Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын тексеруге арналған мәтіндер



бет7/38
Дата11.12.2021
өлшемі433 Kb.
#99044
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38
Байланысты:
Акмарал оку шапшандыгы китапша
Акмарал оку шапшандыгы китапша
Әдептілік

Бір жұрттың үлкен бір оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы кісі өтіп бара жатып, оқымыстыға иіліп сәлем береді. Оған қарсы әлгі оқымысты да онан да төменірек басын иіп, қайтара сәлем береді. Сонда қасындағы бай тұрып:



  • Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз, сүйте тұра осындай бір бейшараға соншама бас иіп, неге сәлем бердіңіз? – деп сұрапты. Сонда ғалым кісі тұрып:

  • Ешбір ғылым-білім үйренбеген кісі сонша иіліп, әдептілігін көрсеткенде, менің оған әдепсіз болып көрінгенім лайықсыз болған болар еді, - депті.

(81 сөз)

Ақтөс

Балтеңге Шадманова

Менің Ақтөс дейтін итім бар. Өте ақылды. Маған еркелейді. Сабақтан келгенде шәуілдеп, қарсы алдымнан жүгіріп шығады. Мен Ақтөсті «Ақылдым» деп атаймын. Себебі ол үйге бөтен адамды кіргізбейді. Мені мектепке дейін шығарып салады. Міне, бұндай итті қалай ақылды демеске.

Ұрсып алдым Ақтөске

Ұста дедім қатты еске!

Құйтың қағып бекерге,

Құйрығыңды көтерме.

Кім екенін білмесең,

Көрінгенге үрме сен.

Сиырға да үресің,

Арбаға да үресің,

Қарғаға да үресің.

Тауықтар мен торғайға

Үрмесең де болмай ма?

Келсе Мұрат, Мұсалар,

Олар менің достарым,

Күні бойы тосқаным.

(81 сөз)


Әбунасыр әл-Фараби – Орта ғасырда өмір сүрген аса көрнекті ғалым, ірі ғылыми зерттеулер жүргізген данышпан.

Философия, медицина, математика, музыка салалары бойынша қыруар ғылыми талдаулар жасаған. Ғалымның ғылыми еңбектерін кейінгі ғұламалар өнеге тұтқан.

Фараби шығармаларының біздің заманымызға жеткені қырық шақты. Бүгінгі жаһандану дәуірінде де ғалымның ғылыми еңбектерінің маңызы зор. Бұлар әлемнің әр тараптағы елдерінің кітапханаларында сақталған және бірталай тілге аударылған. Қазақ ғалымдары зерттеулер жүргізу нәтижесінде ұлы бабамыздың шығармаларын қазақ тіліне аударып, том-том кітап етіп шығарды. Ұрпақтардың Әбунасыр Әл-Фарабиді оқып-білуіне жол ашты . (Ол кім? Бұл не?) (82 сөз)
Қоңыр қаз

Құстардың ішінде қоңыр қазды адам алғаш қолға үйреткен. Жабайы қаздар үлкендігі, түр-сипаты жағынан асыранды қаздарға ұқсас. Балпаңдай басқанымен, олар жерде көп жүреді. Ал ұшқанда тізбектеліп алып немесе сүйір бұрыштанып жылдам ұшады.

Суда олар денесінің артқы жағын, құйрығын жоғары көтеріп отырады. Өте сақ. Қаздар біздің елге сәуір айында келіп, ұясын жұптасып салады. Ұясына үйінді қамыс, шөптерді пайдаланады. Үстіне үлпілдек қауырсындар төсейді. Мамыр айында мекиені сары түсті 4-6 жұмыртқа тауып, оны апта бойы басып жатады. Ал ата қаз оның маңайында жүріп, қауіп-қатерден сақтайды.

(83 сөз)


Силинчи ханым

(Л.Толстойдан)

Қытай жұртында Силинчи деген бір әйел жібек құрттарын абайлап, қарап жүрсе, құрттар өлерінде өзінің өрмегіне кіріп өледі екен. Силинчи сол өрмекті алып, ширатып жіп еседі. Одан жібек орамал тоқиды.
Сол құртқа назар салып қарап жүрсе, тұт деген ағаштың жапырағын жеп күн көреді екен. Силинчи тұт ағашының жапырағын жиып, әлгіндей көп құрт жиып асырап, ақырында, бұл құрттың пайдасын халқына үйретіпті. Жібектің шығатын орнын ең әуелі сол кісі тауыпты-мыс.

Қазір сол Силинчидің өткеніне бес мың жылдай болыпты. Қытай жұрты әлі күнге силинчи ханымның сол ісін ұмытпайды.

(85 сөз)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет