Жуан айтылатын сөздер.
Жуан дыбыстылар
|
Жуан сөздер мысалдар:
|
А
О
Ы
Ұ
|
Адам, адамдар, қала, қалалар, бала, балалар сабақ, сабақтар; орман, орақ, орақтар, домбыра, домбыралар, қораз, қоға; қымыз, қырман, сырнай, сызғыш, бұрғы, бұршақ, бұлбұл, бұтақ, құлып, құрылыс, құстар.
|
Жіңішке айтылатын сөздер.
Жіңішке дауыстылар
|
Жіңішке сөздер мысалдар
|
ә
ө
і
ү
е
|
әке, әкелер, әже, әжелер, әдемі, әсем, әскер, бәкі, шәлі, көше, көпір, көлеңке, бөрене, күшік, күміс, күріш, сүзгі, сүлік; мереке, береке, терек, терезе, кеме, кемелер, шеге, шегелер.
|
Бірінші сыныпта «Сөз» тақырыбын оқыту жолдары
Бұл тақырып 1-сыныпта қазақ тілін оқытудың алғашқы лексика-грамматикалық тақырыбы болып табылады. Бұған дейін оқушылар қазақ тілінің фонетикалық жүйесінен бастапқы мағлұматтар алды, яғни сөздің дыбыстық – буындық мағыналары туралы қарапайым практикалық мағлұматтар алатын болады. Алдымен, оқушыларға сөздің адам мен қоғам өміріндегі маңызы туралы қарапайым түсініктер берілуі керек.
Сөз арқылы адамдар өзара сөйлесіп, қарым-қатынас жасайды. Сөз – сөйлеудің ең кішкентай мағыналық бөлшегі. Әрбір сөз өзінше дыбысталады, өзіндік дербес мағынаға ие болады, сөйлемде бір-бірімен бөлек жазылады т.б. сөз туралы деректер берілген соң, оның мынадай практикалық анықтамасы нақты мысалдар арқылы түсіндірілуі тиіс.
Сөз дегеніміз айнала қоршаған заттар мен құбылыстарды және олардың алуан түрлі қимыл, іс-әрекетін, сан-сапасын өзара бір-бірінен ажырату үшін қойылған шартты атау.
Бұл тұжырымнан соң оқушыларға заттың өзін нақты көрсете отырып, әр заттың өзіне тән түр-түсі (ақ, қара, қызыл, сары т.б.), түрлі сапасы (жақсы, жаман, әдемі т.б.), саны (бір, біреу, екі, екеу т.б.) туралы түсінік беріліп, затта оның түсі де, қимылы да, саны да – бәрі де белгілі бір дыбыстармен айналып, әр түрлі мағыналық ұғымдарды білдіретін атауларға ие болатындығы, мұндай атауларды сөз деп атайтындығымыз туралы түсініктер берілуі тиіс.
Бірінші сыныпта «сөз» тақырыбы бойынша зат есім, етістік, сын есім және сан есім сияқты негізгі сөз таптары оқытылды, дәлірек айтқанда, аталған сөз таптары туралы бағдарлама талабына сай алғашқы мағлұматтар беріледі.
Сөз таптары бойынша 1-сыныпта берілген қарапайым грамматикалық мағлұматтарды оқыту процесінде мұғалімнің шеберлігімен қатар оның қазақ тілі теориясын, әсіресе, морфология мен синтаксиске қатысты білім деңгейлерінің жоғары болуы оқу сапасын арттыруда елеулі нәтижеге жеткізбек. Өйткені кіші жастағы оқушыларға мұндай бастапқы берілетін білім негіздері өзінің мазмұны мен көлемі жағынан да, оқыту әдістері мен тәсілдері жағынан да оқу матриалдарының шынайы ғылыми тазалығын әрі мейлінше түсінікті болуын талап етеді. Бірінші сыныпта «сөз» тақырыбын оқытудың аса тиімді бір тәсілі – грамматикалық сұрақтардың қатысымен жұмыс істеу. Ондай жұмыстар сұрақтардың көмегімен сөздің лексикалық мағынасын жете түсінуге бірден-бір мүмкіндік береді. Грамматикалық сұрақтар беру арқылы әр топтағы сөздердің мағыналары анықталады, атап айтсақ, заттың акын, қимыл, іс-әрекетін, әр түрлі сыны мен сапасын және санын білдіретін сөздер айқындалады. Осыған орай оқулықта мынандай анықтамалар берілген: «Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер адамның, жануарлардың және заттардың атын білдіреді: Айсұлу, қоян, кітап. Не істеді? Не қылды? Қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың қимылын, іс-әрекетін білдіреді: оқытады, жазды, жүзді, жүрді, жылтырады. Қандай? Қай? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың сынын, сапасын білдіреді:қызыл, үлкен, таза, жеңіл, биік. Қанша? Неше? Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың санын білдіреді: бес, он, отыз, жүз, екінші т.б.»
Сөз ұғымын түсіндіру 1-сыныпта сөздерді сөйлем ішінде емес, жеке сөз, лексикалық атау ретінде қарастырылады. Өйткені сөйлем құрамына енген сөздер өзінің коммуникативті қызметін атқару үшін алуан түрлі грамматикалық формаларды қабылдап, әр түрлі мағынада қолданылады. Сөздерді түбір күйінде алып, атау тұлғада қарастырылуға қазақ тілінің морфологиялық құрылысы да көмектеседі. Олай дейтініміз қазақ тілі агглютинативтік тілдер қатарына жатады.
Аглютинативтік тілдерде түбір морфема өзінің лексикалық мағынасына өзгерпейтіндігі белгілі. Мысалы: басшы, басшылық, басқарма, бастама, бастық т.б.
Грамматикалық сұрақтардың енгізілуі мұғалімнің сөздерді, оның лексикалық мағынасы тұрғысынан ғана емес, енді грамматикалық категория ретінде қарастырылуына мүмкіндік береді. Грамматикалық сұрақтардың екі түрлі сөз топтары арқылы жасалатыны мұғалімдерге мәлім. Атап айтқанда, қазақ тілінде сұраулы сөздер сұрау есімдіктерді (кім? не? кімдер? нелер? қандай? қанша? неше? қандай? қашан? т.б.) мен сұраулық шылаулар арқылы (ма-ме, ба-бе, па-пе) жасалады.
Аталған фактілерге қарағанда, бірінші сыныпта сөз тақырыбын оқытудың негізгі бір тәсілі сөздерді логикалық топтарға бөліп оқыту екенін байқаймыз.
1.Кім? не? кімдер? нелер? сұарағына жауап беретін сөздерді оқыту туралы.
Аталған сұрақтарға жауап беріп, заттың атын білдіретін сөздердің оқыту мазмұны мынандай бөліктерді қамтиды: 1.Кім?кімдер? сұрағына жауап беретін сөздер; 2.Не? нелер? сұрағына жауап беретін сөздер; 3. Бас әріптен басталып жазылатын сөздер.
Кім? сұрағы қазақ тілінде тек адамға байланысты қойылады. Бұл туралы, әсіресе, орыс тілдер ортасында өскен оқушыларға байымды түсінік керек. Бұл тақырыпта оқытуда, ең алдымен, кім? сұрағына жауап беретін сөздерді анықтап алу керек. Олар:
туысты білдіретін сөздер: ана,апа, әке, әже, шеше, аға, іні, сіңлі, қарындас т.б.
мамандықты білдіретін сөздер: әнші, биші, домбырашы, дәрігер т.б.
адам аттарын білідіретін сөздер: Асқар, Айгүл, Мұрат, Асанқұл т.б.
адамға қатысты айтылатын басқа сөздер: кісі, бала, қыз, дос, құрдас т.б.
Сабақта кім? сұрағына жауап беретін сөдердің мынандай кестелері пайдалануға тиіс:
Кім? сұрағына жауап беретін сөздер.
№
|
Түрлері
|
Мысалдар.
|
1.
|
Адам аттары
|
Асқар, Сәрсен, Айша, Айжан, Асқарұлы, Дүйсенқызы ...
|
2.
|
Туыстықты білдіретін сөздер.
|
Ата, апа, ана, аға, әке, шеше, іні, қарындас, сіңлі, нағашы, жиен, ...
|
3.
|
Мамандықты білдіретін сөздер.
|
Ұшқыш, дәрігер, әнші, ұста, сауыншы, шопан, жұмысшы, мұғалім, ...
|
4.
|
Адамға қатысты әр түрлі сөздер.
|
Кісі, адам, бала, ұл, қыз, дос, жолдас, құрдас, көрші, жолаушы ...
|
Кім? сұрағына жауап беретін сөздер меңгертуде әр алуан логикалық жаттығулар жүргізіледі. Ондай жаттығулардың өтімді бір түрі + жалпылаушы және біріңғай сөздер арқылы мынадай сөйлемдер құрастыру:
Асан, Сәуле, Мұрат – адам аттары (Адам аттары: Асан, Сәуле, Мұрат). Ата, ана, аға – туыстықты білдіретін сөздер (Туыстықты білдіретін сөздер: ата, ана, аға).
Ұшқыш, дәрігер, шопан – мамандықты білдіретін сөздер (Мамандықты білдіретін сөздер: ұшқыш, дәрігер, шопан).
Мұндай сөйлем құрылымдарын жазу барысында ондағы тыныс белгілерін дұрыс қойып отыруды мұғалім тек практкалық жолмен түсіндіріп қана қоймай, тікелей өзі айтып отыру керек.
Не? сұрағына жауап беретін сөздерді үйрету де ол сөздердің өзіндік ерекшеліктерімен тікелей санасу керек болады. Не? сұрағына жауап беретін сөздер адамнан басқа заттардың бәрінде бірдей дәрежеде қойылады. Алайда бұл сұраққа жауап беретін сөздердің мағыналары бірдей емес. Олардың бір тобы жан-жануарлардың атын білдірсе, басқа бір тобы әр түрлі өсімдіктердің аттарын білдіреді, ал кейбір түрлері айнала қоршаған заттар мен адамға қажетті еңбек құралдарының, әр түрлі шаруашылыққа қажетті заттардың аттарын білдіреді. Осыған орай, не? сұрағына жауап беретін сөздерді бірінші типтер мен топтарға бөліп үйрету қажет болады. Атап айтсақ , не? сұрағына жауап беретін сөздер мынандай логикалық топтарға бөлінеді: 1) жануарлар аттары; 2) құс аттары; 3) жәндік аттары; 4) өсімдік аттары; 5) заттың аттары.
Не? сұрағына жауап беретін сөздерді оқытуда мынандай кестелерді қолдану тиімді.
Не? сұрағына жауап беретін сөздер.
№
|
Түрлері
|
Мысалдар.
|
1.
|
Жануарлардың аттары.
|
1)Үй жануарлары: қой, ешкі, сиыр, түйе, жылқы;
2)Жабайы аңдар: түлкі, арыстан, аю, жолбарыс, қоян, қасқыр ...
|
2.
|
Құс аттары
|
1) Үй құстары:үйрек, қаз, тауық, күркетауық ...
2) Жабайы құстар: қарға, ұзақ, сауысқан, лашын, бүркіт, инелік ...
|
3.
|
Жәндіктер
|
Құрт, құмырсқа, ара, қоңыз, шыбын, маса, шегіртке, инелік ...
|
4.
|
Өсімдік аттары
|
Жемістер: алма, алмұрт, шие, жүзім ...
Көкөністер: қауын, қарбыз, қияр, сәбіз ...
Ағаштар: қарағай,қайың, шырша, терек, ...
Шөптер: жалбыз, жусан, бетеге, ...
|
5.
|
Заттың аттары
|
Оқу құралдары: кітап, қалам, қарандаш, ...
Үй жиҺаздары: төсек, шкаф, үстел, орындық ...
Көліктер: автобус, троллейбус, ұшақ ...
Ыдыстар: кесе, шәйнек, қазан, ожау, құман...
Саймандар: балға, балта, шот, қайла. ...
|
Кімдер? нелер? сұрақтары туралы мұғалім ескеретін бір жағдай – ондағы көптік жалғаулар жайлы. Бұл сұрақтардың көптік жалғау формасында келгені туралы оқушыларға айтылмайды. Аталған сұрақтарға жауап беретін сөздер де атау тұлғада келіп, кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер сияқты заттың атын білдіреді. Айырмасы сол – кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың біреу (дара) екендігін көрсетсе, кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың біреу емес, бірнеше екенін білдіреді. Оқушыларға берілетін мағлұмат та осы тұрғыда болуы керек. Кімдер? нелер? сұрақтары арқылы берілетін сөздердің көптік мағынасы бір затпен көп заттардың суреттерін салыстыру немесе ол заттардың өзін нақты көрсету арқылы түсіндіріледі. Жаттығулармен жұмыс істеу барысында адам аттары мен кейбір жалпылауышы сөздерге аталған көптік формада келген сұрақтардың қойылмауы дұрыс. Өйткені адам аттарын кімдер? деп сұрақ қойылса, бұдан жауап беретін сөз бір адамның көптігін көрсетпейді, оның айналасындағы адамдардың көп екенін көрсетеді. Мысалы, «Абайлар қалаға келді» деген сөйлемде Абайлар сөзі қалаға келгендер Абай емес, бірнеше адам екенін көрсетеді.
Бас әріппен жазылатын сөздерді оқыту тақырыбы – оқушылардың жазу мәдениетін арттыруға аса қажетті тақырып. Бас әріппен жазылатын сөздер жеке заттарды ғана білдіретін сөздер болғандықтан, басқа жалпылама сөздерден дараланып, ерекше атау ретінде қолданылады. Қазақ тілінде дәстүр бойынша, адам атттары, жер-су аттары және үй жануарларына қойылған аттар бас әріппен жазылады. Сабақта бұл тақырып бойынша мынандай кестені пайдалануға тиімді.
Бас әріппен жазылатын сөздер.
№
|
Түрлері
|
Мысалдар.
|
1.
|
Кісі аттары
|
Серік, Айжан, Ербол, Болатқызы.
|
2.
|
Жер-су аттары
|
Алматы, Ақмола, Алатау, Балқаш, Сырдария, Сарыарқа
|
3.
|
Үй жануарларының аттары
|
Тайбурыл, Құлагер, Ақтөс, Мойнақ.
|
2.Не істеді? не қылды? қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздерді оқыту туралы.
Мұнандай сұрақтарға жауап беріп, заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді оқыту мазмұны төмендегідей мәліметтер беруді қамтиды: сұрақ мағынасына қарай топтау, үш жаққа жіктелген сөйлемдер, олардың болымды, болымсыз (қарсы мәндігі) түрлері т.б.
Заттың қимыл, іс-әрекетін білдіретін сөздерді сұрақ мағынасына қарай топтаудың біршама өзіндік қиындықтары бар. Өйткені ауызша сөйлеу тәжірибесінде не істеді? Не қылды? қайтті? өзара араластырылып қолдана беріледі. Мысалы: Күшік үрді. Мысық мияулады. Қозы маңырады. Т.б. сияқты сөйлемдерге «Күшік не істеді? Мысық не қылды? Қозы қайтті?» деген әр түрлі сұрақтар қойыла береді. Ауызша сөйлеу тәжірибесінде сұрақтардың мұндай синонимдес қолданылуы көп жағдайда сөз мағынасын бұрмалауға әкеліп соғатыны белгілі. Мәселен, жоғарыдағы сөйлемдерге байланысты «Не істеді» деген сұрақ қойылса, оған жауап беретін «үрді, мияулады, маңырады» сөздерінің ешқандай да жұмысты білдірмейтіні оқушылардың өздері байқай алады.
Не қылды? қайтті сұрақтарына еңбек, жұмыс процесіне қатысты сөздерді жасай алмайтындығы айтылады. Бұл сұрақтарға жауап беретін сөздер заттар мен құбылыстардың әр түрлі қимыл, әрекетін (от жанды, бұлбұл сайрады, жаңбыр жауды т.б.) білдіру үшін қолданылатыны практиалық жолмен, әр түрлі жаттығулар арқылы түсіндірілді.
Не істеді? Не қылды? қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздерді оқытуда үш жаққа жіктеліп қолданылған шағын сөйлемдермен жұмыс істеудің тиімділігін айтып кету керек. Ондай сөйлемдерде заттың қимыл, іс-әрекетін білдіретін сөздер баяндауыш қызметінде жұмсалып, мағыналық жағынан да дербестелінеді, сөйлемдегі ойдың баяндаушысы, негізгі ұйтқысы болады. Екіншіден, аталған сөйлем негіздері оқушыларға күнделікті сөйлеу тәжірибесінде танымал. Сондықтан үш жаққа жіктелген сөйлем құрастыру арқылы ондағы қимыл, іс-әрекеттң білдіретін сөздердің мағынасын түсіндіру де оқушыларға айтарлықтай қиындықтар тудырмаса керек.
3.Қандай? қай? сұрақтарына жауап беретін сөздерді оқыту туралы.
Қандай? қай? сұрақтарына жауап беріп, заттың сынын білдіретін сөздерді оқыту мазмұны олардың түр-түріне қарай топтау, зат есімді анықтау қызметі, қарсы мәнде қолдану жолдары және қай? сұрақтарының ерекшелігі сияқты мағлұматтар қамтиды. Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздерді мағынасына қарай топтау төменгі сияқты кестелер арқылы таныстырылғаны мақұл.
Қандай? сұрағына жауап беретін сөздер.
№
|
Түрлері
|
Мысалдар
|
1.
|
Заттың түр-түсін білдіретін сөздер
|
Ақ, қара, көк, жасыл,қызыл, қоңыр, сары, сұр, ала, шұбар, торы, теңбіл, сарғыш, қызғылт, аппақ, сап-сары т.б.
|
2.
|
Заттың көлемін, мөлшерін білдіретін сөздер
|
Үлкен, кіші, шағын, биік, аласа, жуан, жіңішке, қалың, жұқа, т.б.
|
3.
|
Заттың салмағын, дәмін білдіретін сөздер
|
Ауыр, жеңіл, зілдей, ап-ауыр, жеп-жеңіл, ащы, тұщы, тәтті, қышқыл, жылымшы т.б.
|
4.
|
Заттың түрлі сапасын білдіретін сөздер
|
Жақсы, жаман, тәуір, әдемі, тамаша, нашар, әсем, сәнді, әлді, әлсіз т.б.
|
Қандай? қай? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың атын білдіретін сөзбен қатар тұратыны қарастырылды. Сондықтан қандай? қай? сұрақтарына жауап болатын сөздер заттың атын білдіретін сөздерге байланысты екендігі байқатылады. Алғашқы сабақтарда нақты заттардың түр-түсін, пішінін байқату мақсатында олардың көлемі туралы түсінік беріледі. Мысалы: балаларға таныс заттардың түр-түсін, пішінін, байқату мақсатында мұғалім әр түсті шаралар әкеліп, балаларға үлестіріп, сол шардың түсі, пішіні туралы әңгімелесуге болады. Шардың түсін, пішінін екі шарды салыстыра отырып түсіндіреді. Қызыл шар - көк шар. Үлкен шар – кішкене шар.
Мысалы:
– Мынау қандай қарындаш?
Бұл – қызыл қарандаш
Ал анау қарындаш?
Ол – қара қарындаш
– Қарындаштың қызыл екені немесе қара екені қандай сөздер арқылы түсіндірілген?
Қызыл, қара деген сөздер арқылы айтылған.
Бұдан кейін тақтаға қызыл қарындаш, қара қарындаш деген тіркестер жазылып, олардың байланыс схемалары жасалады:
Қызыл қарындаш
Қара қарындаш
Схема бойынша тіркестігі сөздердің байланысы анықталады. Мұндағы қызыл, қара деген сөздердің заттың сынын білдіретіндігі, бұл сөздердің қандай? деген сұраққа жауап беретіндігі түсіндіріледі.
Бұл тұста мұғалім сын есімнің зат есімді екі түрлі байланыста келіп анықтайтынын ескеру керек, басқаша айтқанда, ол (сын есім) зат есімді алдында тұрып та, соңында тұрып та анықтай алады: 1) қызыл қарындаш; 2)қарындаш қызыл. Біріншісінде сын есім зат есіммен субординативтік байланысқа түссе, екіншісінде предикативтік байланыс жасаған. Осының нәтижесінде аталған екі сөздің өзара байланысынан әрі сөз тіркесі, әрі сөйлем жасалатынын байқаймыз. Бұл мағлұмат оқушыларға, әрине перспективалы тұрғыда үйретілуге тиіс. Сондықтан оқушыларға «қызыл қарындаш» дегенді «бұл сөз тіркесі» деп айтуға болмайды. Ал «Қарындаш қызыл» дегенді сөйлем деп түсіндіруге әбден болады, өйткені бұл кезде оқушылар сөйлем деген ұғымға жақсы түсінеді.
Қандай? сұрағына жауап беретін сөздердің мағынасын түсіндіруге әбден болады. бір назар аударылатын нәрсе – бұл сөздердің көп жағдайда өзара қарсы мәнде қолданылады.
Оқулықта бұдан байланысты бірнеше жаттығу түрлері берілген:
Көп нүктенің орнына қарсы мағынадағы сөздерді тауып жазу:
Үлкен - …. Биік - ….
Ұзын - …. Қалың - ….
2. Қарсы мәндес сөйлемдер құрастыру:
Қар ақ – Көмір қара.
Тау биік – Төбе аласа.
Алма тәтті – Пияз ащы
Жаз ыстық – Қыс суық
Мынау – ұзын ағаш.
Мынау – қысқа ағаш
Мынау – жуан қарындаш
Мынау – жіңішке қарындаш т.б.
Қай? сұрағы туралы. Бұл сұраққа байланысты мұғалімнің есінде болатын нәрсе заттың сынын білдіретін сөздердің бәрі бірдей қай? сұрағына жауап бере бермейді.
Кейбір ғы тұлғалы сын есімдар (соңғы, шеткі, ортаңғы, кешегі т.б.) мен ауызша сөйлеу тәжірибесінде контекс мағынасына бағынған сын есімдер ғана қай? сұрағына жауап береді. Мысалы:
Қай үй?
Шеткі үй.
Қай бала?
Кешегі бала
Қай ат?
Алдыңғы ат.
Қай бөлме?
Төргі бөлме.
Қай? сұағына, негізінде, сілтеу есімдіктері (мына, ана, бұл, сол, осы, ол, мына, бір, ана бір т.б.) жауап береді. Мұндай сілтеу есімдіктері де, сын есім сияқты, зат есімді анықтайды. Екі сұрақтың екеуіне де ортақ мағына затты анықтау. Айырмасы: қай? сұрағына жауап беретін сөздер (сілтеу есімдіктері мен ғы тұлғалы сын есімдер) затты даралап (нақты) анықтаса, қандай сұрағына жауап беретін сөздер затты жалпылап анықтайды. Сол сияқты ауызша сөйлеу тәжірибесінде «Қай алма тәтті? Қандай алма тәтті?» сияқты сұрақтарға «Қызыл алма тәтті» деп те «Мына алма тәтті» деп те жауап бере береді. Сондықтан қай? сұрағы есімдік сұрағы ғана емес, сонымен қатар, сын есім сұрағы ретінде де қолданылады.
Қанша? Неше? Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздерді оқыту туралы.
Заттың сынын білдіретін сөздерді оқыту мазмұны неше? нешінші? сұрақтарына қарай ол сөздерді мағыналық топтарға бөлу, екі таңбалы сөздердің емлесі, санды білдіретін сөздердің заттың атын білдіретін сөздерді анықтау қызметі сияқты мағлұматтарды қамтиды.
Заттың сынын білдіретін сөздер сұрақ түрлеріне қарай әр түрлі мағынада қолданылады. Дәлірек айтқанда, қанша? неше? сұрақтарына жауап беретін сөздер мен нешінші? сұрағына жауап беретін сөздер мағына жағынан басқа-басқа болып айтылады. Бұл жағдайды оқулықта білдірген мынандай жаттығуларды оқушыларға орындатуы барысында айқын байқатуға болады. жаттығу тапсырмасы неше? және нешінші? сұрағына жауап беретін сөздердің мағыналарын салыстыру мақсатын көздейді.
Неше? Нешінші?
Екі үй екінші үй
Бір орын бірінші орын
Үш қабат үшінші қабат
Бірінші сыныптан бастап оқушыларға орфографиялық жазу мәдениетін қалыптастыра берудің үлкен мәні бар, сондықтан заттың санын білдіретін сөздерге қатысты бұл кездерде оқытылатын екі таңбалы сан есімдердің емлесі үйретіледі. Ол үшін сөздер цифр арқылы беріліп, оларды сөзбен дұрыс жазу талап етіледі. Мысалы 15 деп цифрмен берілген сөз екі сөзбен (он бес) жазылып, бір сөз ретінде айтылатыны түсіндіріледі.
Заттың санын білдіретін сөздердің оқыту барысында ондай сөздердің заттың атын білдіретін сөздерді анықтауы туралы айтылу керек. Мүмкін болмаса, сан есімдердің өздігінен дербес айтылмайтыны түсіндірілу керек. заттың санын білдіретін сөздер зат есімді оның алдында тұрып та, соңында келіп те анықтайды. Мысалы:
Бір қалам – Қалам – біреу,
Екі қарандаш – Қарандаш – екеу.
Бес кітап – Кітап – бесеу
Он бір дәптер – Дәптер – он бір.
Бұларды түсіндіру барысында бірінші бағандағы сөз тіркестері мен екінші бағанда берілген сөйлемдер салыстырылады. Салыстыру арқылы сан есімнің қолдануындағы орын тәртібі анықталады. Нақты айтсақ, санды білдіретін сөздерге оны анықтайтын сөзді тіркеу оның мазмұнын өзгертеді. Анықталатын сөздің алдынан келсе, ол сөз тіркесін жасайды; соңынан келсе, ол сөйлем жасайды. Бұл жерде сөйлем жасап, соңғы позицияда қолданылған сан есімнің субстантивтеніп, жинақтаушы мағынада көрінуі, сондықтан оның алдынан сызықша қойылуы оқушыларға практикалық жолмен түсіндірілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |