадаларға қатысу

*ғылыми жұмысқа қатысу



*ақбота,кенгуру олимпиадаларына қатыстыру

ӘБ жетекшісі: ___________ Балтабеков А.К.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет