2.4 Бірінші сыныпта «Сөйлем» тақырыбын оқыту жолдары
Сөйлем тақырыбын оқыту кіші жастағы балаларға аса қажетті де қиын. Сөйлемнің қыр-сырын жете танымаған оқушы сөйлеуді де, байланыстырып жазуды да біле бермейді. Бұл тақырып алдымен оқушыларға жеке хабарлы сөйлемдерді үлгі арқылы практикалық жолмен үйретуді керек етеді. Бұл тұрғыда, сауат ашу кезінде тапсырылған сөйлем үлгілері еске түсіріледі. Ондай сөйлемдер бастауыш пен баяндауыштан құрылған мынандай жалаң сөйлемдер.
1.Баяндауышы кім? не? кімдер? Нелер? Сұрақтарына жауап беретін зат есімнен жасалған жалаң сөйлемдер:
Мынау - қарындаш. Асқар – оқушы. Әсет - әнші. Сен бишісің. Баяндауышы зат есімнен болған жалаң сөйлемнің бастауыштарын үш жақта келген бұл, мынау, ол, анау деген сілтеу есімдіктерінен және адам аттары мен басқа зат есім болатын сөздерден, сондай-ақ мен, сен, ол, біз, сендер, сіздер, олар сияқты жіктелу есімдіктерінен жасауға болады.
Алалған сөйлем түрін құрастыруды жеңілдету үшін мұғалім тарапынан сұрақтар қойылып, ол сұрақтарға оқушылар жауап қайтару керек, яғни мұғалім диалог тәсілі арқылы ондағы сұраулы сөйлемдерге тікелей жауап болатын хабарлы сөйлемдерді жасатуды да, оларды жеке алып (жаздырып) қарастырады. Мысалы:
- Бұл кім? - Бұл – Асқар.
- Мынау кім? - Бұл – Сәуле.
- Ол не? - Ол – балапан.
- Анау не? - Ол – тауық.
Жауап сөйлемдерден мынандай монолог жасатуға болады:
Бұл – Асқар. Бұл – Сәуле. Ол- балапан. Ол – тауық.
Аталған монологтағы жеке сөйлемдерді оқушылар дәптерлеріне жазады, тыныс белгілерін, бас әріппен жазылған сөйлемдерді тексеріп түсіндіреді. Оқулықтағы «сөйлемнен соң нүкте (.), сұрақ белгісі (?), леп белгісі (!) қойылады». Жазған сөйлемдерін түсініп, белгілі жылдамдықпен оқиды. Оқу барысында сөйлемнің интонациясына баса назар аударады. Атап айтқанда: сұраулы сөйлемді – сұрау интонациясымен, хабарлы сөйлемді – сұрау бұл жерде әдеттегі дауыс ырғағымен емес, одан басқаша етіп, яғни бастауыш пен баяндауыш арасында сызықша қойылатындықтан, ол араға үлкен үзіліс жасап, арнайы интонациямен оқиды. Жасалған дауыс кідірісінің аталған сөйлем түрлерін жасауға аса қажетті екенін мұғалім түсіндіреді. Жазуда сызықша қойылмаса, оқуда дауыс кідірісі жасалмаса, «Бұл Асқар», «ол тауық», сияқты (сөйлем емес) сөз тіркестері пайда болатынын мұғалім практикалық жолмен дәлелдеп түсіндіруі тиіс.
Диалог сұрағына жауап беретін мұндай сөйлем құрылымдарын оқушылар өз тараптарынан көптеп жасап машықтану керек. Оларды дұрыс жазу мен дұрыс оқу техникасын жете меңгеретін дәрежеге дейін өз бетінше жұмыс істеп дағдылануға тиіс.
Бұл тәріздес жалаң сөйлемдерді құрастыруға үйретудің ендігі бір тиімді жолы – ол сөйлемдердің бастауыштарын жіктеу есімдіктерін жасап, зат есімнен болған баяндауыштарын жіктеу есімдіктерінен жасап, баяндауышты үш жаққа жіктеу арқылы сөйлемдер құрастыру.
Қазақ тіліндегі жіктеу есімдіктері: мен, сен, ол, біз, сендер, сіздер, олар – оққушыларға сөйлеу практикасынан-ақ жете таныс. Сондай-ақ жіктік жалғаулардың мағынасы әр жақтың көрсеткіші ретінде де есім баяндауышты оқушының үш жаққа жіктеуіне көмектеседі.
Қысқасы, жіктеу арқылы жалаң сөйлемдер құрастыру кіші жастағы оқушыларға ешқандай қиындық тудырмайды. Жіктеу есімдіктерін қатыстырып, мұндай сөйлем құрастыруда мынандай «Сен кімсің? Ол кім?» (немесе – Асқар кім?) сияқты сұрақтар қою арқылы бірнеше деформацияланған (сөз бөлшегі айтылмаған) грамматикалық жаттығулар мен көп нүкте орнын өздігінен толтыру сияқты жаттығулар жүргізу нәтижесінде «Мен оқушымын», «Сен оқушысың», «Ол - оқушы» тәрізді жалаң сөйлемдер жасауға болады. Бұл сөйлемдер тақтаға, дәптерге жазылады, жазылуы тексеріліп, саналы түрде оқылады.
1-1. Баяндауыштың алдына қандай? сұрағына жауап беретін сөзді қосып айту арқылы жайылма сөйлемдер жасату. Бұл үшін, алдымен, мынандай жалаң сөйлемдер тақтаға және дәптерге жазылады:
Мынау – қарандаш. Анау – қарандаш. Мынау – ат. Анау – ат. Жазылған сөйлемдердегі соңғы сөздердің (қарындаш, ат) асты сызылады. Бұл тұста мұғалім оқушыларға заттың өзін не суретін көрсету арқылы: «Мынау қандай қарындаш? Мынау қандай ат?» сияқты сұрақтар қояды. Көрген заттардың түсіне, басқа сапалы белгілеріне қарай оқушылар: «Мынау – қызыл қарындаш». «Анау – қара қарандаш». «Мынау – асау ат» деген жайылма сөйлемдерді айтып береді.
1-2. Баяндауыш алдына кімнің? сұрағына жауап беретін ілік септігіндегі менің, сенің, оның деген жіктеу есімдіктерін қойып айту арқылы жайылма сөйлемдер жасату.
Бұл жаттығулардың орындалу тәртібі алдыңғы жаттығу сияқты. Ол үшін: «Мынау – дәптерім. Анау - кітабым» сияқты жалаң сөйлемдер алынып, олардағы баяндауыш қызыметін атқарушы сөздердің алдына ілік септігіндегі менің, сенің сияқты жіктеу есімдіктерін қосу арқылы екі сөзден жасалған жалаң сөйлемдердің орнына үш сөзден тұратын:
«Мынау – менің дәптерім. Анау – менің кітабым. Бұл сенің дәптерің. Ол – сенің кітабың.» тәрізді жайылма сөйлемдер құрастырылады. Бұл жерде есте болатын нәрсе сөйлемдердегі сөздерге қосылған ілік септік жалғауы мен тәуелдік жалғаулары оқушыларға түсіндірілмейді. Онсыз-ақ оқушылар сөйлеу тәжірибесінде осындай үш жаққа тәуелденген сөйлем құрылымдарының қолданатынын жақсы біледі.
1-3. Баяндауыш алдына қарастырылған жоғарыда екі сөзді де қосу арқылы жалаң сөйлемдер жасату.
Жоғарығы жаттығулардан кейін оқушылар жайылма (күрделі) сөйлемдер құрастыруға, атап айтқанда, үш сөзден жасалатын жайылма сөйлемдерді жасауға, біршама төселеді. Енді оқушылар өткен жаттығулар негізінде, төрт сөзден жасалған (үш жақта да тәуелденіп айтылатын).
«Мынау- менің қызыл қарындашым. Анау – менің қара қарандашым. Мынау – сенің қызыл қарандашың.», «Мынау – Айгүлдің қызыл қарандашы» сияқты төрт сөзден жасалған жайылма сөйлемдер құрастырылып жазуға машықтанатын болады.
Сөйлемді оқытуға тән нәрсе – ондағы сөздердің өзара байланысын сұрақ қою арқылы анықтау. Сондықтан аталған жалаң және жайылма сөйлемдерді оқыту барысында әрбір сөйлемнің құрамындағы сөздердің бір-бірімен байланысын сұрақ қою арқылы анықтап, олардың байланысына схемесына назар аударылу керек. Мәселен, жоғарыдағы схемелер жасау сөйлемдерге қатысты.
Мынау – менің қызыл қарандаршым.
Байланысты анықтайтын сұрақтар толық және қысқа түрде беріледі.
Толық сұрақтар:
– Бұл кімнің қарындашы?
– Бұл – сенің қарандашың?
Қысқа сұрақтар:
– Кімнің қарандашы?
– Қандай қарандашың?
2.Баяндауышы қандай? сұрағына жауап беретін сын есімнен жасалған жалаң сөйлемдер құрастыру.
Мысалдар: Бөлме таза. Аспан ашық. Оспан тәртіпті. Көше кең. Қар ақ. Көмір қара. Алма қызыл. Әдетте граматикалық талдауға алынған сөйлемдер дауыстап оқылып қана қоймай, сонымен қатар міндетті түрде көрнекі етіліп жазылуды керек етеді. Жазылған сөйлемдерді оқушылар жан-жақты сезініп, еркін қабылдайды: көзімен көреді, оқып құлағымен естиді, жазып, саусақтарымен де сезеді – қысқасы, баланың барлық сезім мүшелері жұмыла жұмыс істейді. Берілген сөйлемдер бойынша жүргізілетін жұмыс алдымен, оларға морфологиялық талдау жасаудан бастауды қажет етеді.
Қайда? Қайдан? сұрақтарын қосу арқылы жайылма сөйлемдер құрастыру.
Қайда? Қайдан? сұрақтарына жауап беретін сөздер қимыл, іс-әрекеттің жасалған мекенін білдіреді. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |