Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың маңызы



бет21/23
Дата21.01.2022
өлшемі467 Kb.
#113043
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Пернеханқызы Балнұр
титул, Қазақша стандарт, Аятул курси суреси, essenzholova (pdf.io), essenzholova (pdf.io), Аятул курси суреси, аллельді емес гендердің әрекеттесуі, ескерту, КЕШЕН, А.Ж. глосарии, А.Ж.сөж, Жырау, СКЖ 111-81 Нурбеков Рауан Жасанды интеллект көмегімен криптографиялық жүйелердің тұрақтылығын талдау, 2
Экспериментке дейін

«2» - 0 0%

«3» - 6 25%

«4» - 12 48%

«5» - 7 27%

1-кесте


2-кесте
1 «А» сыныбы эксперименттен кейін.

«2» - 0 0%

«3» - 0 0%

«4» - 15 70%

«5» - 10 30%



Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы.
Қорыта келгенде, төменгі сынып шәкірттеріне хат танытып, дұрыс әрі мәнерлі сөйлей білу үлкен дайындықты керек ететінін шығармашылық жұмыстардың бірі. Оқушыларға әріп танытып, сөйлем оқытудың әрі қиын, әрі жауапты екені баршамызға мәлім. Оларды оқытуға үйретудегі негізгі ретінде буындап оқу дыбыс жүйелеріне аналитика – синтетикалық әдіс қолдану. Ол үшін оқушылар әріптермен танысып қана қоймай, дыбысты буынға буынды сөзге жалғай білумен қатар тіліміздегі дыбыстардың бір-бірінен айырмашылығы дауысты, дауыссыз, жуан, жіңішкелігін сапалы түрде салыстырып ажыратуға үйретеміз. Осы салада тәжірибелі мұғалімдер оқушылардың сөздік қоры мен жазу машығын қалыптастыруда әр түрлі әдістер пайдаланып өткенімен байланыстырып отырады.

1-сынып оқушыларына қазақ тілін үйрету барысында балалардың бойында мынадай шеберлік қалыптастыруға тиіс:



  1. Дыбыстарды – орын-орнына қойып сөз құрастыру

  2. Кеспе әліппе әріптерінің сөз құрау және талдау, жазу

  3. Сөздердегі жуандық белгі (ъ) және жіңішкелік белгілердің (ь) айырмашылығын ұғу.

  4. Қандай болмасын тіркесіп келген дыбыстардан құралған сөздерді оқи алу.

  5. Қазақ тілі сабағында сөйлем құрастыра отырып, заттар туралы елеске сүйене отырып, қарапайым логикалық жаттығуларды орындай алу

Қазақ тілі өзіндік дыбыс жүйесі қалыптасқан, мейлінше анық та ашық дыбысталатын дүние жүзіндегі дамыған бай тілдердің қатарына жатады. Ананың ақ сүтімен берілген туған тілдің дыбысы сәбидің өмірге келген алғашқы сәттерінен бастап, оның жан дүниесіне дариды.

Дыбыс деген ұғым оқушыларға сауат ашу кезінен-ақ таныс. Сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбыс деген ұғымды және алфавиттегі барлық әріптерді жеке –жеке танып, дыбыс арқылы буын жасалатынын, буыннан сөз жасалатынын, сөз құрамында бірнеше дыбыс болатынын біледі.

Сауат ашқан соң, оқушылар жеке сөздерді, сөйлемдерді және шағын мәтендерді өз бетінше оқи да, жаза да алатын дағдыға көтеріледі. Оқу жылының екінші жартысынан оқушылардың дыбыс туралы алған білімі одан әрі жетілдіріп дамытылады.

Бірінші сыныпқа арналған «Ана тілі» оқулығында дыбыс пен әріп бір-бірінен ажыратылмай, қатар оқытылады. Әріп дыбыстың жазудағы таңбасы екендігі түсіндіріледі. Бұл тұлғада мұғалім қазақ тіліндегі әрбір дыбыстың жеке-жеке әріптермен таңбаланатынын ескеру керек. Қазақ тілінің мұндай өтімді ерекшелігі дыбыс пен әріпті ажыратпай оқытуға мүмкіндік беретінін, оның оқу мен жазуға аса тиімді екендігі түсіндіріледі.

Дыбыс пен әріп туралы оқулықта сөйлеу органдары, артикуляция туралы мағлұматтар берілмейді, өйткені ондай ұғымдар кіші жастағы оқушылардың түсінуіне ауыр да күрделі. Сондықтан қазақ тілі оқулығында дыбыс пен әріп туралы: «Сөз дыбыстардан құралады. Дыбыстар жазуда әріппен таңбаланады», «Дыбыстарды айтамыз, естиміз. Әріптерді көреміз, жазамыз» деген практикалық анықтама беріледі.


  1. Сауат ашу кезеңінен кейін оқушылардың сөйлемдер мен мәтіндегі сөздерді жүгіртіп тұтас сөзбен оқуға және қатесіз дұрыс жазуға машықтануы барша оқу процесінде жетекші мәнге ие болады. Осыған орай, қазақ тіліндегі әрбір дыбыстың өзіне тән жеке әріптермен таңбаланатын түсіндіру және әрбір әріп арқылы таңбаланға дыбыстарды оқу арқылы естіп, оны бұзбай, дұрыс дыбыстауға дағдыландыру мәселелері баса назар аударуды қажет етеді. Бұл процесс бақылау тәсілі арқылы жүзеге асырылады. Бақылау тәсілін қолдана отырып, әр түрлі жаттығуларды жүргізуге болады. Ондай жаттығулардың аса тиімді бір түрі – сөздегі дыбыстардың орын тәртібін анықтау. Ол үшін жеке сөздерге дыбыстық талдау жасалып, дыбыстар нөмірленіп жазылады.

Оқу мен жазуға үйрету кезеңінде балаларда мынадай дағдылар қалыптасады:

1.Сөзді буындап және тұтас сөздерді дұрыс оқу;

2.Көлемі шағын текстерді саналы түсініп оқу;

3.Айтылуы мен жазылуы бірдей, кейбір сөздерді жазу;

4.Жазған сөздерін тексеріп отыру;

5.Жалаң сөйлем және жайылма сөйлемдерді ажырата білу.

Оқыту мен тәрбие бір-бірімен ажыратуға келмейтін, тұтас бір процесс болғандықтан, оқытудың тәрбиелік мәнінің өзі ақыл-ой тәрбиесіне жатады. Сондай-ақ сауат ашудың бірінші күнінен бастап күнделікті режим, тазалықтың пайдасы оқушының міндеті жөнінде түсінік беру бағытында жүйелі жұмыс жүргізеледі. Балалардың эстетикалық талғамын дамыту ережесі, көркем әңгіме, өлең, оқу, сурет, музыка т.б. арқылы іске асырылады.

Болашақ бастаған істі аяқтап шығу, көздеген игі мақсатына жету, ұқыптылық, уақытты дұрыс пайдалану т.б. мінез құлық сапалары да сауат ашу кезеңінде тәрбиелене бастайды. Оқу мен жазуды үйрету кезеңінде төмендегідей оқу тәрбие жұмысының түрлері жүзеге асады.

1. Оқу сабақтарында, экскурсияларда табиғат құбылыстарын бақылап үйренеді. Жылдың әр маусымындағы өзгерістерді салыстырады, жалпылайды және көктемнің, жаздың, күздің, қыстың белгілері жөнінде қортынды шығарады. Жыл маусымдарына қарай адамдардың бау-бақшадағы, егістіктегі, мал шараусындағы қызметінің өзгерістерін байқайды.

2. Адамдардың тұрмысы мен қызметінде білімінің ролі туралы қарапайым елес қалыптасады. Оқу әрекетінің негізгі ережелерімен танысады, танымдық ойындар ойнайды, жұмбақтар шешеді, тату болу, сәтсіздіктерге күлмеу, оқудағы өздерінің және жолдастарының табыстарына қуану т.с.с. үйренеді.

3. Оқу режимінің негізгі бөлімдерімен танысады. Оқулықтарды оқу жабдықтарын ұқыпты ұстауға дағдыланады. Ертеңгіліктерге қатысады.

4. Қоғам өмірімен танысады. Отан туралы, туған жері, елі, халқы туралы, оның басынан өткен уақиғаларымен бүгінгі жайы және болашағы, салт-дәстүрі туралы түрлі мейрамдар және оларды неге мейрамдайтындымызды тағы басқаны біледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет