Бастауыш сынып оқушыларының тілдік қорын дамыту



Дата07.05.2017
өлшемі51,65 Kb.
#16148

Бастауыш сынып оқушыларының тілдік қорын дамыту




Шаримова М.А
І-санатты  бастауыш сынып мұғалімі

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат – саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ ұрпақ қоғам иесі. Сол келешек қоғам иелерінижан – жақты жетілген, ақыл парасаты мол мәдени – ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз.

Оқушының ой - өрісінің, сана – сезімінің жан – жақты дамуы бастауыш сыныптан басталады. Бастауыш сыныпта оқушылардың тіл орамдылығын арттырып, өмірге көзқарасын қалыптастырса, ой өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытады. Балаларды жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді. Біздің жарқын болшағымыз - өскелең жас ұрпақтың біліктілігімен байланысты. Жас ұрпақ - өркениетті тәрбие шуағына шомылса ғана, білім нәрімен сусындаса ғана мемлекетіміздің көсегесі көгереді, егеменді ел баянды болады. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ екені ақиқат.

Қазақстан Республикасың президенті Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты жолдауының он жетінші бағытында: бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз үшін оқытудың әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек», -деп көрсетті.

Қазақстан Республикасы Заңының 4 – тарауы бойынша 16 – баб қарастырылған .

Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдармалары баланың жеке қабілеттерін оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын; негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кеңінен меңгерту үшін оқудың,

жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан

өзін - өзі көрсетудің, мінез – құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.

1.Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың теориялық негізі.

1.1 Сөз,сөйлеу және сөздік қор ... ... ... ... дұрыс сөйлеуді қалыптастырудың педагогикалық мәселелері.

2. Тарау. .

2.1 Бастауыш сынып оқулықтарының балалардың сөздік қорын байытудағы орны .

 

Әрбір ұлттың жас ұрпағы ана тілін терең оқып, жете білуге, өз елін, жерін сүюге тәрбиеленуге тиіс. Егер бала кішкентай күнінен өз халқының ұлттық психология- сында тәрбиеленсе, ана тілінің қасиетін ана сүтімен бойына сіңірмесе, өз халқының тарихын, өнерін, мәдениетін біліп өспесе, толыққанды өз халқының өкілі бола алмайды.



Баланы тәрбиелей отырып оқыту, халықтық педагогикаға көңіл қою қазіргі өмір талабы. Қазақ халқы қашанда имандылықты, бауырмалдықты, сезімталдықты қастерлеген.Отбасындағы туған-туысқа мейірімділік, қамқорлық халқымыздың ежелгі салты.

Осындай әдет-ғұрып, салт-санамызды балаға сіңіруде ана тілінің, оқу сабақтарының орны ерекше.

Мектеп жасындағы балаларға ана тілін оқытудағы   негізгі мәселе-сөздік қорларын арттыру, сөйлеу тілін дамыту. Тіл дамыту пәнін оқытудағы басты мақсат-оқушылардың сөздердің мағынасын дұрыс түсінігі, шапшаң оқуын жетілдіру.Оқушы өз ана тілінде өте таза, көркем сөйлеуге, автордың көзқарасын түсінуге жетелеу, тәрбиелеу.

Мектеп жасындағы балалардың тілін дамыту мақсатынды жасалатын жұмыс түрлері көп-ақ. Оқушыларға эссе жаздыру, өлең құрастыру, белгілі бір тақырып аясында шығарма жазу. Оқушыларға өз ойынан ертегі құрастыру, әңгіме жаздырудың  да маңызы ерекше.

Қазіргі заман талабына сай сабақ түрлері өзгертіліп саяхат сабақ, аукцион сабақ, панорамалық сабақ болып түрленіп өтіліп жүр. Бұл сабақтардың бала тілін дамытуда маңызы ерекше.

Қазақ халқы ауыз-әдебиеті үлгілеріне өте бай . Онда ананың нәрестеге, әженің немереге аманат етіп қалдырған мол мұрасы бар. Сол ауыз әдебиеті үлгілерін оқи отырып, бала тілі ұштала түсері хақ.

Баланың жеке басының дамуына оның сөйлеу тілінің дамуы ерекше роль атқарады. Тіл байыған сайын баланың ой-өрісі шарықтап, қиялы, ақыл-ойы дамиды.

Баланы ұшқыр ойға, тапқырлыққа жетелейтін жұмбақтар, мақал-мәтелдерді әр сабақ сайын жүйелі пайдалана білсек, бала тілін дамытудағы орны ерекше.

Тіл-сонымен қатар ауызекі сөйлеуде байи түседі. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру кезінде төмендегі әдістерді жүйелі қолданудың пайдасы бар екендігін айтуға болады.

Сұрақ-жауап әдісі: Бұл әдіс әсіресе мәтінмен жұмыс жасау кезінде өтілген тақырыптарды бекіту мақсатында қолданылады.

Ситуация арқылы сөйлеу әдісі:

Сөз, сөз тіркестерін, сөйлем құрау естіген оқиға туралы ойын жеткізу.

Өз ойын айту әдісі:

Оқушыларды ойлану арқылы ойын ауызша жеткізуге дағдыландыру.



Әңгімелесу әдісі:

Оқушылардың білімдерін бақылай отырып, жеке оқушымен де, топтағы оқушылармен де әңгімелесу арқылы қорытынды жасау.



Ойын әдісі:

Оқушының тілін дамытып, еркін сөйлеу қабілетін жетілдіреді.Оқушылардың сабақта алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін сабақта ойын элементтерін кірістіріп отырудың маңызы зор.

Мысалы: Ойынның шарты бойынша әр оқушы бір сөзден қосып, толықтырып отыруы тиіс.Бірақ сөйлемнің мағынасы өзгермеуі керек.Сөйлемге сөз қосып толықтыра алмаған оқушы жеңіледі.

Мен отырмын.

Мен сыныпта отырмын.

Мен жарық сыныпта отырмын.

Мен жарық, кең сыныпта отырмын.

Мен жарық, кең , жылы сыныпта отырмын.

 

Оқушылардың тілін дамытуда осындай әдістерді пайдалана отырып, өз ойларын еркін жеткізіп, байланыстырып сөйлеуіне қол жеткіземіз.



 

И.Левитовтың пікірінше, оқушыларды, шығармашылық қабілеттері деп біз іс-әрекет қорытындысында жаңа бір нәрсені үйренулері және олардың даралық бейімділіктерінің, қабілеттерінің көрінуі болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай қабілеті, олардың белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңілінің аууы, яғни оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі.

Сондықтан да әрбір педагог балалық кезде ерекше көзге  түсетін бейім-

оқушылардың бейімділіктерін дер кезінде көре біліп, оларды соған сәйкес келетін қабілеттерді дамыту біздің міндетті борышымыз екенін ұмытпауы-

мыз керек.

2.Әр жеке адамның шығармашылық кезеңі жаңалық ашуға деген ынтамен серіктес екенін есте сақтау қажет. Әсіресе, бала бойындағы шығармашылық қабілеттерін бағыттап, тәрбиелеу-қазіргі таңдағы ата-ана мен мұғалімнің ең басты міндеті.

«Өз біліміңмен балаларды шектеме, олардың туылған уақыты бөлек емес пе»?-деп айтылған пікірге зер салып қарасақ. Қазіргі таңдағы баланың көзқарасы, уақыты қандай, олар неге дайын болу керек?

 

Оқушыны неге дайындаймыз?



 

О      *  Қоғамның белсенді азаматы болуға;

қ       *  Қалаған іске жауапкершілікпен қарауға;

у       *  Өз ойын, көзқарасын құра білуге;

ш      *  Сұрақтар қойып, оны жан-жақты талқылай білуге;

ы      *   Ойын еркін жеткізіп, шығармашыл ізденісті қалыптастыруға;



 

Қорыта келгенде ХХІ ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз.Демек, біз қадам басқан ХХІ ғасыр жақсы , білімді, бәсекеге қабілетті ұрпақты талап етуі оңды құбылыс.Білім саласындағы бет-бұрыстың негізгі мақсаты-оқу-тәрбие үрдісін түбегейлі өміршеңдету, жаңашылдандыру. Қазіргі таңда білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты-ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүние танымы жоғары, бәсекеге қабілетті жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу –біздің міндетіміз




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет