Бағдарлама бойынша оқу арқылы оқушылар келесілерге қол жеткізеді: - ұлттық жəне əлемдік мəдениетінің көркем өнер шығармаларын, ондағы берілген идеялар мен құндылықтарды зерттеу жəне талдау;
- өз жұмысын ұйымдастыра білу: мақсатын анықтау, жұмыс кезеңдерін айқындау, қажетті құралдарды табу, өз жұмысының нəтижесін бақылау жəне бағалай алу;
- көлемді жəне жазықтықтағы көркем жұмыстарды шығармашылық тұрғысынан жасау үшін алынған білім мен дағдыларды қолданады;
- зерттеу, эксперимент жүргізу барысында əртүрлі ресурс түрлерін, оның ішінде АКТ құралдарын қолдана білу;
- шығармашылық өнімді жасау үшін материалдар мен құралдарды дербес жəне сенімді қолдану, материал қасиеті мен жұмыс нəтижесінің ерекшелігі арасындағы байланысты түсіну;
- алған тəжірибесінің негізінде өнердегі түрлі техникалар мен тəсілдерді дербес қолдану;
- өз идеясы мен жұмысына қатысты түсініктеме беру жəне конструктивті ұсыныс қабылдау;
- əртүрлі жағдаяттарда тиімді жəне бірегей шешім таба білу;
- əртүрлі материалдарды жəне құралдарды қолдануда қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын түйсіну жəне түсіну.
Шығармашылық процесс шексіз. Идеяларды зерттеу және дамыту, құру және орындау, қайта қарастыру, талдау және бағалау шығармашылық процестің кез келген кезеңінде жүзеге асады. Оқушылар практикалық жұмыс арқылы идеяларды зерттей алады. Идеялар оларды жасау мен орындау кезеңінде дамиды.
Тұтас бөлімде, жеке сабақтар кезінде де тұрақты іске асып отыратын, жалғасатын процесс, әсіресе, шолу, талдау және бағалау болып табылады. Жекелеген оқушылардың ойлары мен пікірлерін талқылау барысында жазылып алуы мүмкін. Мұғалім, қажет жағдайда, барлық орындалған жұмыстарға, сондай-ақ ресми/бейресми көрме түрінде барлық жұмыстарға шолу жасау және таныстыру үшін оқушыларға қосымша уақыт бөледі.
Оқушылардың нәтижелерін жақсарту үшін жаңа идеялармен тәжірибелер жүргізу, оларды дамыту, түрлі әдістерді қолдану үшін мұғалім тарапынан икемділік қажет. Өздерінің өткен бөлімдер бойынша жасаған жұмыстарын жылдың басынан тоқсанның соңына дейін шолу жасау мүмкіндігі бар оқушылар игерген процестерді, әдістер мен материалдарды өз жұмыстарын жетілдіру үшін пайдалана алады. «Көркем еңбек» пәні бойынша білім беру бағдарламасының идеяларын басшылыққа ала отырып, оқушылар өнердің кең ауқымын бағалауда өз дағдыларын жетілдіріп, адамдардың құндылықтарын, қарым-қатынастары мен арман-қиялдарын бейнелеу өнері арқылы бейнелеуге болатыны туралы түсініктерін кеңейтеді. Олар өздерінің көркемдік дағдыларын дамытып, шығармашылық шешімдерге жетелейтін өнер туындыларын жасауға қажетті мүмкіндіктерін арттырып, өздерінің көркем туындыларын дүниеге әкелуді жоспарлай білу қабілетін жетілдіретін болады. «Көркем еңбек» пәні үшін кез - келген ықпал ету оқушылардың уәжін қолдауға, олардың білімі мен дағдыларының дамуына, өзін-өзі бағалау қабілетіне, оқу үдерісі мен нәтижесін дамыту үдерісіне сындарлы әрі сергек түрде ықпал ету маңызды болмақ.
Аталмыш пәннің мәні баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру.Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асырып, пайдаға асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі — «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған.
Пайдаланылған әдебиеттер: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, екінші басылым, Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015 жыл.
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы, екінші басылым, Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015 жыл.