- 48 -
Жан-жағыма мен кенет,
Қарап едім,
Не көрдім?
Балалар: - Тас,гүл, шөп, қарағай, өзен, көл,... т.б.
Ойын бастаушы:
- Айтшы, Мұрат,
Жаңылма,
Не көрдім мен тағы да?
Мұрат:
-Аспан,құз, күн,шырша...
Ойын бастаушы:
- Бәрекелді,
Мұратжан,
Сүрінбедің сынақтан.
Мен тағы не көрдім,
Нақты жауап берер кім?
(128 сөз)
БАҚША АҒАШТАРЫ
Жаздың бір әдемі күнінде, таңертең бір бақшашы баласымен
бақшаға барып, жеміс ағаштарын көріп жүрді. Баласы әкесінен:
-
Әке, мынау ағаш неге түп-түзу, ал мынау ағаш неге қисық? –
деп сұрапты. Әкесі:
-
Оның себебі, балам, анау ағашты күткен, суарған,
қисық
бұтақтарын кесіп тастап, ертелі-кеш тәрбиелеген.
Сондықтан ол
ағаш түп-түзу болып, жақсы өскен. Ал мынау ағашты күтуші
болмаған, өз бетімен өскен, тәрбиелемеген.
Сондықтан ол қисық
болып өскен, - депті.
-
Олай болса, бағу, тәрбиелеуде көп мағына бар екен ғой, әке?
– депті баласы.
-
Бағу, тәрбиелеуде көп мағына барында шек жоқ, шырағым.
Мұнан көп ғибрат. Сен шыбық сияқтысың. Саған да тәрбие керек.
Мен сенің қате істеріңді түзеп,
жақсы ақыл айтсам, сен менің
айтқанымды ұғып,
орнына келтірсең, жақсы болып өсерсің. Ал
айтқан ақылды құлағыңа алмасаң,
бетіңмен кетсең, тәрбиеге
көнбесең, мынау
ағаш сияқты қисқ болып өсерсің, - депті әкесі.
(131 сөз)