Бастауыш сынып



Pdf көрінісі
бет19/54
Дата04.05.2023
өлшемі0,69 Mb.
#176089
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   54
Байланысты:
Оқу-техникасына-арналған-мәтіндер
1, ҚМЖ Математика мамыр (2), Мақала Қаныбек Нұрлыайым
 
 
 
 
 
 
 


 
- 32 - 
 
 
ТҮЛКІ МЕН ЕШКІ 
 
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда терең апанға түсіп 
кетеді. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп апанға кез 
болады. Түлкіні көреді. 
-
Ей, түлкі батыр, онда не істеп тұрсың? – дейді. 
-
Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі шөлдеп, әрі 
ыстықтан өліп едім. Апанның іші салқын, түбінде тұп-тұнық суы бар 
екен, - депті. 
Мұны естіген ешкі: «Мен де салқындайын әрі су ішейін», -деп 
ойлап, секіріп апанға түседі. Ал түлкі секіріп ешкінің үстіне шығады. 
Онан мүйізіне шығады. Онан ырғып далаға шығып, жөніне кетеді. 
«Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген нақыл сөз 
осыдан қалыпты. 
(95 сөз) 
 
 
 
 
 
 
 
НАУРЫЗ КӨЖЕ 
(аңыз) 
Баяғы заманда Қазақ деген қарттың Алаш, Наурыз деген екі 
ұлы болады. Алаштың балалары ер жетсе де, Наурыздың баласы 
болмайды. Наурыз қартаяды, өлерінде алаштың балаларын шақырып 
алып, өсиет айтады: «Менің артымда бала қалмады. Сондықтан мені 
ұмытпай айтып жүру үшін жылына жыл басында бір қазан ас құдайы 
беріңіздер. Оны «Наурыз келді», «Наурыз көже» деп атасаңдар
менің атым жойылмас депті. 
Алаштың балалары Наурызды еске сақтау үшін әрбір жыл басында, 
жер жаңарғанда, тоғызыншы-жиырма екінші наурыз аралығында 
садақа көжесін беретін болыпты. 
Міне, осы күнге дейін Мұсылмандар көктемде «Наурыз 
келді» деп, наурыз көже ішетін болыпты. Әлі де Наурызды 
ұрпақтары ұмытпай келеді.
(96 сөз) 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет