Бастауыш сынып



Pdf көрінісі
бет17/54
Дата04.05.2023
өлшемі0,69 Mb.
#176089
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54
Байланысты:
Оқу-техникасына-арналған-мәтіндер
1, ҚМЖ Математика мамыр (2), Мақала Қаныбек Нұрлыайым
 
- 29 - 
 
 
 
АЗАМАТ 
Азамат қара жіп пен ине тауып алып, шолақ шалбарының 
жыртылған жерін тігіп келді. Тігілген жерді Балқадиша көріп: 
- Әкел, жөндеп тігіп берейін. Қолдан келгенше адамдар бір-біріне 
қолғабыс етулері керек, - деді. 
Нұржан аула сыпырғанда, Азамат қаз-үйрекке жем шашып, су 
құйып, жеміс-жидек ағаштары мен гүлдерді суғарды.
Ертеңіне әжесі де жетті. Азамат әжесіне Балқадиша мен 
Қалқаман ағайдың жақсы адамдар екенін айтып еді, әжесі: 
- Жақсы азамат бола бастаған, қарағым, сен өзің екенсің. Еңбек ел 
құрметіне бөлейді. Еріншек адам әрдайым көпшіліктің сыйлауынан, 
алғысынан құр алақан қалады. Балам, шама-шарқыңа қарай 
үйренгенің өзіңе жақсы, - деді. 
Р.Әбдіқадырова 
(91 сөз) 
ТҮЛКІНІ АЛДАҒАН ҚАЗ 
 
Түлкі жайылып жүрген бір қазды ұстап алады. Оны біраз 
мазақтайын деп ойлайды. Қазды алдыңғы екі аяғымен басып тұрады 
да, мұртынан күліп: 
- Е, қаз, сенің қолыңа мен түссем, не істер едің? - деп сұрайды. 
Қаз сәл ойланып тұрып: 
- Сені тісіммен тістеп тұрып, екі аяғымды кеудеме қоямын да, 
көзімді жұмып: «Құдай, бергеніңе шүкір!» деп жеп қояр едім, - дейді. 
- Мынауың дұрыс екен. Мен де сені өзің айтқандай етіп жейін, - 
дейді түлкі. 
Ол қазды тістеп , алдыңғы екі аяғын қусырып, көзін жұмып: 
- Е, құдай! –дей бергенде, қаз қанатын қағып-қағып ұша жөнеледі. 
Түлкі аузын ашып, шоңқиып қала береді.
(92 сөз) 


 
- 30 - 
 
 
 
 
 
 
 
ТҮЛКІ МЕН ТҮЙЕ 
 
Түлкі тоғайда түйені көреді. Денесі ойқы-шойқы, олпы-солпы 
екен. Осыдан бірдеңе түсіп қалар деп алыстан аңдып жүреді. 
Бір күні түйе өзеннің арғы жағына өтеді. Оны бақылап тұрған 
түлкі: 
-
Уа, түйе, су терең бе екен? – деп сұрайды. 
-
Терең емес, тізеден ғана. 
-
Тізеден ғана болса, таяз екен, - деп түлкі суға түседі де, арғы 
жағаға қарай жүре бастайды. Әрі қарай жүрген сайын батып, 
қылғынып бара жатады. Сол кезде түлкі түйеге айғай салады: 
-
Тізеден дегенің қане, мен батып барам ғой! 
-
Е, сенің тізең мен менің тізем бірдей ме? «Әлін білмеген әлек» 
деген осы, - дейді түйе. 
(92 сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет