Өткізу мақсаты: Халық педагогикасын оқу-тәрбие барысында қолдану, ата - ана, оқушы, ұстаз ұжымын ынтымақтастыру. Ұлттық тәрбиенің мақсатын жүзеге асыру.
Өткізілу шарты: І - ІІ турдан, 6 кезеңнен құралған.
I -тур. Мектеп ішіндегі отбасы сайысын өткізу және жүлдегерлерді анықтау.
II - тур. Мектептегі сыныптар арасындағы өткізілген сайыстардың жүлдегерлерінің қалалық көлемге ұсынылуы және өткізілуі.
І-кезең.
"Жеті атасын білген ер
Жеті жұрттың қамын жер ".
(Әр отбасы өзін-өзі таныстыру, не өлеңмен, не қара сөзбсн).
ІІ-кезең
"Атамұраң - асыл қазынаң".
(Салт - дәстүр, әдет - ғұрыптарға байланысты тапсырмалар)
ІІІ – кезең.
"Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер".
(Әр отбасының ата-анасына, баласына жеке тапсырмалар беріледі. Мысалы: анасы ою ояды, баласы бейнесөз шешеді, әкесіне қолөнерге байланысты тапсырмалар сұрақтар).
ІҮ – кезең.
"Халық тәлімі - тәрбие бастауы ".
(Бала тәрбиесіне байланысты сұрақтар мен тапсырмалар).
Ү-кезең
"Ұяда не көрсең,
ұшқанда соны ілерсің"
Әр отбасының балалары ортаға шақырылып, асықтар алып, сандар қасиетіне байланысты тапсырмаларын анықтайды.
Жалпы отбасына бірдей тапсырма: шешен-би сөздерінен үзінді, бата түрлері.
Сандар қасиетіне тапсырма және жауаптар:
А) 5 қаруды атаңыз...
(мылтық, садақ, найза, қылыні, айбаата)
Ә) 7 жетімге не жатады?
7) Тыңдаусыз қалған сөз жетім.
8) Киюсіз қалған бөз жетім.
9) Иесіз қалған жер жетім.
10) Басшысы жоқ ел жетім.
11) Аққу - қазсыз көл жетім.
12) Елінен айырылған ер жетім.
13) 3амандасы қалмаса бәрінен де сол жетім.
Б) 3 арсыз, 3 жамандықты атап беріңіз ?
1. Ұйқы арсыз. 1. Нақақ қан төгу.
2. Тамақ арсыз. 2. Кісі малын нақақ алу.
3. Күлкі арсыз. 3. Ата-бабадан қалған жұртты бұзу.
В) Ұлтымыз қандай сандарды киелі деп есептеген? Неліктен?
3, 5, 7, 9, 12, 30, т.б.
Г) 7 атаңды атап берсеңіз? Музыкалық үзіліс...
Отбасы тәрбиесінде ата-аналар мен мектеп Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау жолында өз жанын аямайтын нағыз ұлтжанды, өз халқын, өз отанын шексіз сүйетін еліміздің нағаз қорғаны бола алатын азаматтарды шығару үшін ықпалы ерекше болады. Нағыз еліміздің азаматын тәрбиелеу, біріншіден, отбасымен байланысты. Тәрбиенің бастауы отбасынан басталады. Бала өз отбасында негізгі рол атқарады. Отбасындағы баланың ең негізгі қасиеттерінің бірі оның адамгершілігін қалыптастыру, оған мектеп пен ата-ананың арасындағы байланыс тұрақты болу керек. Ата-ана мен мектептің бірлігі үлкен мақсат жолындағы тұтастығы, ұрпақ тәрбиссіндегі ең маңызды шарт екенін білуіміз керек. Оны қазіргі мұғалімдер мен ата-аналар жақсы түсінеді. Бұл ретте ата-аналардың да белгілі мөлшерде педагогикалық білім тәжірибесі болуы керек. Ұрпақ тәрбиесінің түп негізі бастауыш сыныптарда екені анық. Осыны терең түсінген көптеген ата - аналар балаларының даңғыл жол ашатын, негіз болып қалатын сәтте мектеппен, ұстаздармен бірлесе орасан зор жұмыс атқарады. Бұл тұста, әрине, ұстаздардың белсенділігі ерекше.
Қорытынды
Өнегелі жанұяда ғана тәрбиелі ұрпақ өсіп жетілетіндіктен, бүгінгі қоғамның біршама қиындық туғызып отырған өтпелі кезеңінде бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытуда сң алдымен, жанұя жағдайының ықпалы үлкен екендігі белгілі. Бүгінгі таңда жанұя тәрбиесін жақсарту, ондағы бала мен ата-аналар қарым-қатынасын гуманитарландыру мәселесі мемлекеттік тұрғыда маңызды орынға көтеріліп отыр. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Конституциясында: "Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың құқығы әрі парызы", - деп көрсетіледі. Ал, әлемдік деңгейде "Баланың құқығы туралы конвенция" қабылданып, бала дүниеге келмей жатып, қамқорлық жасаудың жолдары қарастырылуда. Бұның өзі бүгінгі бастауыш сынып оқушылар тәрбиесінің өте күрделі екендігін дәлелдейді.
Әрбір ұлттың басқа ұлттан айырмашылығы оның тілі мен ұлттық тәрбиесі арқылы ерекшеленбек. Сондықтан бүгінгі кіші жас оқушыларына ұлттық тәрбие беру және оларды бүгінгі заман талаптарына сай етіп тәрбиелеу қоғам алдында түрған үлкен міндет. Қоғамның бір бөлігі болып табылатын жанұяның бұл тұстағы мүмкіндігі ерекше. Жанұядағы кіші жас оқушыларының бүгінгі заман талабына сай жан-жақты қасиеттерін және тәрбие алуын қамтамасыз етуде ата-аналардың педагогикалық білімдерін жетілдіру қажет. Ол мектеп пен жанұяның ынтымақтастығын нығайтпайынша жүзеге асуы мүмкін емес.
Оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру жан-жақты тәрбиелеу, мектеп пен жанұяның ынтымақтастығын нығайта отырып, тәрбиелік іс-шаралар мазмұнын гуманитарландыру арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мектеп тәжірибелерінде мұғалімдердің ата-аналар мен жанұя тәрбиесі бойынша жұмыс жүргізуінде арнайы бағдарламаның жоқтығынан өз бетінше әрекет етуі байқалса, бұл жас педагог - мамандары үшін аса бір қиыншылық туғызып отыр.
Соның салдарынан мұғалімдер жанұялармен тек ата-аналар жиналысы арқылы ғана байланысып келді. Осыдан кейін бізге мектеп пен жанұяның, дәлірск айтқанда, сынып жетекшілерінің ата-аналармен ынтымақтастықта әрекет етуінің нақты міндеттерін анықтау, сонымен катар бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мақсатында ата – аналардың жанұя тәрбиесі бойынша педагогикалық білімдерін жетілдірудің мазмұнын анықтау қажеттілігі туды. Зерттеу жұмысы барысында оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру ұлттық тәрбие тұрғысынан қарастырылды. Сонымен қатар, бүгінгі жанұя тәрбиесінің дамуына әсер етіп отырған нарық талаптары да назардан тыс қалған жоқ.
«Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастырудың теориялық негіздері» атты тарауда бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері, жанұяда бастауыш сыныш оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудың теориялық негіздері, оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың мәні, мазмұны мен міндеттері туралы мәселелер жан – жақты қарастырылған. Сондай – ақ, «жеке тұлға», «жеке тұлға туралы теориялар» және оның түрлеріне сипаттама берілген.
Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері мен тұлғалық қасиеттерінің мәнін ашуда Ресейдің Кеңес ғалым психологтары: А.В.Петровский, Р.С.Немов, Д.С.Мухина, С.Ф.Жустков, Д.Б.Эльконин және т.б. ал Қазақстандық ғалым - психологтар Қ.Жарықбаев, М.Мұханов және т.б. еңбектерін пайдалана отырып, осы жас кезеңнің көрініс беретін тұлғалық қасиеттерін жағымды және жағымсыз деп топтастырған. Олардың бойында кездесетін мейірімділік, кішіпейілділік, тәртіптілік, ақкөңілділік, сүйкімділік және т.б. жалпы адамзатқа тән тұлғалық қасиеттердің жиынтығы екендігін айқындаған.
Кіші жас оқушыларының жеке басының дамуы үшін қасиеттің алатын орны ерекше. Олай болса, олардың жағымды ізгі қасиеттерін дамытуда жанұя тәрбиесінің ролінің мәнін жан-жақты ашу үшін "жанұя" және "тәрбие" ұғымдарына педагогикалық анықтамалар келтірілген. Сондай-ақ, жанұя -әлеуметтік орта ретінде оқушылардың жеке басының дамуына екі жақты әсер етеді және ол баланың тұлғалық қасиеттерін дамытудың негізгі факторы деп көрсеткен.
Жалпы кіші жас оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру үшін мектеп пен жанұя бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана оң нәтижелі мәнге ие болары анық. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысының бүгінгі күнгі ерекшеліктері, эксперименталдық нәтижелік жұмыстар, мектептің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының мазмұны, мақсаты мен міндеттері, әдіс-тәсілдері жан-жақты қарастырылған.
Сонымен зерттеу жұмысының нәтижелері бізге мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді:
1. Бүгінгі күні жанұядағы әлеуметтік жағдайдың төмендігіне байланысты тәрбиені жетілдірудің негізгі көзі - мектеп, соның ішінде сынып жетекшілері болуға тиіс;
2. Ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдірудің бірден бір жолы жиналыстарда бала тәрбиесіне сай лекциялар ұйымдастыру керек;
3. Ата-аналар жиналысында оқылатын тақырыптары бастауыш сынып оқушыларының бойындағы тұлғалық қасиеттерге сәйкес алынуы аса мәнді болуы керек;
4. Жанұялық салт – дәстүрлердің оқушылар бойында тұлғалық қасиеттерді дамытудағы тәрбиелік мәнін ашу;
5. Әлеуметтік орта мен жанұяның материалдық жағдайының тәрбиедегі алатын орны және т.б. мәселелер арнайы зерттеуді қажет етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңы. Қазақстан мұғалімі, 1992. 18-қаңтар.
Қазақстан Республикасының этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы. "Егемен Қазақстан", 1996. 7-тамыз.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің тұжырымдамасы. Қазақстан мұғалімі. 1993. 9-сәуір.
Қазақстан Республикасының азаматтарының мінез-құлқын қалыптастыру тұжырымдамасы. "Егемен Қазақстан", 1995.
Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. "Егемен Қазақстан", 1994. 20-тамыз.
Қазақтың тәлімдік ой-пікір онтологиясы. І-том. Қ. Жарықбаев және т.б.- А., 1994.
Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігі. Б.Айтмамбетова және т.б.- А., 1993.
Қоянбаев Ж.Б. Семья және балалар мен жетекшілер тәрбиесі.- А., 1990.
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р. Педагогика.- А., 1998.
Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы. Қазақстан мұғалімі, - А., 1993, ақпан.
Атемова Қ.Т. Оқушылар бойында гумандық қасиеттерді қалыптастырудағы отбасының ролі.- А., 2002. -118 б.
I. Сманов., А.Оңғарбай. Отабасы мен мектептің ынтымақтастығы. Оқу құралы. ІІІымкент. 2005. 60 б.
Құнанбаев А. Қара сөздері.- А., 1993. - 91 б.
Айтмамбетова Б., Бозжанова К. және т.б. Балаларды семьяда адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері.- А., 1985.
Әбенбаев С.Ш. Сынып жетекшісі.- А., Дарын, 2004.
Әбенбасв С.Ш. Тәрбие теориясы және әдістемесі.- А., Дарын, 2004.
Әбдіразақов Е. Адамгершілік, имандылық тәрбиесі. ІІІымкент. 1994.
Афанасьева Т.М. Семья. (жоғарғы класс оқушыларына арналған оқулық).- А., 1985.
Сейталиев К.Б. Тәрбие теориясы. А., 1986.
Рувинский Л.И. Тәрбие гуманизациясы. (мамандыққа кіріспе кітабынан)- А., 1991.
Өтешева Х.А. Оқушыларды халық педагогикасы негізінде тәрбиелеу. А., 1994. 135 б.
Төлеубекова Р. Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика.- А., 1994. 135 б.
Төлеубекова Р. Адамгершілік тәрбиесінің негіздері. -А., 1991.
Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. - А., 1982.
Гребенников И.В. Основы семейной жизни. -М., 1991.
Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім - тәрбиесі. - А., 1995.
Нұрғалиева Г, Артықбаева Е, Ахметова Г, Тілеуова С. Кәсіптік білім негіздері. -А., 2002ж
Майғаронова. Мектеп оқушыларын рухани дамыту мәселелері. -А, 2002ж
Қалиев С. Оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың теориялық негіздері. -А. 2002ж
Қосымшалар.
Сабақтың тақырыбы: Жеке тұлғаны қалыптастыру.
Міндеті: Ұлттық және адамзаттық құндылық.
Мақсаты: Ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға жағдай жасау.
- Білім беру бағдарламаларын меңгерту, жеке адамның шығармашылық, рухани, дене мүмкіндіктерін дамыту.
- Адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру.
- Балалардың жеке басының дамуына шығармашылық еңбегіне, рухани жеке тұлға болып қалыптасуына, олардың қабілеттерін іске асыруына, қоғам өміріне бейімделуіне, азаматтық сана-сезімінің, жалпы мәдениетінің, салауатты өмір салтының қалыптасуына жағдай жасау.
Жеке тұлғаны қалыптастыруда өз ұлтының мәдениетін тани білу мақсатында оқыту және тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
- Қазақ халқының ұлттық мәдениетін, оның салт-дәстүрін, қазіргі замандағы бала тәрбиесі және оқыту, үйрету, баланың ең алдымен мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
- Өз ұлтының сипатын тани білуге үйрету, баланың жан дүниесін тәрбиелеу. Қуана білу, қуанышқа ортақтаса білу - қайырымдылық белгісі. Реніш немесе жылау, оның себебін түсіне білу - сабырлылық белгісі, яғни ойлана білу.
Балалардың ішкі жан дүниесінің рухани баюын қамтамасыз ету, тәрбиелеу. Жаман, жиіркенішті нәрседен өзін тежей білу - табандылық, төзімділік белгісі. Өз ішкі сезімін қажетсіз нәрседен шектей білу баланың ой түйсігінің жақсы жақтарын дамытып, жақсылыққа ынталандырады. Осындай рухани мәдениетті азаматты тәрбиелеу үшін мынандай оқыту әдістерін ұсынар едім:
- ұлттық тәжірибелер мен тағылымдардан туған бай қазына, өшпес өнеге, тәрбие өрнектері, ертегілер, жырлар, аңыздар, жұмбақ - жаңылтпаштар, ұлттық салт-дәстүрлер, рәсімдер, үлгі-өнегелер халықтың құнды мұрасы – тәлім-тәрбиенің баға жетпес қайнар көзі.
Бастауыш сыныптарда ертегі, аңыз, әңгіме оқытудың маңызы зор. Баланы қызықтырады, ал көбінесе қаншама қиыншылықты көрсе де, оны қалай жеңіп шығатын ақыл-айлалы, алпауыт батырларды, халық ерлігін қызықты баяндайды. Баланы оқи отырып, тыңдай білуге үйретеді. Қиялын дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді, тілін ширатып, жан-дүниесін, мінез-құлқын қалыптастырады. Дарын нышандарын өрнектейді. Мысалы, екінші сыныптағы Ана тілінен "Күй құдіреті" деген тақырыптағы аңыз-әңгіме сабағына тоқталайын:
Мақсаты: Аңыз әңгіменің мазмұнын түсіндіру арқылы шәкірттердің ой-өрісін кеңейтіп, мәнерлеп, сауатты оқуға жаттықтыру.
Тәрбиелік мәні: Баланы сұлулықты, әсемдікті көре, түсіне білуге, армандай білуге, ойлана білуге, басқа адамның ой-арманын түсіне білуге дағдыландыру.
Ұлы ғалым әл-Фарабидің кім екенін таныстыру. Аңыз - әңгімеден ғалымның тапқырлығы мен кішіпейілдігін, күй құдіретін түсіндіру. Ол күйдің құдіретін жеткізген аспап, күй - саз аспабы домбыра екенін ашып түсіндіру. Домбыраның сурет салу арқылы балалардың өз халқының өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, аспаптың ерекшелігін түсіндіру, тыңдау және сезіне білу қабілетін дамыту, қалыптастыру.
Көрнекілігі: әл - Фарабидің суреті, домбыра, домбыраның суреті, "Құс қанаты" оюының суреті.
Типі: Жаңа білімді меңгерту.
Әдісі: Репродуктивті әдіс, зерттеу әдісі.
Сөздік жұмысы:
Құдірет - кіш, қасиет.
Қыпшақ - ру аты.
Сезіну: Күлу - қуаныш, шаттық; қамығу - реніш, күйініш.
Барысы: Аңыз - әңгіменің мазмұнын түсіндіру. Әл - фарабидің кім екенін түсіндіру. Ұлттық аспап - домбырамен таныстыру.
Әр ұлттың өз күй-саз әуені сол ұлттың өз тілінде ұлттық аспабы арқылы орындалады. Қазақ халқының ұлттық аспабы - домбыра. Домбыраның ерекшелігі басқа ұлттардың аспаптарына ұқсай бермейді. Оның құрылысы мынадай: қос ішек, перне, шанақ, тиек, құлағы болады.
Домбырадағы өрнек "Құс қанаты" деп аталады.
- Балалар, домбырадан күй тыңдап көрелік. Тыңдап болған соң:
- Сендер қандай әсер алдыңдар?
- Балалардың жауабы:
1 - оқушы: Мен жайлауды елестеттім. Жайлауда жүргендей қуандым.
2 - оқушы: Ал мен құстардың ұшқанын елестеттім. Қуандым.
Міне, балалар, бұл - күй құдіреті. Күй бізді қуантты, әрі армандауға үйретті. Бұл - ортақ қуаныш, қайырымдылық. Жүрегімізге жылу, қуаныш әкелді. Сабақ соңында балалар ерекше ынтамен домбыраның суретін салды. "Құс қанаты" өрнегін орналастырды.
Қорытынды: Балалардың алған әсерін зерттеу, білімін бекіту, сұрақ -жауап арқылы тиянақтау.
Сабақ барысында зерттеу әдісін пайдаланамыз, яғни шығармашылық тапсырманы өз бетінше шешіп, сабақ мақсатына жетті.
Екінші сыныпта өткізілген "Шәркей" атты ашық сабағыма тоқаталайын.
Тақырыбы: Шәркей. І.Жансүгіров.
Мақсаты: Балаларды ұлттық өнермен таныстыру, балалардың бойына сіңіру. "Шәркей" әңгімесімен таныстыру. Балалардың тілін дамыту.
Алдын ала жұмыс: Тақырыптық альбомдармен, шәркей басуға қажетті құралдармен таныстыру: Тулақ, сабау, жүн, ши, арқан, ұршық, қайшы, жүннен ширатылған жіп.
Тәрбиелік мәні: Балаларды еңбек сүйгіштікке, ұлттық өнерді құрметтеп, бағалай білуге, ысырапсыз еңбек ете білуге үйрету, тәрбиелеу.
Сабақтың кіріспе бөлімі: Оқушылар жұмбақ - жаңылтпаштар айтудан бастап, "Дала көркі - мал" деген кітапшадан үзінділер оқиды.
Сабақтың негізгі бөлімі: Әңгіменің мазмұнын түсіндіру және орындау жұмысы ата-ана ісіне ұласты.
Шәутеннің шәркейі тозып, марқасын қырықты. Ол жүнді тулаққа салап сабады. Ауылдың әжелері мен апалары жиналды.
Шеге тартты Шабақтап, су сеуіп сүйретеді Шиге орады Біліктеді Қарпыды, кептірді, пісірді Пішті Жүнді шүйкелеп иірді Сырып ұзатарды Шәутеннің шәркейі дайын болды.
Сабақ барысында қазақтың қай өнері болмасын, материалды қалдықсыз қолдануы анық көрінді. Оны балалар өз көздерімен көрді. Киіз басудың өзі бірнеше адамдардың қатысуымен болатынын көріп түсінді.
Балаларды көп ұлтты ортада ұлттық мәдениетті оқыту мен тәрбиелеуде ойындардың маңызы өте зор.
Мақсаты: Ұлттық - дидактикалық ойындарды пайдалана отырып, оқушының оқу-тәрбие икемділігі мен машығы дағдысын қалыптастыру.
- Ойын арқылы баланы қызықтыра отырып, білімді берік меңгерту, баланың денсаулығын нығайтып, халықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін білу дағдыларын дамыта түсу.
- Оқушыларды пайдалы еңбекке, мәдениетті сөйлеуге, тапқырлыққа, ептілік пен күштілікке, бірлесіп қызмет атқаруға, төзімділікке тәрбиелей отырып оқыту.
Міндеті:
- Қазақ халқының ұлттық ойындарын пайдалану.
- Ұлттық дидактикалық ойындардың шартын орындау.
- Ойынға жұмыла кірісіп ойнау.
- Ойын тәртібін сақтай отырып, адал ойнау.
- Ойын барысында баланың ептілігін, тапқырлығын, икемділігін жақсы білу.
Ұлттық - дидактикалық ойындардың оқыту мен тәрбиеде алатын орны ерекше. Математика сабағында балалардың ойлау қабілетін арттыру мақсатында ұлттық - дидактикалық ойынды пайдаланамын. "Ретін тап" ойынын алайық.
Мазмұны: Балалар қағаздан жасалған оюлы сандық ішінен өрнектелген дөңгелектерге бірден онға дейін сандардың ретін тауып орналастырады.
Мақсаты: Бала пішіні табақшаға ұқсайтын дөңгелек геометриялық денедегі бірден онға дейін сандарды тани біліп, оны ретімен тез орналастыруға машықтандыру.
Екінші ойын "Керуен".
Мақсаты: Балалардың ойлау шапшаңдығын қалыптастыру. Зеректігін, байқағыштығын арттыру.
Мазмұны: Тізбектелген түйенің қатарын "керуен" деп түсінеміз. Әр түйеде қосу және азайту амалына арналған тапсырмалар мен жауаптары жазылады.
"Соңғы түйенің жүгі ауыр" деген мақалды пайдалана отырып, соңғы бала күрделірек тапсырманы орындап шығады.
Ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарынан - "Бәйге" ойыны. Балаларды батылдыққа, шапшаңдыққа, петілікке тәрбиелеу. Міне, осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Қазақтың ұлттық ойындарының сан қырлы тәрбиелік мэні бар. Қимыл-қозғалыс ойындарының барысында балалардың денсаулығын нығайту, жүріс-тұрысын түзеу, ептілік, табандылық, шапшаңдық, сабырлылыққа тәрбиелеу көзделеді.
Әр ойынға қажетті құралдар мен заттардың өз орнымен, ережесімен пайдалануы, оның ұлттық нышаны үнемі белгі беріп тұруы керек. Мысалы, "Бәйге" ойынына қажетті құралдар мен заттар: ұл балалар басына шүберек тағады. Қолдарында қамшысы бар. Ойын алдында ойын ережесі түсіндіріліп, балалардың сол ереже тәртібін орындауларын талап етеді. Қамшы не үшін қажет екені түсіндіріледі. Бәйгеден кім озып келеді, сол бала жүлде иесі екені ескертіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |