Қацтан су ішіп шыққан тұсаулы түйеніц ізі сияқты.(¥.Мүс). Шығанақтың бүгінгі күні егісті алқапты аралаумен өтті. (Ғ.Мүс).
Сегіз дыбысты туынды негіз сын есімдер:
СГСГ + С + СГС жама-у-сыз, сұра-м-паз СГС + ГС + СГС біл-ім-сіз
Біз жоғарыда тіліміздегі туынды негіз сын есімдердің құрамына талдау жасадық. Талдаудың нәтижесінде туынды негіз сын есімдердің негізгі дені бір жұрнақты сөздерден тұратынына көз жеткіздік. Ал, екі жұрнақты туынды негіздер сиректеу. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегідей төрт, бес жұрнақты туынды негіз сын есімдер жоқтың қасы.
Ал, енді туынды негіз сын есімдердің көркем әдебиетте кездескен үлгілерінен қарастырып көрейік. Көркем әдебиеттегі туынды негіз сын есімдер көбінесе бір жұрнақты болып келеді. Оны мына мысалдардан көруге болады. Мысалы:
1. -лы, -лі қосымшасы арқылы жасалған туынды негіз сын есімдер. (есім негізді).
Кейде жылқыны кеудесінен тірей қалатын қарлы оянға, кейде сырғақ жонға шығып кеткенін аңғарды. (Ғ.Мүс). Сондықтан, Жұмабек қалталы баттен қалжың түрінде де қағыса алмады. (Ғ.Мүс). Қалалы жерде тамақты сатып жеу ұят емес. (CM.). Щербаков тәжірбиелі адам. Ол манағы мыс артып алған түйелі кіренін артында келе жатыр еді. (Ғ.Мүс).
Қазіргі түркі тілдеріндегі -лы, -лі аффикстері арқылы жаңа сөз тудыру, яғни туынды сын есімдер жасаудың ең өнімді тәсілі болып табылады. (Томанов, 1992, 120-6). Әсіресе есім негізді туынды сын есімдерге ең өнімді жұрнақ -лы, -лі екеніне оңай көз жеткізуге болады.
2. -ды, -ді, -ты, -ті мысалы, Байжан мен Жұманның аталары ғгайынды еді. Желді күнде, көл бетінде, толқын мен бір батып, бір шығып, жағаға қарай шірік томар қалқып келе жататын. Одан гөрі сауатты адамымыз жоқ екені рас. (Ғ.Мүс). Ауқатты адамнан бір жігіт іліксейші. (С.М.). Банк бастығы Дуплов алақандарын уқалап, үмітті байларға жылмаң қаға бастады. 3. -сыз, -сіз мысалы, Бірақ бүгін бір сәтсіз күн болу керек. (Ғ.Мүс).
Ғылымсыз адам өле-өлгенше бала екен. Арты әлдеқайда келе жатцан
жаяулар далада қыбыр-қыбыр етеді. (Ғ.Мүс).
Рақымсыз, көзсіз соқыр қара күштің уысына түсе ме ? (С.М.).
4. -лық, -лік мысалы, Амантай тобы қолдан келген қаруын даярлап
шама-шарқына әскерлік өнерін үйретіп жүріп жатты. Сондықтан қала
маңайыныңтопографиялық схемасын жасауға, бекініс жерлерді дәл
көрсетуге оның көмегі тиді. (С.М.).
Бұл қарастырып отырған жұрнақтарымыз есім негізді туынды сын есім жасайтын ең өнімді жұрнақтар. Көркем әдебиетте кездесетін туынды түбір сын есімдердің негізгі дені осы жұрнақтар арқылы жасалады. Есім негізді сын есімдер құрылымы бір жұрнақты үш дыбысты сөзден бастап тоғыз, он дыбысты болып келе береді.
Сөздердің құрамындағы дыбыстардың саны әр түрлі болып қалыптасқан. Ал сөз тудырушы жұрнақтар өнімді және өнімсіз болып екіге бөлінген. Өнімсіз жұрнақтарға: -и, -паз, -қор, қой.
Көркем әдебиетте өте көп кездесетін өнімді жұрнақтарға -га, -сыз, /сіз/ есім сөздерден болымсыздық мағына білдіретін туынды сын есім жасайтын жұрнақтар да жатады. Осы қосымша арқылы туатын сын есімнің мағынасы жоғарыдағы /-лы, -ты, -ды/ формасы тіркесінен жасалатын сын есімнің мазмұнына қарама-қарсы, демек, заттың жоқтығын білдіретін сын есім/сысыз, ақылсыз/жасайды. (Ысқақов, 1974, 173).
Қорыта келгенде, сөз құрамындағы тұлғалар туынды түбірлерде күрделенген. Әсіресе түбір сөздер деп жүргеніміздің көпшілігі этимологиялық жақтан зерттелінсе, түбір және қосымшаға бөлініп кететіні, ондағы түбірлерді бүгінгі танда өлі түбір немесе түпкі түбір деп айтатыны белгілі.