«Бастауыш сынып оқушыларының математикадан логикалық тапсырмалар беру арқылы ойлау қабілеттерін дамыту жолдары»



бет24/25
Дата06.01.2022
өлшемі442,68 Kb.
#109953
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Логикадан олимпиада 4-сынып №3

А блогы (әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан)

1.

4 бала    екі доңғалақты және үш доңғалақты велосипед теуіп жүр. Егер велосипедтердің барлық доңғалақтарының саны 9 болса, екі доңғалақты велосипед нешеу, үш доңғалақты велосипед нешеу?



а) 2 доңғалақ 2 в) 2 доңғалақ 3 с) 2 доңғалақ 4 д) 2 доңғалақ 1

3 доңғалақ 2 3 доңғалақ 1 3 доңғалақ 0 3 доңғалақ 3


2.

18 вафли тәрелкелерге былай салынған: біріншісінде -4, екіншісінде – 5, үшіншісінді – 2, ал төртіншісінде – 7. Осы тәрелкелерді екі үстелге қойғанда, бір үстелде екінші үстелден екі есе көп вафли болуы керек. Сонда тәрелкелерді қалай қоямыз?

а) 1мен 3, 2 мен 4 в)1 мен 2, 3 пен 4 с) 2 мен 3, 1 мен 4 д) жауабы жоқ

3.

Арман әкесі 36-ға келген кезде туған болатын. Қазір оның жасы әкесінің жасынан 5 есе кіші. Арманның әкесі қазір нешеде болғаны?



а) 41 жас в) 50 жас с) 45 жас д) 40 жас
4.

Ойлаған санның төрттен бір бөлігіне 26-ны қосқанда 70 шықты.Ойлаған санды тап.

а) 44 в) 176 с) 96 д) 104
5.

Дамир, Рамазан, Әмір Әлішерлердің әрқайсысында 23 асықтан бар еді. Дамир Рамазанға, Рамазан Әмірге, Әмір Әлішерге, ал Әлішер Дамирға 2 асық қарыз болатын. Олар өзара қарыздарын қайтарғанда, олардың әрқайсысында қанша асықтан болады?

а) 25 в) 35 с) 45 д) 23

Б блогы (әр дұрыс жауапқа 3 ұпайдан)

1.

Би студиясында 25 ұл және 19 қыз шұғылданады. Әр апта сайын топқа 2 жаңа ұл бала және 3 жаңа қыз келеді. Қанша аптадан кейін топтағы ұлдар мен қыздар саны теңеседі.?



а) 4 в) 6 с) 8 д) 7
2.

Нұрлан мен Мансур бір көшенің бойында тұрады. Нұрланның үйінің бір жақ бетінде 17 үй, ал екінші жағында 23 үй орналасқан. Мансур көшенің қақ ортасындағы үйде тұрады. Нұрлан мен Мансурдың үйлерінің арасында қанша үй бар? 

а) 2 в) 3 с) 4 д) 5

3.

Әуежайдың ұшу алаңының ұзындығы 928 м. Алаң үстіне әр 8 м сайын белгілер салынған. Осы ұшу алаңында неше белгі бар?

а) 116 в) 120 с) 117 д) 115
4.

Бір сыныпта 25 оқушы бар. 12 айдың барлығы тең қамтылған жағдайда құжаттарын қарамай, ата-аналарынан сұрамай, кем дегенде, неше бала бір айда тууы мүмкін?

а) 3 бала в) 4 бала с) 5 бала д) 2 бала

С блогы (әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан)

1.

«5»  цифрын 20 рет қолданып, «+»  таңбасын қой. Нәтижесі 1000 шығу керек.


2.

Мына сандық ребусты шеш: АХ + УХ = УРА (әртүрлі әріптермен әртүрлі сандар белгіленген, бірдей әріптермен бірдей сандар берілген).

3. Компютерде сурет салып отырған Ерболат «Бояу» құралымен бір рет тамызды. Боялған фигураны анықта.

Бояу тамызылған жер суретте «+» таңбасымен белгіленген.

а) в) с) д)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет