Бастауыш сынып



Pdf көрінісі
бет33/54
Дата04.05.2023
өлшемі0,69 Mb.
#176089
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   54
Байланысты:
Оқу-техникасына-арналған-мәтіндер
1, ҚМЖ Математика мамыр (2), Мақала Қаныбек Нұрлыайым
 
ТАЛАПТЫҢ ПАЙДАСЫ 
Орыстың патшасы Петр Великий деген кісінің бір күні шіркеуде 
тұрғауда, көп адамның артқы жағында үңіліп патшаға қарап
бөркімен қалқалап қана бір нәрсені сызып тұрған балаға көзі түседі. 
Мұнымен бөтен кісінің ісі жоқ. Жалғыз-ақ Петр оған көзінің қырын 
салып тұрады. Шіркеуден шығарда жұрт екі жарылып, Петрге жол 
беріпті. Сонда Петр тұп-тура манағы балаға барыпты. Бала сызумен 
алданып тұрып, тіпті Петрдің келгенін байқамай да қалыпты... Сонда 
жұмсақ шыраймен Петр оған: 
-
Не қылып тұрсың?- деп сұрапты. 
-
Сіздің суретіңізді басып алайын деп едім. 
-
Оны не қыласың? 
-
Даңқтысыз, дабылыңыз жер жүзіне жайылған кісісіз ғой, 
суретіңізді сызып алмақшы едім.Қане, көрсетші сызғаныңды. 
Сол уақытқа дейін қорықпай жауап беріп тұрған бала сызғаныңды 
көрсет дегенде қысылайын депті. Сөйтсе де сызған қағазын әдеппен 
пПтрдің қолына беріпті.
Солай да болса, ұлы Петр баланың талаптылығын, зеректігін 
аңғарып, оқуға кіргізіпті. Ақырында, сол бала бүтін орыс жұртына 
даңқы шыққан суретші болыпты.
(139 сөз) 
ТЕМІРҚАЗЫҚ 


 
- 51 - 
Темірқазық – аспанның солтүстік жиегіне орналасқан, кіші аю 
шоқ жұлдызындағы ең жарық жұлдыз. Бүкіл жұлдыздардың ішінде 
тұрған орнынан ауып кетпегендіктен ол осылай аталған. 
Қазақ халқы қараңғы түнде адасып кетпеу үшін Темірқазыққа 
қарап бағытын анықтап отырған. Ал қалғын жұлдыздардың барлығы 
таңға дейін өздерінің орындарынан жылжып, біреуі жоғары 
көтерілсе, енді біреулері төмен түсіп батып кетеді екен. 
Темірқазыққа жақын орналасқын екі жұлдыз бар. Олар түнімен 
Темрқазықты төңіректеп кетпейді. Халық бұл жұлдыздарды Ақ боз 
ат пен Көк боз ат деп атаған. 
Аңыз бойынша Ақ боз ат пен Көк боз ат темір қазыққа 
арқандалып байланған. Олар түнімен қазықты айнала оттап
жайылып жүреді екен. Зер сала қараған жанға екеуінің шұбатылған 
арқандары көрінеді делінген. 
Жеті қарақшы осы Ақ боз ат пен Көк боз атты ұрлап кетпек 
болып Темірқазық маңайын үнемі торуылдап жататын көрінеді. 
Ұрылардың ойы – осы аттарды қалайда қолға түсіру. Ал таң 
атысымен Жеті қарақшы көзден тайып, тасаланады. 
(140 сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет