Логикалық олимпиада 4-сынып №2
А блогы (әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан)
1.
Әдия саяжайдан орамжапырақ жинады. Барлық жиналған орамжапырақтың үштен бір бөлігін, яғни 12 орамжапырақты Алуаға, ал қалғанының үштен бір бөлігін және 1 орамжапырақты Әсемгүлге берді. Әдия өзіне неше орамжапырақ қалдырды?
а) 54 в) 28 с) 9 d) 15
2.
Төрт ыдыста 99 алма бар. Бірінші, екінші ыдыстағыі алмалар бірдей. Үшіншісінде біріншідегінің жартысындай. Ал төртіншіде екіншіге қарағанда 2 есе артық..Әр ыдыстағы алмалардың санын анықта.
а) 1-ыдыста 22 в) 1-ыдыста 22 с) 1-ыдыста 21 d) 1-ыдыста 20
2-ыдыста 11 2-ыдыста 22 2-ыдыста 23 2-ыдыста 20
3-ыдыста 24 3-ыдыста 11 3-ыдыста 12 3-ыдыста 15
4-ыдыста 42 4-ыдыста 44 4-ыдыста 43 4-ыдыста 44
3.
Бұзау сиырдан 5 есе жеңіл.Ал олардың жалпы массасы 480 кг. Бұзау мен сиырдың әрқайсысының массасы қанша?
а) Бұзау-80 кг, сиырдың массасы -400 кг
в) Бұзау-48кг, сиырдың массасы -100 кг
с) Бұзау-60 кг, сиырдың массасы -420 кг
d) Бұзау-30 кг, сиырдың массасы -450 кг
4.
Белгісіз санның жазылуында (1-ден 28-ге дейін) 1, 5 және 7 цифрлары жоқ. Ол тақ сан және 3-ке бөлінбейді. Осы санды тап.
а)2, 4,3,6, 8, 9 в) 1,2,3, 5,4, 2 с) 10, 9, 11,12,13,14 d) 6, 8, 10,11,12,13
5.
Сайлау дүкеннен бір пакет алма сатып алды. Бірінші күні ол оның бестен бір бөлігін жеді. Екінші күні пакетте қалған алманың жартысын жеді. Үшінші күні ол екінші күннен қалған алманың жартысын жеді. Сонда пакатте 5 алма қалды. Әуелде пакетте неше алма болды?
а) 30 в) 35 с) 25 d) 45
Б блогы (әр дұрыс жауапқа 3 ұпайдан)
1.
Ойыншық жасау үшін қыз бала 4 жолақ кесті.Әр келесі жолақты ол алдыңғысынан 2 есе қысқа кесті. Егер төртінші жолақтың ұзындығы 42 см болса, бірінші жолақтың ұзындығын тап.
а) 330см в) 336см с) 332 д) 168см
2.
Бірінші қатарға бір-бірінен 2 м қашықтықта 112 жеміс ағашы отырғызылды. Екінші қатарға бір-бірінен 1м қашықтықта 222 қайың ағашы отырғызылы. Қай қатар ұзынырақ?
а)Бірінші қатар ұзынырақ в) екінші қатар ұзынырақ
с) бірдей д) жеміс ағашы
3.
1, 2, 3, 123, 133, 234 сандарының ішінен қалған үш санның көбейтіндісінің мәні 369-ға тең болатындай етіп, үш санды алып таста.
а) 3, 2,133 в) 1,2,123 с) 123,133,234 д) 1, 3, 133
4.
3 қорапта 90 кг шеге бар. Бірінші және екінші қорапта 66 кг, ал екінші және үшінші қорапта 54 кг. Әр қорапта неше кг шеге бар?
а) 1-қорапта 36 в) 1-қорапта 40 с) 1-қорапта 66 д) 1-қорапта 26
2-қорапта 30 2-қорапта 30 2-қорапта 12 2-қорапта 54
3-қорапта 24 3-қорапта 20 3-қорапта 11 3-қорапта 10
С блогы (әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан)
1.
Аминада үш түсті 66 қағаз бар. Көк түсті қағаздар қызыл түстілерден 2 есе артық. Ал қызыл түсті қағаздар ақ түсті қағаздардың үштен бір бөлігін құрайды. Аминада әр түстен неше қағаз бар?
а)қызыл -11 в)қызыл -18 с) қызыл - 14 д) қызыл - 32
көк -22 көк - 13 көк - 13 көк - 13
ақ - 33 ақ - 35 ақ - 39 ақ - 21
2.
Ақты қара, қараны ақ етіп көрсететін көзілдірік кисе берілген сурет қалай көрінетінін тап.
а) в) с) д)
3.
Берілген суретті 3 түзумен 7 бөлікке бөл.
Достарыңызбен бөлісу: |