Бастауыш сыныпта ќазаќ тіліндегі туынды тїбірлердіѕ ќўрылымы



бет12/13
Дата14.02.2022
өлшемі261,5 Kb.
#131715
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Дип.-Сөздің-морфологиялық-құрылымы

Қорытынды
Бұл жұмыста туынды түбірлердің морфемалық және құрылымы анықталып, олардың жасалу жолдарына, қазіргі жай күйіне тоқталдық. Жұмыс барысында көркем әдебиеттен жиналған мысалдардағы туынды түбір сөздердің сөзжасамдық құрылымын ажыратып, олардың түбір морфемаларының түр-түріне талдау жасалынды. Түбір морфемалардың табиғатына түпкі түбір немесе өлі түбірге, негізгі түбір мен туынды түбірлерге анықтамалар беріліп, мысалдармен түсіндіруге әрекет жасалынды. Көне ескерткіштер тіліндегі түбір морфемалар мен қазіргі түбір морфемалар салыстырылды. Түпкі тілдерінің ертедегі дәуірлерінде түбір морфемалар бір буынды (ГС, СГС түрінде) болып келсе, бұл жағдай қазір де онша өзгере қоймаған, бірақ, қазіргі түбір морфема деп жүрген сөздеріміздің көпшілігі бұрынғы түрінен күрделенгенін байқауға болады. Оның себебі тілдің даму тарихында бір буынды түбір сөздерге түрлі қосымшалар жалғану барысында ол қосымшалар түбірмен сіңісіп, бір бүтін тұлға болып қалыптасып кеткен. Сөйтіп олардың құрамын этимологиялық жолмен болмаса ажырату мүмкін болмайтындай жағдайға жеткен. Мұндай түбір сөздерді А.Ибатов түпкі түбір, Ә.Қайдаров өлі түбір, А.Салқынбай түпкі түбір деп атап жүр. Сондай-ақ жұмыста негізгі түбір морфемалардың сөздің негізімен ұқсастығы, айырмашылығы және туынды түбірлердің жасалуы мен мағыналары сөз болды.
Жұмыста талданатын негізгі мәселенің бірі қосымшалар. Қосымшалардың түр-түрлері айтылып, ғалымдардың пікірлері қоса берілді. Туынды түбір жасайтын сөзжасам қосымшаларының құрылымы мен мағыналары ажыратылып берілді. Көне дәуірлерде бір буынды, бір дыбысты, бір буынды екі дыбысты, бір буынды үш дыбысты қосымшалар көбірек қолданылған және екі, үш, төрт жұрнақты түрлері де кездеседі. Мысалы, көзлүларінға - көз-лү-лар-ін-ға; қылмышларынға - қыл-мыш-лар-ын-ға; білімсіз - біл-ім-сіз; ұйқышыл - ү_й-қы-шыл т.б.
Жұмыста туынды түбірлердің сөзжасамдық құрылымы мен морфемалық құрылымы ажыратылып көрсетілді. Мәселен, сөздің морфемалық құрылымын айтсақ, онда тек түбір морфема мен қосымшалар морфемасын, қосымшаларды жұрнақ, жалғау деп аталатын түрлерін айтсақ, сөзжасамдық құрылымды талдағанда тек туынды түбірлерді ғана сөз етеміз. Туынды түбірлер тек сөзжасам қосымшаларымен ғана жасалады. Бұл орайда, А.Ибатовтың "Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігін" пайдаландық. Сөздікте он төрт мыңға тарта туынды түбірлер берілген. Біз осылардың ішінен есім негізді және етістік негізді туынды түбір сын есімдерді алып қарастырдық. Есім негізгі сын есімдер сөздікте мол екен, және олардың көпшілігінің ең өнімді -лы, -лі; -сыз, -сіз: -ды, -ді; -ты, -ті сөзжасам қосымшаларымен жасалғаны байқалды. Қорыта келгенде, тіліміздің мол лексикалық қабаты сөзжасам тәсілдері арқылы жасалып қалыптасады. Жаңа сөз жасауда синтетикалық тәсілі ең өнімді тәсілдің бірі болып саналады. Сөздің морфеманың құрылымы мен сөзжасамдық құрылымы үдсас болғанмен елеулі айырмашылықтары бар. Морфемалық құрылымда түбір мен қосымша туралы сөз болса, сөзжасамдық құрылымда тек туынды сөздер ғана айтылады. Атап айтқанда, туынды түбірлердің құрылымы: түбір морфема мен сөзжасамдық жұрнақтар табиғаты түсіндірілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет