қ, ғ, а, о, ұ, ы жуан дауысты дыбыстармен жазылады.
ұ-бірінші буында жазылады, келесі буында ы жазылады.
3. Жазылған сөздерге сұрақ қойып, буынға бөлдірдім.
4. Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы ережені қайталап, «Қай сөз артық?» деген ойын ойнаттым.
5. Балалардың жауаптарын тыңдай келе, «қызыл» деген сөз артық екенін (басқа сөздер заттың қимылы), ол сөздің заттың түрі екенін, қандай? деген сұраққа жауап беретінін анықтадық.
6. «Алма» деген сөзді тақаға жазып, оның дәмі, түрі, түсі, сапасы қандай болатынын сұрап, тақтаға жазып тұрдым.
Алма қандай?
Ащы
Қышқыл дәмі
қызыл
сары
жасыл түрі-түсі
шілік сапасы
7. Сұрақ-жауап:
Қандай? деген сұраққа жауап беретін сөз нені білдіреді? Балалар сызба бойынша қорытынды жасайды.
Оқулықтан ережені оқыту. Заттың сыны деген сөз дәлірек айтқанда, заттың түрі-түсі дегенді білдіреді.
9. Таблица бойынша қандай? қай? сұрақтарына жауап беретін сөзді таблица бойынша пысықтау.
10. Төмендегі жұмбақтан заттың сынын білдіретін сөзді тапқызу.
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып келген тоны бар.
Денсаулықтың жақсы болуы, ең алдымен тазалыққа байланысты екенін айта келе, төмендегі мақалдың мағынасын, қандай? сұрағына жауап беретін сөзді тапқызу.
Ыдыс таза болса ас дәмді.
11.Карточкада заттың атын, қимылын, сынын білдіретін сөздер жазылған. Ол сөздерді өз үйлеріне қателестірмей, дұрыс орналастыру мақсаты қойылады. (Үйлер киіз үй сияқты үлгіде жасалған).
12. Қорытындылау.
Қандай? сұрағына жауап беретін сөздер нені білдіреді. Мысал келтір.
13. Оқушылардың білімі бағаланып, үйге тапсырма берілді.
Грамматика және тіл дамыту
Грамматиканы оқытудың ғылыми негіздері.
Грамматиканы оқып үйренуде тілдің сан қилы сырларына қанығамыз. Тілдің түрлі құбылыстары тіл ғылымның әр саласында қарастырылады. Мәселен, тілдегі сөздер, олардың барлық жиынтығы – лексикология саласында, тілдің дыбыстық жүйесі фонетика саласында, сөздердің формалары морфология, ал сөз тіркестері мен сөйлем синтаксис саласында қарастырылады. Қазақ тілі әдістемесі қазақ тілін зерттейтін тіл ғылымы деректеріне сүйенді. Сондықтан тілдің әдістемесі тіл ғылымымен, ғылыми грамматикамен тығыз байланысты.
Оқушылар бастауыш сыныпта грамматика жөнінде қарапайым ғана мағлұматтар алады. Әрине бұл мағлұматтар ғылыми жағынан толық дәлелденген деректер.
Мектепке келумен байланысты бастауыш сынып оқушылары грамматиканы жүйелі түрде оқып үйренуге кіріседі, қазақ тілінің әдеби нормасымен таныса бастайды.
Бұл жұмыстарды ұйымдастыру барысында осы жастағы балалардың дүнитаным ерекшеліктерін де естен шығаруға болмайды. Мысала 1) Грамматикада берілетін түсініктер балалар ұғымына сай келе қоймайды. «Зат, сын, қимыл» т.с.с.с. сөздер олар үшін дерексіз (абстракты) болады. Сондықтан ондай ұғымдарды әлсін-әлсін нақтылап түсіндіріп отырғанда ғана оқушылар ол сөздердің мағынасын меңгере бастайды. Немесе бастауыш сынып оқушыларына «ұйықтау, қайғыру, ойлау» сияқты сөздерді етістіктер деп түсіндіру де оңайға түспейді.
2) Бастауыш сынып балалары сөздердің тек жақты лексикалық мағынасын қабылдайды, ал оның грамматикалық мағынасын мүлде елемейді. Ал грамматикада сөздердің ең әуелі грамматикалық мағынасы ескеріледі.
Грамматикалық мағына грамматикалық формалар арқылы беріледі. Сөздің грамматикалық мағынасы мен грамматикалық формасы бір-бірімен тығыз байланысты, бірлікте болады, Мысалы, жақсылық, адамгершілік деген сөздер заттың сапасын, оған тән белгіні білдіреді. Грамматикалық жағынан алып талдағанда бұл сөздер дерексіз ұғымдарды білдіреді де, зат есімге жатады. Осы сияқты сөздердің өз мағынасы мен грамматикалық мағыналарының арасында кездесетін қайшылықтарды оқыту барысында жойып, бір-біріне нақтылай, саралай, айқындай түсетіндей, әдіс-тәсілдер тауып қолдану қажет. Мұндай әдіс-тәсілдерді және оны қандай жағдайларда, қалайша қолдану жолдарын грамматиканың әдістемесі белгілейді. Мұнда грамматиканың әдістемесі психология ғылымының деректеріне сүйенеді.
2)Сонымен қатар бастауыш сынып оқушылары жазу барысында өздері оқып үйренген ережелерін пайдалана білмейді, олар бір орфографиялық құбылысты екіншісімен шатыстырады. Психологтар бұл фактілерді зерттеу арқылы анықтай отырып, балалардың ақыл-ой әрекетіне үйрету қажеттігі жөнінде мәселе көтеруде. Ақыл-ой әркеті балаларға бір құбылыстан екінші құбылысты ажырата білуге және жалпылай білуге көмектеседі.
Грамматиканың әдістмесі тіл білімі және психология ғылымдарына сүйенумен қатар, педагогика ғылымының принциптерін басшылыққа алады. Совет дидактикасының негізгі принциптері бойынша оқу материалы оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай, ұғымына сай болуы керек.
Тілдің жүйелі түрде оқуға енді ғана кірспе бастаған 7-10 жастағы бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін еске алсақ, бұларды тілге үйрету барысында нақтылау жақтарына көбірек көңіл аудару қажеттігі туады. Мұнда көрнекіліктің орасан зор пайда келтіретіні мәлім. Сондықтан дидактикалық көрнекілік принципі негізінде көрнекі құрал іріктеледі.
Дидактика талабының бірі оқытудың саналылығы, яғни оқушылардың сабаққа саналы түрде қарауы, материалды саналы меңгеруі болып табылады. Бұл үшін мұғалім грамматиканы оқыту барысында балаларды қызықтырып, өзін тартып, өз ойының барысын байқауға, бақылауға, салысытруға, бірі мен екіншісінің арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табуға, қорытынды жасауға, жалпылауға үйретуі тиіс.
Оқытудың міндеті жаңа тақырыпты түсіндіруді қамтамасыз етіп қою ғана емес, сонымен қатар негізгі фактілерді, анықтамаларды, ережелерді балалардың есінде берік сақтап, тұрақтандыру дағдыларын қалыптастыру болып саналады. Егер оқушы тілдің қандай болмасын бір құбылысына немесе жазу заңдылықтарына түсінбесе, онда, ол сол (сәтте) мәселеге арналған анықтаманы не ережені (тіпті болмаса терминді) жаттап оқуға мәжбүр болады.
Дидактика талабы тұрғысынан алғанда оқушыларға тіл үйретуге олардың зейінін қою, есте сақтау, ойлау белсенділігін тудыратын әдістемелік әдіс-тәсілдердің тиімділігі көрсетіледі. Оқушы тек мұғалімнің айтқанын немесе оқулықтағы дайын материалды ғана меңгеріп қоймауы керек, сонымен қатар өз күшімен, өздігінен бақылау арқылы қорытынды ереже шығара алмайтындай, берілген тапсырмаларды өз бетімен орындайтындай болу тиіс.
Дидактиканы күрделі бір шарты – мектептегі оқытудың жүйелілігі мен сабақтастығы, заттар мен құбылыстардың ішінде, солармен байланысты, сабақтас түрде қарастырған жөн.
Грамматика мен емле сабақтары үшін іріктеліп алынатын материалдар оқушыларға тәрбие беру жағынан да маңызды, бағалы болуға тиіс.Ал сабақ жүргізу процесіде қолданылатын әдістемелік әдіс-тәсілдер тақырыпты оқушылар жақсы түсіну үшін жағдай жасап қана қоймайды, оған сәйкес, балалардың жан-жақты дамуына да әсер ететіндей болғаны жөн. Біліктілік пен дағды әрдайым жаттықтыру жұмыстарын талап етеді, мұғалім балардың алдарына белгілі бір мақсат қойып, соған жету жолдарын қарастырады; күрделі жұмысарды бөлшектей отырып, қандай да болмасын бір әрекетті орындаудың тәсілдерін көрсетеді. Балалар мұғалімнің тапсырмасын орындау барысында оның айтқан, көрсеткен тәсілдерін біліктілікпен қолдауға үйретеді, дағдылана түседі.
Грамматикамен жазудың әдістемесінде қазіргі кезде мектепте сабақ беріп жүрген озат мұғалімдердің білікті қолданған әдіс тәсілдері де ескеріледі. Мектепте үлгермеушілікке қарсы күрес күрес барысында көптеген мұғалімдер тиімді әдістемелік жүйе жасады. Бірқатар мұғалімдер қазақ тілін үйрету саласында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Міне, сондай жұмыс нәтижелері әдістемені дамытуға қосқан үлес болып табылды да, грамматика мен емле әдістемесін жоғары сатыға көтере түседі.
Грамматика сабақтарының мақсаты мен міндеті.
Бастауыш мекептерде оқытылатын қазақ тілі пәнінің басты бөлімінің бірі - гармматика. Грамматика сабақтары оқушыларға тілдің грамматикалық құрылысын меңгерту, грамматикалық заңдылықтарды білгізу мүддесіне бағындырылады. Өйткені, оқушылардың жалпы білімі, ой-өрісін, сауаттылығын, тіл мәдениті арттыруда, грамматиканы жүйелі оқытудың маңызы ерекше болып табылады.
Жалпы білім беретін бастауыш мектептердегі грамматика курсының алға қоятын ең басты мақсаты – оқушыларға ана тілінің заңдылықтарын, грамматикалық құрылу ерекшеліктерін білгізу, оның байланыстарын меңгерту болып табылады. Әрине, бұл мақсат толығымен бастауыш мектепте орындала қоймайды. Оның өрісі кең, жоғары сыныптарда да, жоғары оқу орындарының арнаулы факультеттерінде оқылады.
Балалар бастауыш сыныптарға ана тілінің негізгі нормасын меңгереді. Грамматика курсы балаларды тілдік құбылыстарды бақылай алуға, талдауға, салыстыруға, топтасуға, жүйелеуге, қорытынды жасауға, дәлелдуге дағдыландырады.
Оқушылар бұл курсты оқу барысында бірқатар грамматикалық мағлұмат алады: фонетика саласынан дыбыс пен әріпті, дауысты, дуыссыздарды, буынды, тасымалды ажыратады және оқуға, жазуға үйренеді; дұрыс, саналы, мәнерлеп, шапшаң оқуға, сауатты жазуға дағдыланады. Морфология саласынан сөздердің жасалуы, морфологиялық құрылысын, сөз таптары мен олардың негізгі формаларын айыра алады. Синтаксистен сөздердің арасындағы байланыстарды, жай сөйлемдерді ажыратып, өздері де сөйлем құрастырады.
Бағдарламаның «түсінік хатында» грамматика мен жазу сабақтарының міндеті мен жалпы әдістемелік прициптері белгіленген. Бағдарламаны талдап қарағанда бастауыш сыптардағы қазақ тілінің бастапқы курсы өзінің қысқалылығына, қарапайымдылығына қарамастан, келесі сыныптарда грамматикалық мағлұматтарды және сөйлеу біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыратын материалдарды, сондай-ақ орфография және пунктуация бойынша оқушылардың біліктілігі мен дағдысын дамытатындай материалдарды қамтитындығы байқалады.
Грамматикалық матриалдарды пайдалану жайында.
Граматикалық материалдар мен оқушыларды таныстыру барысында балалар әрбір жаңа материалдың негізі, басты ой түйінін ұғына алатындай болу керек. Ол үшін алдымен тақырыпқа «зат сім», «сын есім», т.б.с.с. бөлінеді, ал зат есімнің өзі «жалқы есім», «жалпы есім» және жекеше, көпше т.б. болып бөлінеді. Бұл тақырып, тақырыпшалардың әрқайсысының неліктен бұлай аталуының мәнінің себебі бар. Оқушылар әрбір тақырыпшалардың мәні, тақырыпшалардағы абзацтың мәнін аңғартып, сол әрбір абзацтағы айтылған мәселелердің негізгі ойдық тақырыпты құрастырып тұрғанын айыра алатындай болу керек. Олай болса, әрбір материалды пайдалану соның басты белгілері, яғни берілген ұғымның мазмұнын қандай белгілер құрастырып тұр, сол тілдің құбылыстың табиғатын неден көрінетінін, басқа құбылыстардан қалай ерекшленеді - осылар ашық көрсетілуі тиіс.
Мысалы, «зат есім» ұғымының мазмұнын алу үшін «есім» деген сөздің өзінің мағынасы, ал зат есім деген затқа қойылған ат, яғни заттың атын білдіретін сөздер екені айтып түсіндіріледі. «Зат есім», «сын есім», «сан есім» деп аталатын сөздердің неліктен есімдер тобына жататыны, олардың өзара ұқсас, ортақ белгілері, басқа сөзтаптарынан айырмашылығы т.б. балаларға ұғындырылады. Грамматикалық ережелердің көпшілігі оқулықтар да анықтама ретінде беріледі. («Заттың сынын білдіретін сөздерді сын есім дейміз», « сөздің өзгермейтін бөлшегін түбір дейміз» т.б.). Оқушыларға осы сияқты анықтамалардың әрқайсысын сол анықтама күйінде жаттатпай, оларды талдап таратып, түсідірге жөн. Мысалы, сыныптағы бір оқушыға: - сенің атың кім? – Менің атым – Қайрат... – ал «атың» дегенді сол сияқты басқа қандай сөзбен айтуға болар еді?
Есімің кім? деуге болады.
Иә, сенің есімің кім? Деп сұрауға да болады.
Міне, сонда зат есім дегеніміз «заттың аты» деген ұғым екен – ал енді бізді қоршаған мына дүниеде, айналада қандай заттар бар? Әуелі, осы сыныпта қадай заттар бар, солардың аттарын атайық? – мынау – парта , мынау-терезе, мынау - тақта т.б.
-Ал енді далаға қараңдар. Онда қадай заттар көрінеді? Аттарын атаңдар!
- Машина, ағаш, үйлер т.б.
- Ал далада, өрісте, нелер жайылып жүр?
- Мал жайылып жүр. –Олардың аттары қалай?
- Сиыр, түйе, қой, жылқы т.б.
- Жерде жыбырлап жүретін жәндіктердің аттары қалай? – құрт, құмырсқа, жылан, қоңыз т.б.
- Ал ұшып жүретін нелер?
- Олардың қандай түрлері болды? Аттарын атаңдар...
Осылайша жан-жануарлардың, өзен-көлдендің..., музыкалық аспаптардың т.б.с.с. айналадағы заттар мен құбылыстардың аттары балалардың өздеріне айтқызылады (қиналған жерінде мұғалім көмектеседі).
Сөйтіп, мұғалім балаларға осы заттар мен құбылыстардың атын білдіреті сөздерді зат есім деп атайтынын ұғындырады. Оларға тағы да мысал келтіріп, ондағы зат есім сөздерді тапқызып, оның неге зат есім болып тұрғаны дәлелдетіледі.
Грамматикадағы анықтама - ережелердің негізгі белгілері мындай:
1.Әрбір анықтаманың ішінде оның термині болады (мысалы, жоғарыдағы анықтамаларда сын есім, түбір терминдері).
2.Әрбір анықтамада сол ұғымның өзіне тән басты белгісі көрсетіледі. Бұл басты, негізгі белгі арқылы ол ұғым басқа ұғымдардан ерекшеленеді (мысалы, сын есімде сынын, түбірде сөздің өзгермейті бөлшегін т.б.).
3.Кейбір анықтамаларда әрбір түсіндірілетін ұғымның қандай топқа жататыны көрсетіледі (мысалы, сынын білдіретін сөз табын сын есім, түбір сөзге жалғанатындарды қосымша дейміз т.с.с.).
4.Анықтамаларда әрбір категорияның негізгі мағыналарынан басқа формалық белгілері де көрсетіледі. ( мысалы, зат есімнің көпше түрін жасау үшін оның түбіріне –лар, -пар, -дар, -дер, -тар, -тер жалғаулары жалғанады т.б.). Мұндай формалық белгілері көрсететін түсіндірмелер анықтамалардан кейін беріледі. Әсіресе бастауыш сыныптарға арналған оқулықтарда көпшілігіне негізгі мағыналары мен сұрақтары басты белгілері ретінде көрсетіледі.
Формалық белгілерді жинақтап, топтап, синтездеп сол котегорияның басқалардан семантикалық, морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктерін көрсету үшін пайдалану керек. Кейде тіпті анықтамаларда айтылмаған белгілердің өзі жаттығу барысында байқатуға тура келеді. Мысалы, кітапта: «аяқталмаған ойды білдіретін сөздер тобын сөйлем дейміз» деген анықтама берілген. Бұл-сөйлемнің мағыналық қана белгісі. Ал баcқа белгілері (сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысты болады. Әр сөйлемнің аяқталғанын дауыс ырғағынан байқауға болады, әр сөйлемен кейін тыныс белгісі қойылады т.с.с) анықтамада көрсетілмейді. Бірақ оқушылар cөйлемдермен танысу, оларды талдау барысында сөйлемнің қалған (айтылмаған) белгілерін де мұғалімнің көмегімен меңгереді. Олар сөйлемдегі сөздердің бастауыш пе баяндауыштың маңына топталатынын, сондай-ақ сұраулы, хабарлы, лепті сөйлемдерде белгілі бір дауыс ырғағы болатынын біледі.
Ендеше, сөйлем туралы түсінікті қорытындылау барысында оқушылардың көңілін тек анықтамада көрсетілген белгіге ғана аударып қою жеткіліксіз, сонымен қатар сөйлем жөнінде олардың алған мағлұматтарын топтық жинақтап, нақтылау бала ұғымының айқындала түсуіне мүмкіндік береді.
Әрбір анықтаманы оқушылар саналы меңгеру үшін мұғалім:
1.Оқушылардың грамматика оқулықтарына ғана мысал келтіріп қоюменен қанағаттанбай, өз ойынан немесе «Ана тілінен», оқыған кітаптарынан ойланып, мысал айтуын талап етеді.
2.Анықтама өтілгеннен кейін дайын мәтін береді де, соның ішінде анықтама бойынша қажетті сөзді немесе тіркестерін тапқызады. Кейде баланың өзі ойлап тапқан мысалдарын талдату арқылы да пікірлерін дәлелдетуді талап етуге болады.
3.Анықтама бойынша берілге ұғымның негізгі белгілерін санап көруді ұсынады.
4.Анықтама мен ережелерді дәл, анық, толық айтуға үйретеді. (мысалы, ІІІ – сыныпта «заттың атын білдіретін сөз табын зат есім дейміз» деп, зат есімнің сөз табы екендігіне назар аудартады).
Сондықтан, сонымен қорыта келгенде, балалардың терминдерді (бастауыш, баяндауыш, зат есім, сөз табы т.б.) дұрыс айтып, анықтамаларды дәл, анық, толық (жоғарыдағы талап бойынша) тұжырымдауларымен де қанағаттанып қоюға болмайды. Әрбір анықтама бойынша, олар өз беттерімен мысал келтіре алумен қатар, грамматикалық тапсырмамен берілген мазмұндама, шығарма жаза алатындай мүмкіндікке жете алғанда ғана оны меңгереді деп есептеуге болады. Бірақ, сөз жоқ, бұл талаптың барлығы бірді-екілі сабақта орындалуы тиіс деген ұғым тумауы тиіс. Бұл ұзақ жаттығулардың, біреше сабақ бойынша өткізілетін жүйелі жұмыстардың нәтижесінде ғана қалыптасады.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1.Ысқақов А. , Қазіргі қазақ тілі, Морфология, А, 1974 ж, 174-199 б.
2.Мұсабаев Ғ., Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары, А, 1951ж, 34-35 б.
3. Шәкенов Ж., Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясы А, 1961 ж, 22-28, 55-65 б.
4. Төлеуов Ә.,Қазақ тіліндегі есім категорясы А, 1969 ж, 8-12 б.
5. ә) Қазақ тіліндегі есім сөздерінің жасалуы, А, 1973 ж, 66-68 б.
6. б) Сөз таптары, А, 1982 ж, 45-54 б.
7. Әбуханов Ғ, Қазақ тілі (лексика, фонетика, морфология, син-т А, 1982, 107-115 б.).
8. Кәтембаева Б, Нұрғалиева М, Морфологияны оқыту методикасы, А, 1975 ж, 64-80 б.
9. Исаев С, Бектұров Ш, «Сөйлемді грамматикалық талдаудың тәсілдері, А, 1985 ж, 30-34 б.
10. Әлімханов Д, Маманов Ы, Қазақ тілін оқыту методиасы, А,1965,150-156 б.
11. Ұйықбаев И, Әлімжанов Д, Кәтембаева Б, Ошқаров А, Қазақ тілі методикасының мәселелері. А, 1969 ж, 141-164 б.
12. Мұсабаева Ф. Сын есім, оның қолданылуы. А, 1977 ж, 44-51 б.
13. Исабаев С.И. Тұлғалы қатыстық сын есімдер және сөз тіркесін құраудағы оның ролі. А, 1965 ж.
14.С.Рахматова «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» А, 2003 ж.
15. Б.Құлмағамбетова, А Исанова, М.Исанғарина, М.Көккөзова, Р.Құрманғалиева, П.Айтжанова Қазақ тілін оқыту әдістемесі А, 2000 ж.
16. Жапбарова А, Әділбекова Ж Қазақ тілі сабақтарындағы жаттығу мен талдау жұмыстарының әдістемесі А, 2002 ж.
17. Көшекбаева Н. Оқыту теориясы. А, 1976 ;7
18. Алдамұратов Ә. Оқушылардың грамматикалық ұғымдарды меңгеру психологиясы, А, 1983 ж.
19. Ушинский К.Д. Балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнінде таңдамалы пікірлері А, 1961 ж.
20. Рахметова С. Кіші жастағы оқушылардың тілін дамыту, А ,1978 ж.
21. К.Аханов. тіл бойынша кіріспе. А, 1994 ж.
22. бейсенбаева А.А. «Пәнаралық байланыс негізінде оқу үрдісі ұйымдастыру. А., 1995ж.
23.Ы.Алтынсаринның таңдалмалы педагогикалық мұралары. Құрастырушылар С.Қалиев т.б. А. 1991ж. 200б
24. Қазақстан мектебі. №1 2005ж
Сілтемелер:
1.Г.Уәйісова «Бастауыш сыныптарда морфологиялық ұғымдарды оқыту А -1994 ж, 3-8 б.
2. А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» (морфология) А -1991 ж, 166-190 б.
3. Д.Шайзатова «Қазақ тілі әдебиеті» 2004 ж, №4 «Сын есімнің мағыналық түрлері», 41-52 б.
4. «Бастауыш мектеп» 2005 ж, №7. Н.Сейтова «Сын есім» 51-53 б.
5. «Бастауыш мектеп» 2004 ж, №2. Ж.Мұталипова «Қазақ тілі», 21-24 б.
6. «Бастауыш мектеп» 2005 ж, №5. Б.Жолдығарина «Сын есім» 33-36 б.
7. «Бастауыш мектепте зат есімді оқыту» (2,3-сыныптар) Қ.М.Молдабек, М.Ә.Ермекбаев, Б.А.Нарқұлова, Т.Қ.Молдабекова, Ж.Қ.Серікбаева. «3-сыныпта зат есім мен сын есімді байланыстыра оқыту», Мұрагер -2001 ж, 33-49 б.
8. «Қазақ тілі әдебиеті» 2005 ж №8. Г.Шаяхметқызы, «Сын есімнен өткенді қайталау» 26-35 б.
9. «Мектеп мұғалімі ктіапханасы» Р.Әміров, Ұ.Асылов. А-«Рауан» 1997 ж. «Сын есім туралы өткенді қайталау» 78-81 б.
10. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» А-2003 ж. С.Рахметова. 75-81 б.
Достарыңызбен бөлісу: |