Бастауыш сынып мұғалімі: Байтлеуова Ж. Ш. Астана қаласы №84 мектеп-лицейі «Толағай» зияткерлік сайысы Мақсаты



Дата08.06.2018
өлшемі38,5 Kb.
#41482
Бастауыш сынып мұғалімі: Байтлеуова Ж.Ш.

Астана қаласы

84 мектеп-лицейі



«Толағай» зияткерлік сайысы

Мақсаты: а)Оқушылардың білімдерін тексеру, жауапкершілікті арттыру, алдына мақсат қоя білуге баулу; ә)Оқушылардың ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеу біліктілігін жетілдіру және сөздік қорын байыту;


б)Тапқырлыққа, ұтқырлыққа баулып, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: нақыл сөздер, тапсырмалар, логикалық тапсырмалар, сигналды дөңгелекшелер

Түрі: Топтық сайыс

Қатысатын сыныптар:  4 «А», «Ә», «Б», «В», «Ғ»



Барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) ) Сайыстың мақсаты мен мазмұнын таныстыру

ә) Әділқазылар алқасын сайлау


б) Ойын ережесімен таныстыру.

1 кезең - Таныстыру

2 кезең -"Ұшқыр ой»

3 кезең -«Ұлы тұлғалар»

4 кезең -"Қазыналы сөздер"

5 кезең -"Біліміңді шыңда"

6 кезең -"Жеті жұрттың тілін біл"

7-кезең- «Мақал – сөз атасы»

8 кезең- «Құпия сандық»

Оқушыларды берген тапсырманы дұрыс орындауға, нақты жауап беруге дайындау



І – кезең: Таныстыру. (әр топ – топ аты, топ ұранын, сәлемдесуімен таныстырады, әр топта 5 оқушыдан қатысады)

ІI кезең: «Ұшқыр ой»

Әр оқушыға  ғылым салалары бойынша  сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Әр оқушы ұяшықтарды таңдай отырып, сұрақтарға жауап береді және әр жауапқа  2 ұпайдан алады.

Әнұранның авторлары кімдер?

Жер серігі

Қазақтың тұңғыш 1909 жылы дүниежүзілік чемпионы атағын алған палуан?

Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

Қыран құсты баулып, аңға салатын адам?

Қазақ қыздарының ұзатылғанда киетін бас киім

Үш арсыз

Сүйекті пайдаланып ойнайтын ойын

Наурыз көжеден ауыз тию қандай ұғымды білдіреді?

Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы

Халықаралық тіл

Экологиялық апатқа ұшыраған теңіз

Үш байлық деген не?

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі

ҚР ұлттық валютасы қашан енгізілді?
Басты байлық

Күйді орындаушы адам


Заттың атын білдіретін сөз табы
Қазақша жылдың басы не?
1 қыркүйек қандай күн?
ҚР мемлекеттік рәміздерін ата
ҚР тұңғыш ғарышкері кім?
Көру мүшесі не?
100 жыл
Заттың қимылын білдіретін сөз табы?
9 мамыр қандай күн?
Абылайдың шын аты кім?
Орман дәрігері?

ҚР тәуелсіздігі қашан жарияланды?


Оңтүстік астанамызды ата
Жер шарының үлгісі
Қарағандыда қандай пайдалы қазба бар?
Атақты қазақ күйшісі?
Ұя салмайтын құс
ІІI – кезең: «Ұлы тұлғалар»

Суреттер көрсету арқылы оқушылардың елімізге белгілі тұлғаларды ажырата алуын бағалау. Шәмші Қалдаяқов, Мұхтар Әуезов, Роза Рымбаева, Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, С.Сейфуллин, Ш. Уәлиханов



IV – кезең: «Қазыналы сөздер»

Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Бұл сөздермен біз ана тілі пәнінен шығармаларды оқығанда танысқанбыз. Әр топқа 2  сөз тіркесі беріледі.Ойланып, мағынасын айтулары керек.  Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан қойылады.

Жүрек жұтқан, көзі ілінбеді, төбесі көкке жетті, жүрек жалғап алды, беті бүлк етпеді, тісіңнен шығармау, төбесі көкке жетті, ине шаншар жер жоқ, қой аузынан шөп алмас,қабағынан қар жауды, бетінен оты шықты, таяқ сілтем жер.

V кезең -"Біліміңді шыңда"

Әр топтың топ мүшелері біріге отырып берілген қисынды сөз есепті шығарып, дұрыс жауабын беру қажет.


1 .Әкесі 27 жаста болғанда баласы 3 жаста болды. Ал казір баласының

жасы әкесінің жасынан 3 есе кем. әрқайсының жасы нешеде?

2. Кездесу. Асқар мен Айдос саябақтың кіре беріс есігінің алдында кешкі сағат 9-да кездесуге келісті. Алайда Асқардың да, Айдостың да сағаттары қате жүреді. Асқарың сағаты 3 минутқа қалып жүреді, бірақ ол керісінде 2 минут алда деп ойлайды. Ал Айдостың сағаты 2 минут алда жүреді, ол керісінше 3 минут қалып қойған деп ойлайды. Қалай ойлайсыздар, екеуінің қайсысы кездесуге кешігіп келеді?

3. Сен нешедесің?-деп сұрағанда, Еркін:-Егер ең кіші үш таңбалы саннан ең кіші екі таңбалы санды азайтып, оның оннан бір бөлігін алсаң, менің жасымды табасың,- деп жауап берді. Еркін нешеде?

4. Кеңеске: Торғайларға неше үйшік істедің дегенде, әр үйшікке екі құстан келіп қонғанда бір үйшік жетпей қалды. Ал төртеуден отырғанда бір үйшік, 1 торғай артылып қалады артылып қалды. Барлығы неше үйшік істеді? Неше торғай келіп қонды?

5. Қояндар жанұясының үш мүшесі барлығы 73 сәбізді жеп қойған. Әкесі шешесіне қарағанда 5 сәбізді артық жеген. Ал баласы Банни 12 сәбіз жеген. Шешесі неше сәбіз жеген?



VI кезең -"Жеті жұрттың тілін біл"

Бұл айналымда жұмбақ жасырылады, жұмбақтың шешуін 3 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) айтуларың керек. Әр топқа кезекпен жасырылады.Әр жауапқа 2 ұпайдан қойылады.

1: Екі аяқпен  кезек-кезек тебеді,

Зыр  жүгіре  береді

Ол  тынымсыз  домалап

2: Қоймасын қыс ақтарып,

Жерді жапты ақ мамық.

3. Бірін-бірі қоштаған,

Бір үйден көрдім,

Қырық екі дос-жаран.

4. Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі.

5. Қалқиып екі құлағы,

Елеңдеп, қорқып тұрады.

6. Жолбарыстан аумайды,

Тышқандарды аулайды.

7. Жеп көріп ем өзін мен,

Жас шығарды көзімнен.

8. Бұлаңдаған құйрығы,

Бір алдарлық қулығы.

9. Әттең, даусым, тілім жоқ,

Құшағымда білім көп.

10. Суға батпайды, отқа жанбайды,

Айнымайды шыныдан, қорқады тек жылыдан.



VII-кезең- «Мақал – сөз атасы»

Әр топ тақырып таңдап, сол тақырып бойынша мақал жарысына түседі.

Еңбек, Отан, оқу-білім, табиғат, ата-ана

VIII кезең- «Құпия сандық»

Бұл айналымда 3 пән беріледі. Оқушылар сол пәндердің біреуін таңдап сұрақтарға жауап береді.



Дүниетану пәнінен:

Карта дегеніміз не?

Еліміздің жер көлемі қанша?

Үгілу дегеніміз не?

Террикон дегеніміз не?

Мәрмәр қандай пайдалы қазба?

Түсті металл кендері

Қарағанды көмір бассейінін ашқан кім?

Мұнайдың қасиеттерін ата

Табиғаттағы су айналымы

Орал тауларынан бастау алып, Каспий теңізіне құятын өзен.

Жер шарындағы ең үлкен тұйық көл.

Ауада азот қанща пайыз?

Ауа райы дегеніміз не?



Математика:

1) 1 м2 =? дм2

2) 1 м2=? мм2

3) 1т=? г

4) Екі қаладан бір- біріне қарама-қарсы бағытта екі пойыз шығып, 6 сағаттан кейін кездесті. Бірінші пойыздың жылдамдығы 66 км/сағ, екіншісі пойыздың жылдамдығы 95 м/ сағ.

5) Жеңіл автокөлік 100 км жолға 9 л бензин жұмсайды. 800 км жолға неше литр бензин жұмсайды?



Қазақ тілі:

Тұрлаусыз мүшелерді ата?

Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

Буын үндестігі

Сөз тіркесі

Құрмалас сөйлем

Сөйлемнің дара мүшесі

Бірыңғай мүшелер

Қыстырма сөздер

Қайталама қос сөздер

Зат есімнің септелуі

Әдебиеттік оқу (үзінді қай шығармадан, авторы, кейіпкерлерін атайды)

1) «Оның кітапқа ынталанғандығы сонша, жан-жағына да қарамайды. Ол екі атты да ұмытып кетті. Біреу алып кетсе де білер емес. Өзінің айдалада жатқанын да, ауылын да, басқа дүниені де ұмытты.»

2) «Күн сәскеге шейiн жүрiп отырып, сәскеде сүрлеу бiр қатаң шоқаттау жерге түсiп көрiнбей кеттi. Балалар ендi қай жаққа жүрерiн бiлмей дағдарып тұрды. Сөйтiп, жан-жағына қарап тұрса, iлгергi алдында бiр биiк қыр үстiнде, үлкен мола көрiндi»

3) «Аулада бір топ бала шекарашылар мен шекара бұзушылар болып ойнап жүр едік. Көршінің менімен жасты баласы шекарадан өте бергенде, қолға түсіруге ұмтылдым. Екеуіміз алыса кеттік. Жамбасқа алып, атып ұрдым да, қолын артына қайырып байлайын деп жатыр едім, құлағым тызылдап қоя берді. Біреу сүйреп әкетіп барады. Қарасам, шекара бұзушының әкесі»

4) «Көк қамыстың бір жапырағын алып, екі шетін қуыс құлақтандырып қусырып, қайық жасады да, суға салды. Кішкентайлығы болмаса, аумаған қайықтың өзі. Ағыспен төмен ығып, жүзіп барады.»

5) «Онда Ерасылдың он алтыдан он жетіге жаңа шыққан кезі. Бір күні Зайсан көлі жағасында жылқы қайырып жүріп, ойда жоқта бір тобыр жабайы шошқаға тап болғаны»

6) «Оқуың тасып тұрса, тұщы су тауып бер. Ал біз өз білгенімізді істеп жатырмыз,-деп реніш білдірді. Қанекең үндеген жоқ. Суға түсті де, отауына кетіп қалды. Бірақ болжауы дұрыс екен.»

7) «Әкем айтыс қуып, әндетіп жүре-жүре отыз үш жасында Әбдірахманның Рәзия атты қызына үйленіпті. Ол менің шешем еді. Ол кісі мен үш жасқа толар-толмаста қайтыс болған. Анамның қандай кісі болғанын тек әжем мен әкемнің әңгімелерінен ғана білемін.»

8) «Міне, ғажап! Үстінде қалың ақ жібек матадан тіккен костюмы, басында ақ шетен қалпағы бар орта бойлы, толық, ат жақтылау, дөңес мұрынды кісі есік алдында, баспалдақ үстінде қолын көлегейлеп көше жаққа қарап тұр екен»

9) «Мен – балаң, жарық күннен сәуле қуған,

Алуға күнді барып белді буған.

Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,

Болмасам толған айдай балқып туған.

10) «Аздан кейін өздері жеңіле бастады. Бұл қалай? Бұлардың командасы ауладағы ең мықты команда емес пе? Әсіресе өздерімен қатар, үшінші қабатта тұратын досы Болат барда бұлар жеңіліп көрген емес»



Қорытынды:

(әділқазылар алқасының қорытындысы, жеңімпаз топты марапаттау)


Сайысқа өте жақсы қатысқандары үшін оқушыларға алғысымызды айтып, одан әрі білімдерін шыңдай беруге тілегімізді білдіреміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет