Бастауыш сынып оқушыларының өлкетану іс-әрекетіне құндылық бағдарын қалыптастырудағы қазіргі жағдайы
Мақалада бастауыш сынып оқушыларының өлкетану іс-әрекетіне құндылық бағдарын қалыптастырудағы қазіргі жағдайы қарастырылған. Тұлғаны жан-жақты, үйлесімді дамыта отырып, оның ғылыми көзқарасын, адами қасиеттерін, өлкетану іс-әрекетіне құндылық бағдарын қалыптастырдың қазіргі мәселелеріне талдау жасалынған.
Мақалада сонымен қатар өлкетану тәобиесі мұғалімнің белсенді жұмыстыраның бірі туралы және барлық пәндерің әдістемелерін оқытуда, оқушыларға адамгершілік және эстетикалық тәрбие беруде ең маңызды орын алатыны жөнінде айтылған.
Кілтті сөздер: құндылық бағдар, өлкетану іс-әрекеті, білім беру стандарты, табиғат обьектілері, карта, схема, гербарий, коллекциялар, иллюстрация
В статье рассматривается современные условие в формировании ценностной ориентации к краеведческой деятельности учащихся начальных классов. Проанализированы современные проблемы формировании ценностной ориентации к краеведческой деятельности учащихся.
Также в статье рассмотрены вопросы краеведческого воспитание как активная форма работы учителя. Так как оно играет действенную роль в методике преподавания учебных предметов, нравственном и эстетическом воспитании учащихся, возрождении духовности.
Ключевые слова: ценностная ориентация, краеведческая деятельность, общеобразовательный стандарт, обьекті, карты, схемы, гербарий, коллекции, иллюстрации
In the article examined modern condition in forming of the valued orientation to regional activity of initial classes of students. Modern problems are analysed forming of the valued orientation to regional activity of students.
Keywords: the valued orientation, regional activity, general standard, обьекті, maps, charts, herbarium, collections, illustrations.
Also in the article questions are considered regional education as active form of work of teacher. Because it plays an effective role methodology of teaching of educational objects, moral and aesthetic education of students, revival of spirituality.
Бүгiнгi таңда Қазақстан Республикасында жас ұрпаққа бiлiм беру мәселесiне мемлекеттiк тараптан аса үлкен мән берiлiп келедi. Оған дәлел Қазақстан Республикасының бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында бiлiм берудiң мақсаты: «адам ресурстарын даярлау сапасын арттыру, жеке тұлға мен қоғамның қажеттiктерiн қанағаттандыру үшiн Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық даму жоспарының басымдықтары негiзiнде көп деңгейлi бiлiм берудiң ұлттық жүйесiн жаңғырту», - деп көрсетiлген.
Орта білім берудегі ең маңызды нормативтi құжаттардың бiрi - бiлiм берудiң мемлекеттiк стандарттары десек, аталған стандарттар бiлiм беру мекемелерiнiң барлық түрiне мiндеттi болып саналатын және бiлiм беру iсiнiң әрбiр деңгейiнiң мазмұнына қойылатын талаптарды, оқушылардың оқыту жүктемелерiнiң көлемiн, бiлiм сапасын тексеретiн мемлекеттiк бақылау орындарының ережелерiн, оқу бағдарламаларының орындалғанын дәлелдейтiн құжаттарды анықтайды.
Республикамыздың білім беру ұйымдарының барлық түрі мемлекеттік білім беру стандартын, оқу жоспарына сәйкес әзірленген оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырады.
Жалпы білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны жан-жақты, үйлесімді дамыта отырып, оның ғылыми көзқарасын, адами қасиеттерін, өлкетану іс-әрекетіне құндылық бағдарын қалыптастыру. Аталған мақсатқа сәйкес білім беру жүйесінің бастауыш деңгейі бойынша зерттеу мәселемізге байланысты төмендегідей міндеттерін атап көрсетуге болады:
оқу жоспары мен бағдарламаларының жүзеге асырылуына жағдай жасау;
оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, танымдық-ізденімпаздық, салауатты өмiр салты мен адамгершiлiктiң негiзiн қалыптастыру, ақыл-ойының дамуына мүмкіндіктер беру;
өз еліне, отанына деген сүйіспеншілік негізінде мемлекетті, оның рәміздерін және халықтың дәстүрлерін құрметтеуге баулу;
еліміздің әлеуметтік-мәдени өміріне саналы көзқарасын қалыптастыру және белсенділігін арттыру;
халқымыздың тарихын білу, барлық мәдени іс-шараларға атсалысу;
бiлiм беру ұйымдарының дербестiгi мен өзiн-өзі басқару құқын, сонымен қатар оны демократияландыруды жетілдіру;
оқытудың жаңа технологияларын ендiру, бiлiмдi ақпараттандыру;
бiлiм беру жеке тұлғаның дамуы мен өлкетану іс-әрекетіне құндылық бағдарын қалыптастыру.
Жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сыныптарына арналған бағдарламаларына талдау жасайтын болсақ, зерттеу мәселемізге қатысты дүниетану мен ана тілі пәндерін алып отырмыз. Дүниетану пәнінің мазмұны оқушыларды қоршаған өмірдің әртүрлі объектілері мен құбылыстарын зерделеуге бағытталған танымдық іс-әрекет әдістерімен және тәсілдерімен жүйелі түрде қаруландыруды ескереді.
Оқытудың мақсаты: оқушылардың дүниеге біртұтас көзқарасын қалыптастыру және ондағы адамның орнын түсінуге көмектесу.
Оқытудың міндеттері:
- табиғат объектілері мен құбылыстарының алуан түрлілігі, олардың қасиеттері, слалары мен күйлері туралы түсініктерді қалыптастыру, олардың арасында өзара байланысты, өзара тәуелділікті, олардың кеңістік пен уақыт бойынша өзгерістерін түсінуді қамтамасыз ету;
- өзінің көңіл-күй ахуалына, денсаулығына деген дұрыс қатынасты тәрбиелеу;
- өзінің іс-әрекетін ұйымдастыра алуға және өзін ұстай білуге үйрету;
- оқушыларда адамгершілік, еңбек және эстетикалық мәдениет негіздерін қалыптастыру, оларды әлеуметтендіру;
- экологиялық мәдениет пен ойлау стилін тәрбиелеу.
Ана тілі мен дүниетану бойынша бағдарламаға жасалған талдауға сәйкес кейбір тақырыптардың мазмұны бірнеше пәннің мазмұнымен кірігіп кететін жағдай туады. Мысалы, 1 сыныпта “Өсімдіктер тобы”, “Өсімдік мүшелері”, “Жеміс”, “Тұқым”, “Көкөніс”, “Біздің қала немесе ауыл”, 2 сыныпта “Топырақ”, “Адамның айналасымен қарым-қатынасы”, “Алматы”, “Егістікте”, “Мал шаруашылығы”, “Адам және өсімдіктер мен жануарлар”,
3 сыныпта “Пайдалы қазбалар”, “Біздің Отанымыз - Қазақстан” т.б.,
4 сыныпта “Еліміздің географиялық картадағы орны”, “Жер беті”, “Ауа райы. Климат”, “Біздің ауыл” т.б. (сурет, еңбек, тіл дамыту, ана тілі, қазақ тілі) сабақтары әдістемелік тұрғыдан да мазмұн жағынан да бірлесіп, жымдасып, кірігіп кетеді. Бұл бастауыш сынып оқушыларының этномәдени құндылықтарының қалыптасуына, ой-өрісінің, ойлау операцияларының дамуына мүмкіндік береді. Дүниетану сабақтарында өлкетану материалдарын қолдану мен өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру және де олардың табысты болуы белгілі бір жағдайларға байланысты болмақ. Олардың ішінен аса маңыздысы мұғалімнің теориялық және әдістемелік жұмысы, өлкетану жұмыстарын оның практикалық дайындығының болуы. Ең алдымен мұғалім оқушылардың ғылыми білім жүйесін, ұғымдарды, сенімдерді, ойлау әрекетінің белсенділігін туған өлке туралы білімсіз қалыптастыру мүмкін еместігін түсіне білуі қажет. Өлкетану материалдарын пайдалану арқылы біз қоғамның, табиғат өмірінен қоршаған шындықтың фактілері арқылы құбылыстарды, ғылыми ұғымдар мен процестерді нақтылап, түсінеміз.
Бүгінгі таңдағы оқулықтарға талдау жасамас бұрын ХIХ ғасырдың басындағы елімізде жарық көрген бастауыш сыныптарға арналған оқу құралдары мен әдістемелерге тоқталуды жөн көрдік. Өйткені, жоғарыда айтып өткендей бүгінгі зерттеу тақырыбына өзек болып отырған мәселені сол кездің өзінде де оқу құралдарынан орын алғанын көруге болады.
Ж.Аймауытовтың “Комплекспен оқыту жолдары” атты еңбегінде әлемдік әдістеме негіздеріне сүйене отырып, оқудың күнделікті өмірмен, қоршаған ортамен байланысына қатысты нақты тақырыптар, өз бетімен жұмыс істеу, мазмұндау тапсырмалары беріледі. Кітап күзгі жиын-терін, күзгі жаратылыс, қала мен ауылдың айырмасы, қора-қопсыны оңдау, мәдени өсімдік жиын-теріні, айыл-ауылдың әлеумет ұйымдары, ауылдағы қолөнер мен кәсіп, үй хайуанаттары, малды жұттан сақтау, егін жабдығын қамдау, егінге үкімет жәрдемі, күннің жаратылысқа әсері, бау-бақша жұмысы, малдың түрлі аурулары, арық шабу, жазғы жұмыстың жоспары тақырыптарын қамтиды. Мұның бәрі де ауыл баласы жақсы білетін етене құбылыстармен сабақтас алынған, тұрмыс психологиясы салт ерекшеліктері әбден ескерілген. Бүгінгі таңда бастауыш мектептің тәжірибесіндегі дүниетану пәнінің мазмұнына осы аталған тақырыптардың барлығы да енгізілгенін көреміз.
Зерттеу жұмысымыздың барысында Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов,
Ш. Құдайбердиев, М.Жұмабаев өз еңбектерінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктері туралы, оқу-тәрбие үдерісінде табиғатқа сәйкестілік, мәдениетке сәйкестілік принципін басшылыққа алуды жан-жақты қарастырғанын аңғартты.
М.Жұмабаев бала табиғатынан білуге құмар болады, әр нәрсенің себебін, заңдылығын шешуге тырысады. Яғни заттар, көріністер туралы ұғым жасауға, ой шығаруға ұмтылады. Осы ұғым жасап ой шығарып, оны өркендетудің төмендегідей бірнеше жолдарын көрсеткен. Олар:
баланың жанында дұрыс әсерленулер һәм ашық суреттеулердің көп болуына иждиһат қылу керек;
бала заттарды, көріністерді ұқсас сындары бойынша тап-тапқа бөліп үйренсін. Тап-тапқа бөлгенде жеңілден ауырға көшуді естен шығармауға керек;
бала көріністердің, ойлардың араларындағы байламды һәм олардың қайсысы қайсысына себеп екенін біліп үйренсін, – дейді.
Бұдан автордың баланың ішкі сезімдеріінің ұшқыр болатынын, күшті, құйындай екпінді, тұрақсыз, құбылымпаз, құйындай тез басылатындығын айтып, мысалдармен дәлелдеген. Ашу, қорқу, ұялу, достық, сұлулық (эстетика), құлық сезімдері, оларды тәрбиелеу жолдарына ерекше тоқталады.
Қорыта келе, автордың ұсынған педагогикалық, психологиялық пікірлерді мектеп жұмысын, мұғалімдер тәжірибесін жетілдіруге басшылыққа алынуға болатын құнды пікірлер деп есептейміз.
М.Дулатовтың балаларға арналған “Қирағат” атты оқулығының орны ерекше. Ұлы ақын өзінің педагогикалық қызметінде ана тіліне зор мән берген. Оның шығармалары: “Жаз”, “Қыс”, “Қасқыр қысты қалай өткізеді?”, ”Жазғы кеш”, “Қоян”, “Піл”, “Кит”, “Үй хайуандары” балаларға өзін қоршаған дүниеден білім беруге бағытталған. М.Дулатовтың бастауыш сыныптарға арналған “Оқу құралы” атты еңбегін атап өткен жөн. Оның сыртқы бетінде: “Бастауыш мектепте екінші жыл оқылатын қирағат кітабы” деген ескертпесі бар. Аталған оқулық мазмұнына енген материалдар кез-келген қазақ баласы үшін тартымды, әрі түсінікті. Ондағы ертегілер, жүйрік тұлпарлардың, ақылды аңдардың қимылдары мен үндеріне, қылықтарына қанығасыз. Оқулықтағы жаңылтпаш, жұмбақтар, өтірік өлеңдер оқушылардың жас ерекшеліктеріне, олардың ұлттық психологиясына сай жазылған.
Өлкетану материалдары мен өлкетану жұмыстары мұғалімнен үлкен педагогикалық шеберлікті, терең тиянақты білімді, оқу үдерісін дұрыс ұйымдастыруды талап етеді. Мұғалім өлкетану жұмыстарына дайындала отырып, өлкетану туралы түрлі әдебиеттермен танысып, туған өлкенің табиғи жағдайларын жетік зерттеуі қажет, жергілікті жер туралы мәліметтер мен фактілерді жинастыруы керек. Сонымен бірге, бастауыш сынып оқушыларымен топсаяхаттарды, түрлі бақылауларды жүргізіп отыруы шарт. Өйткені, оқушылардың жас ерекшелігі мен қызығушылығына сай түрлі белсенді әдістер мен оларды ұйымдастыруды талап етеді. Ана тілі, дүниетануды оқытуда өлкетану жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру үшін мұғалімнің өз өлкесі туралы білімі жетік болуы керек.
Бастауыш сынып мұғалімі алдына өлкетану жұмыстарын ұйымдастыруда екі міндет тұрады: 1) өз өлкесінің табиғи ерекшіліктерін білу, оны жан-жақты зерттеп, өлкетану материалдарын жинау; 2) жиналған өлкетану материалдарын ана тілі, дүниетану сабақтарында пайдалану.
Өлкетану жұмыстарын ұйымдастырып, өз дәрежесінде өткізу үшін мұғалім оқу жылының басында ана тілі, дүниетану пәнінің мазмұнына енген мәтіндер мен әңгімелерді талдап, жағдайлар мен фактілерді белгілеп, жергілікті жердің материалымен байланысатын объектілерді анықтап алуы қажет. Бұл жұмыстың нәтижесінде мұғалім өлкетану материалдарын пайдаланудың мерзімін анықтайды. Содан кейін өлкетану жұмыстарының күнтізбелік жоспарын құрады. Мұндағы басты мақсаты өткізетін өлкетану жұмыстары оқу бағдарламасының тиісті тақырыптарын оқытудың алдында жүруі керек. Жоспарды құру барысында туған өлкенің мәліметтерін қолдануға болатын тараулар мен тақырыптарды ғана енгізу қажет.
Жалпы өлкетану жұмыстарын жоспарлауда оқу жұмыстарында өлкетану материалдарын қолдану мақсатында оларды іріктеп, саралап, таңдап, жүйеге келтіру аса маңызды болып табылады. Жақсы ойластырылған жұмыс жоспары мұғалім өз өлкесін зерттеуде табысты болуына ықпалын тигізеді. Мұғалім жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру арқылы қойған мақсатына аз уақыт пен күш жұмсап жетеді және де сонымен қоса жергілікті жердің табиғат ерекшеліктері туралы дұрыс, аяқталған түсінік алады. Өз өлкесін жетік білу үшін мұғалім ең алдымен өз жерінің табиғатын сипаттауға арналған баспа жұмыстарын оқып білгені жөн. Өйткені көркем шығармамен танысу мұғалімге көптеген сұрақтарды шешуге көмектеседі.
Жалпы өлкетану материалдарын сабақтың бір кезеңінде (білімді тексеру, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, өткенді қайталау, өзіндік жұмысты орындау барысында) қолдануы мүмкін. Туған өлке туралы мәліметтерді әсіресе, жаңа материалдарды өту барысында қарастыру, оқушылардың пәнді оқуға деген қызығушылығы мен ынтасын арттырады.
А.З.Сафиуллин дүниетану сабағында өлкетану материалдарын пайдалануда төмендегідей тиімді әдістер мен тәсілдерді ұсынады:
1) түсіндірмелі – иллюстративті, сөздік әдістері (әңгімелесу, түсіндіру) өлкетану материалдарының мазмұны бойынша (карта, схема, гербарий, коллекциялар) иллюстрациямен байланысатынын; 2) оқушылардың өмірлік, танымдық тәжірибесі және де өлкетану білімдерін пайдалануға негізделген, ішінара іздеу (қайталау, оқыту, эвристикалық, әңгіме); 3) өлкетану әдебиетімен жұмыс (оқулықтар, құралдар, анықтамалар, мерзімді баспасөздер; 4) табиғат құбылыстары мен объектілерін тікелей зерттеуді көздейтін зерттеу әдісі (табиғатты бақылау, материалды өңдеу).
Көпшілік жағдайда өлкетану іс-әрекетіне құндылық бағдарын қалыптастыруға арналған материалдарды бағдарламадағы туған өлке материалымен салыстыру мақсатында пайдалану қажет. Мысалы, еліміздің белгілі бір аймағының климатын жергілікті жердің климатымен салыстырады. Оқушыларға оның жергілікті жердің климатынан ерекшелігі туралы қорытынды жасатуға болады.
Өлкетану іс-әрекетіне құндылық бағдарын қалыптастыруға арналған материалдарды терең меңгеру үшін “проблемалық” сипаттағы сұрақ қою мақсатында қолданудың маңызы зор. Проблемалық жағдаяттар өтілетін тақырып мазмұнының шешілуін құрайды немесе бүкіл сабақ өлкетану материалына негізделген проблеманы шешумен байланысады. Сонымен қоса табиғатқа шыққан топсаяхатар проблемалық сипат алып жүруі тиіс.
Өлкетану іс-әрекетіне құндылық бағдарын қалыптастыруға арналған материалдары табиғи жағдайлар мен айтылған ойларды анықтауға, дәлелдеуге арналуы қажет. Бұдан басқа оқылған материалды қаншалықты түсінгенін анықтау үшін, мұғалім туған өлке мысалдарына сүйенуі керек.
Бейне, ұғым, түсініктерді, қалыптастыру мақсатында сабақтарда жергілікті жердің табиғи объектілері, модельдері, макеттері, суреттері, фото, кестелер, диаграммалар т.б. көрсетіледі.
Оқушылардың ойлау әрекетін арттыруда тәсілі табиғат объектілерінің, құбылыстарының сипаттамасы бойынша өлкетану іс-әрекетіне құндылық бағдарын қалыптастыруға арналған материалдар мазмұнының жазбаша өзіндік жұмыстарды орындаудың маңызы зор болып табылады.
Өлкетану тақырыбы бойынша ұзақ және қысқа мерзімге арналған үй тапсырамаларын беруге болады: жыл мезгілдерін сипаттау, топырақ қабатын, өсімдік пен жануарлар әлемін сипаттау.
Оқу үдерісінің өлкетану іс-әрекетіне құндылық бағдарын қалыптастыруға арналған материалдармен тікелей байланысы тақырыпты меңгерудің түрлі кезеңдерінде жүзеге асырылады. Мысалы: 1) өлкетану іс-әрекетіне құндылық бағдарын қалыптастыруға арналған жұмыстарды оқу материалының алдында өтеді. Мысалы, 4 сыныпта “Ауа райы. Климат.” тақырыбын өтпестен бұрын мұғалім ауа райын бақылауды ұйымдастырады. Бұл тақырыпты өтерде оқушылар өздерінің өлкетану бақылауларының нәтижелерін баяндаудан бастайды. Мұғалім өлкетану жұмыстарын өтілетін тақырыптың теориялық қорытындылары мен жеткілікті мысалдарды қамтамасыз ететіндей етіп арнайы жоспарлау қажет;
2) өлкетану іс-әрекетіне құндылық бағдарын қалыптастыруға арналған материалдары тақырып мазмұнына толық енеді. Өлкетану жұмыстары бағдарламадағы мәселелерді оқумен қатар жүргізіледі. Мысалы: 1 сыныпта “Шөп текті өсімдіктердің мүшелері” тақырыбын өту барысында мұғалім сабақты түсіндіруде жусан, селеу, желайдар немесе сол жергілікті жерде өсетін шөптекті өсімдіктерді көрсетіп, олардың мүшелерімен таныстырады;
3) өлкетану жұмыстары тақырыптың соңына ауыстырылады. Мысалы,
2 сыныпта “Кітапханада” тақырыбын сабақта өтіп, қорытынды ретінде мектеп кітапханасына саяхатқа апару және т.б.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстан Республикасының бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы
Ж.Аймауытовтың “Комплекспен оқыту жолдары” 1929 ж. ”Қазақ” баспасы.
Географическое краеведение в общеобразовательной школе: Пособие для учителей,— М.: Просвещение, 1979.— 127 с
Қ.Аймағамбетова. Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың теориялық негiзi / - Алматы: Балауса, 2003.- 144 бет
Достарыңызбен бөлісу: |