1.2 Қазақ тілінің заңдылықтары мен методикалық принциптері
Методика – метод, гректің metodos деген сөзінен шыққан, қазақша зерттеу жолы деген мағынаны білдіреді.
Қазақ тілі методикасы – ана тілін ұғынудың заңдылықтарын және тіл туралы білімді балаларға үйрету жолдары мен құралдарын зерттейтін педагогикалық ғылым.
Ана тілін ұғыну заңдылықтары тіл табиғатының өзінен және оны ұғыну психологиясынан келіп шығады. Бұдан білім беру жолдарымен құралдары да жағдай жасайды.
Білім беру жолдары мен құралдарына:
1) мақсатты түрде іріктеліп алынған тілдік материал;
2) оқу жұмыстарын ұйымдастыру;
3) оны үйрету әдістері жатады.
Бөбек тілді өзі өмір сүре бастаған ортадан үйренеді, ал олардың мектепте оқуына байланысты сол табиғи процесс одан әрі жалғаса түседі. Сондықтан мектептегі тіл үйрену жұмыстары да үйдегі басталған табиғи процестің заңдылықтарына негізделіп жүргізіледі, ең алдымен тілдің өз табиғатынан жеті заңдылық шығады.
Бірінші заңдылық. Тілді ұғыну барысында адам фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналарды меңгереді.
Балалар ана тілінің фонологиялық мағынасын, әдеби тілдің орфоэпиялық мөлшерін мектепке дейін-ақ меңгере бастайды. Егер бала үйренбеген болса, мектептегі жүргізілетін жұмыстар да қиындай түседі. (мысалы, оқу дағдысын қалыптастыру т.с.с.).
Оқушылар сөздің лексикалық мағынасын да мектепке дейін меңгереді. Олар мектепке оқуға түскеннен кейін мұғалім балалардың лексикалық қорын кеңейту, қолданатын сөздердің мағынасын анықтай түсу сияқты жұмыстарды жүйелі түрде жүргізеді. Ана тілінің грамматикалық мағынасымен де балалар мектепке дейін танысады. Мектептің міндеті оқушыларға ана тілінің сан алуан грамматикалық қатынастары мен көріністерін үйретіп, тіл байлықтарын арттыра түсу.
Грамматикалық мағынаны ұғыну үшін бала жан-жақты, кең ойлай алатындай болу керек. Сондықтан граматтикалық мағынаны ұғыну барысында олар шындықтағы заттар мен құбылыстардың арасындағы қатынастарды түсінеді, ойлауға үйренеді. Міне, осыдан тіл мен ойлаудың тығыз байланысы келіп шығады.
Сөйтіп, тілді ұғыну – ана тілінің фонологиялық, грамматикалық және лексикалық фактілерімен оқушылардың тіл байлығын арттыру. Мұғалім бұл міндетті методикалық құралдарды дұрыс іріктей алғанда ғана ойдағыдай іске асыра алады.
Методологиялық принцип төмендегідей методологиялық ережелерді сақтауды талап етеді:
оқушыларда орфоэпиялық дағды қалыптастыру;
грамматиканы оқыту барысында логикаға үйрету;
қазақ тілі сабақтарын басқа пәндермен байланыстырып, балалардың лексикалық қорын байыту және оларды сөйлеуге үйрету.
Осы ережеге сай, бастауыш мектептерде бағдарламалар жасалады, дидактикалық материалдар іріктеледі және оқыту әдістері белгіленеді.
Екінші заңдылық. Тілді ұғынуы үшін орасан сезімталдық керек. Зерттеушілер мұндай қасиеттің балада тіпті сәби кезінде болатындығын айтып жүр.
Грамматиканы үйрету осы «тілдік сезімталдыққа» сүйеніп, іске асырылады.
Бұл принцип төмендегідей методикалық ережелерді сақтауды талап етеді:
балалардың бұрыннан білетін сөздерін тәртіпке келтіру (мұнда грамматика басты орын алады);
оқушылар өздеріне белгісіз грамматикалық көріністерді бұрыннан таныс көріністермен салыстыра алатындай дидактикалық материал іріктеледі;
тілдік фактілерді жинақтауға негізделген әдістерді кеңінен пайдалану.
Үшінші заңдылық. Фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналармен қатар сөйлеу мәнері, сезімге бөліне сөйлеуді меңгереді.
Мұндағы методикалық принцип: сөйлеу мәнеріне назар аудару.
Бұл принципті іске асыруда мына сияқты ережелер сақталады:
тілдің фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналарын үйрету барысында сезімге бөлене сөйлеу мәнерінің жолдарын түсіндіріп отыру;
ана тілі мен қазақ тілі сабақтарын міндетті түрде байланыстырып отыру;
тілдерін талдағанда көркем тексттердің сезімге әсер ететін бөліктерін таңдап алу.
Достарыңызбен бөлісу: |