Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халықТЫҚ педагогиканың озық ДӘСТҮрлерін пайдалану



бет5/22
Дата28.04.2022
өлшемі492,5 Kb.
#141208
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ОЗЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ

Зерттеу әдістері: философиялық, педагогикалық, психологиялық ғылыми әдебиеттерге теориялық талдау, мектеп құжаттарымен ( ресми материалдар, жоспарлар т.б) танысу, мектептің жұмыс нәтижелерін салыстыру, сұрақ, жауап, әңгімелесу, отбасы дәстүрлерін зерттеу, педагогикалық бақылау, эксперимент, математикалық- статистикалық өңдеу.
Негізгі идея: халықтық педагогиканың озық дәстүрлері арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде гуманизация бағыты жалпы адамзаттың ұлтаралық және ұлттық бірлікке тірек ету.
Зерттеу көздері: зерттеу проблемасы саласында басылым көрген тарихшылардың, әлеуметтанушылардың, әдебиетшілердің, ақын- жазушылардың, педагогтар мен психологтардың еңбектері; Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми материалдары мен құжаттары (Конституция, Білім, тәрбие беруге арналған тұжырымдамалар мен бағдарламалар); мектеп пен арнаулы орта және жоғары оқу орындарының озат тәжірибелері.
Зерттеу кезеңдері: І кезеңде (2004 жылдың екінші жартысы ) зерттеу проблемасы бойынша педагогикалық, психологиялық, әлеуметттік, оқу- әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалды.
ІІ кезеңде (2005 жылдың бірінші жартысы) деректі материалдар жинау жалғастырылды. Проблеманың зерттелу деңгейі анықталды. Оқушыларға адамгершілік тәрбие беру мақсатында мұғалімдермен бірлескен жұмыстың әдістемесі жасалынды. Оның мазмұны мен әдіс тәсілдері педагогикалық тәжірибелік эксперимент жүзінде тексерілді. Эксперимент нәтижелері сұрыпталып өңделді. Қорытынды нәтижелер кестеге түсіріліп, нақтылы тұжырымдар мен нұсқаулар жасалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет