Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың маңызы


Бірінші сыныпта сауат ашу мен қазақ тілін оқытудың тиімді әдіс – тәсілдері



бет10/23
Дата21.01.2022
өлшемі467 Kb.
#113043
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Байланысты:
Пернеханқызы Балнұр
титул, Қазақша стандарт, Аятул курси суреси, essenzholova (pdf.io), essenzholova (pdf.io), Аятул курси суреси, аллельді емес гендердің әрекеттесуі, ескерту, КЕШЕН, А.Ж. глосарии, А.Ж.сөж, Жырау, СКЖ 111-81 Нурбеков Рауан Жасанды интеллект көмегімен криптографиялық жүйелердің тұрақтылығын талдау, 2
2. Бірінші сыныпта сауат ашу мен қазақ тілін оқытудың тиімді әдіс – тәсілдері
2.1 Сауат ашу әдістері және сауат ашу кезеңдеріндегі жүргізілетін жұмыстар

ХІХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы прогресшіл педагогтарға ортақ болған өзекті мәселе – бастауыш халық мектебінің оқу мазмұны еді. Қазақ даласында білім таратушы көрнекті педагог Ыбырай Алтынсарин, К.Д.Ушинскидің еңбектеріне сүйеніп, қазақтың бастауыш мектептеріне оқулықтар жазды.[9.27-28].

ХІХ-ХХ ғаысрларда сауат ашу жұмысы буын және тұтас сөз әдісі бойынша жүргізілді. Бұл әдіс түптеп келгенде, жаттауға негізделген, яғни бұл әдіспен оқыту барысында мағынасыз сөздер мен буындар құрғақ жаттатылады. Осының салдарынан балаларды оқуға бір сыпра дағдыландыра тұрғанымен, оқушылардың ақыл-ойын дамытып дүние танымын қалыптастыру мардымды іске асырылмады.

Мектептің негізгі әдісі талдау-жинақтау болып есептеледі. Бұл әдіс әсіресе 30-жылдардан бері совет методистердің зерттеу еңбектерімен бірте-бірте толықтырылып, жетіліп келеді.

Талдау – жинақтау әдісі қалай жүргізіледі?

Сауат ашу кезінде талдау мен жинақтау бір-бірімем тығыз бірлікте, байланыста жүргізіледі: балалар талдау арқылы сөздің қандай буындардан, дыбыстардан тұратынын ажыратса, іле-шала жүргізілетін жинақтау арқылы дыбыстардан буын құрап, буындардан сөз құрап үйренеді. Сөйтіп, дыбыстарды жеке-жеке оқымай, бір-бірімен қосып буын етіп, сөз етіп оқитын болады.

Талдау жинақтауға жаттыққан кезде, мына жағдайларға сүйену керек:

1. Кез келген дыбысты сөз ішінен бөліп алуға сөз ішіндегі айтылуына жақындатып бөліп айтуға болады. (Дауыссыздарды да даралап айтудан қашпау керек).

Мұнда сөз құрамындағы үйретілуге тиісті дыбысы бар буын анық естіліп, ол дыбыстың өзі ерекшеліңкіреп созылып айтылғаны дұрыс. Мысалы: «р» дыбыс үйретілуі қажет болғанда «ара» сөзіндегі «а-ра» буындары «а-арра» делініп, «р» дыбысы ерекшеленіп біраз созылыңқырап айтылады.

2. Дыбыстың артикулияциясын байқату, яғни балаларды сөз құрамындағы үйретілуге тиісті дыбыстың айтылу процесімен таныстыру. Мысалы, мұғалім балалрға «р» дыбысын айтқызып көреді де, ол дыбысты айтуда тілдің қандай жағдайда болатынын байқаңдар дейді. Осы дыбысты қайта-қайта өздері айтып көру арқылы, олар тілдің ұшының дірілдеп тұратынын байқайды. Сонан кейін оқушылардың назарын «р» дыбыс айтқанда тілдің қай жерге жуықтайтынына аударылады. Балалар тілдің ұшының таңдайға жуықтауынан «р» дыбысы шығатынын аңғарады.

Сөйтіп, балаларға дыбыстың айтылуымен қатар, өзін де үйретеді. Бірақ мұнда есте болатын жай тіліміздегі барлық дыбыстың артикуляциясын білу керек деген ұғым тумасқа тиіс. Жоғарыда айтылған тәсілмен тек еріндік және тіс пен тіл қатысы арқылы шығатын дыбыстарды ғана үйретуге болады. Ал, ш,ж,к,в,к,ғ,г,и.й,щ,ц дыбыстардың артикуляциясын аңғару, әрине, қиынға соғар еді. Сондықтан мұғалім дыбысты оқытуға кірісер алдында оны үйретудің тәсілін жан-жақты ойластыруға тиіс.

3. Сөздің аяғындағы немесе басындағы дыбысты түсіріп айтып, балаларға тапқызу. Мысалы, мұғалім «әліппедегі» шоттың суретін көрсетіп, «шо» дейді, де «мен сөзді дұрыс айттым ба?» - деп сұрайды. Балалар «т» дыбысын қосады. Немесе тонның суретін көрсетіп, «он» деп, «т» дыбысын оқушыларға айтқызады. Сөйтіп, суреттегі киімннің аты мен айтылған буын (немесе) сөз құрамындағы дыбыстарды жинақтау арқылы қандай дыбьсты қосу керектігін саналы ұғады.

4. Айтылуына қарай дыбыстарды, жазылуына қарай әріптерді салыстыру. Мысалы, қал-көл, тор-төр, от-өт сияқты сөздер арқылы «о» дыбысы мен «ө» дыбысының айтылуындағы айырмашылық аңғартылады. Сонымен бірге жазылуындағы ұқсастықтықтар мен айырмашылықтарға көңіл бөлінеді. Осылайша, қ-к – ,с-з,ғ-г,а-ә,ы-і дыбыстар да жұпталып, салыстырылып, сөздерді талдау- жинақтау арқылы үйретіледі.

5. Үйретіліп отырған дыбыстың сөздің басында, ортасында, аяғында келетіні де сөздерді талдау және жинақтау барысында ұғындырылады. Мысалы «қ» дыбысын үйрету керек делік. Мұғалім бұл дыбысты балаларға айтқызып, таныстырғаннан кейін қара, ақ, оқушы сияқты сөздерді өзі айтып, буынға, дыбысқа, талданады; «қ» дыбысының қай буында, нешінші буында тұрғаны анықталады қайта жинақтау барысында «қ» дыбысының қай жерде тұрғанына көңіл бөлінеді. Осыдан кейін бұл дыбысқа балалардың өздері сөз ойлап табады.

6. Буынды немесе сөзді есте сақтау арқылы оқу. Бұған, мысалы қала сөзін алайық. Оқушылар оны дыбысқа, буынға ажыратып талдағаннан кейін, жинақтап, кеспе әліппеден құрастырылады; енді оқуға келгенде іркіліп қиналады немесе әр әріпті ежіктеп «қа» … деп айта бастайды. Сол кезде мұғалім: «құрыстырылған сөзіміз қалай еді?» - деген сияқты сұрақтар арқылы бастапқы сөзді еске түсіртеді. «Ол сөзді қалай айтатын едік? (мысалы, қа-ла). Міне, осылайша оқыңдар» - дейді. Оқушылар кеспе әліппеден құрастырған сөзді бірден оқып береді.

7. Дыбыс алмастырып оқу. Мысалы, балалар талдау – жинақтау арқылы «қара» сөзін құрастырып, оқиды делік. Енді бірінші буындағы «а» әріпінің орынына мұғалім «о» әріпін қояды, «қора» деп оқиды.

Сауат ашу тарихында әр түрлі тәсілдер қолданылған. Олардың негізгілері мыналар: 1) әріп теріп оқыту әдісі; 2) буынға бөліп оқыту тәсілі; 3) сөзді оқыту әдісі; 4) дыбысты талдай оқыту әдісі; 5) дыбыстық жинақтау әдісі; 6) дыбыстық талдау-жинақтау әдісі. Дыбыстық талдау-жинақтау әдісінің негізін қалаған-орыстың ұлы педагогі К.Д.Ушинский. Бұл әдіс- сауат ашу жұмысының негізгі мақсатын көздей жасалған.

Бұл әдіс қазіргі мектеп тәжірибесіне Ы.Алтынсарин ашқан мектептер арқылы жеткен.

Дыбыстық талдау- жинақтау әдісі. Бұл әдістің негізі талдаудан және жинақтаудан тұрады. Талдау мен жинақтау әдістерін жеке сөз етуге болғанымен, сауат ашу жұмысында екеуі де қолданылады, бірін-бірі ауыстырып, бірн-бірі толықтырып отырады. Көбіне алдымен талдау, содан кейін жинақтау әдісі қолданылады. Бірақ «әліппе» кезеңіне байланысты жинақтау әдісі бұрын, талдау әдісі аралығында ғана қолданылуы мүмкін. Тек осы әдісті ұштастыру арқылы ғана сауат ашу жұмысын ойдағыдай жүргізуге болатынын мектептер тәжірибесі көрсетуде.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет